2. Ықтималдыөзара ауыстырымдылық. Бұл әдіс алдыңғы әдіске қарағанда, бұйымды жасауды арзандатады, тұйықтаушы буын өлшемдерінің шақтамаларын кеңдеу қоюға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізі дисперсия қасиеттерін тағайындайтын математикалық статистиканың теориясы. Өлшем тізбегінің тұйықтаушы буынын тәуелсіз кездейсоқ айнымалардың қосындысы болатын, кездейсоқ шама, тізбек буындарының тәуелсіз құраушыларының қосындысы деп аламыз. Тұйықтаушы және құраушы буындардың дисперсиясын байланыстыратын тәуелділіктерді түрлендірген соң, Т шақтамасын әрбір тізбек буындары үшін қателіктердің шашырау диапазонына ώ тең деп қабылдай отырып,
шақтамалар арасындағы қатынасты аламыз:
.
Егер тұйықтаушы буынның және барлық құраушы буындардың қателіктері қалыпты үлестіру заңына бағынатын болса ғана бұл формула әділ болады. Ықтималдылық әдісінде қалыпты үлестіру заңына сәйкес шақтаманың шеткі мәндері өте сирек кездеседі. Барлық бұйымның 99,73% қосқанда шақтама диапазоны +3 ( - орта квадраттық ауытқу, 2 – дисперсия) аралығында өзгеріп отырады, барлық бұйымның 95,4% қосқанда шақтама диапазоны +2 аралығында өзгеріп отырады. Сондықтан, толық өзара ауыстырымдылық әдісіне қарағанда шақтаманы 1,5 есе кемітіп, біз тетіктердің өзара ауыстырымдылығын 95,4% қамтамасыз етеміз. Тетіктердің 4,6% қиюластыруы біріктіру процесіне қатты әсер етпейді, бірақ тетіктерді жасау технологиясын едәуір арзандатады.
Осы әдісті қолдану бірінші әдісті қолданумен салыстырғанда:
- бірінші типтегі есептерді шығаруға, белгілі құрастырушы шақтамалар бойынша енсіз, бірақ ықтималды таратылу диапазоны немесе тұйықтаушы буынның шақтамасын анықтауға;
- екінші типтегі есептерді шығаруға, тұйықтаушы буынның берілген шақтамасы бойынша, технологиялылық жағынан орындауға оңай құрастырушы буындардың шақтамаларын тағайындауға мүмкіндік береді.
3. Топтық өзара ауыстырымдылық. Тұйықтаушы буынның дәлдігіне алдын ала бөлінген топтардың біреуіне кіретін құраушы буындарды сорттап қосу арқылы қол жеткізетін өлшем тізбегін есептеу әдісі. Алдын ала топтарға сорттап бөлумен жасалатын біріктіру селективтік деп аталады. Бұл өлшем тізбегін есептеу әдісінің артықшылығы құраушы буындардың өңдеу дәлдігін жоғарылатпай, тұйықтаушы буынның дәлдігін жоғарылатуға болатыны. Әдісте біріктіру түйінінің барлық тетіктері сортталғанда шақтамалары жоғары мәнді құрастыру тетіктері бір топқа түседі, бұл топтағы тұйықтаушы өлшем ең кішісі болады, сондықтан осы топқа төменгі шақтама мәні ең кіші болып келетін тұйықтаушы тетіктер кіреді. Шақтамалары төменгі мәнді құрастырушы тетіктер басқа топқа жиналады, бұл жерде тұйықтаушы тетіктердің шақтамалары жоғарғы мәнде. Мұндай топтар екі немесе одан да көп бола алады.
Бұл әдіс біріктіру сапасын түсірмей, тұйықтаушы буынның шақтамасын кеңітуге мүмкіндік береді. Әдістің кемшілігі – тетіктерді алдын ала сорттау.
4. Реттеу әдісі. Реттеу әдісі деп өлшем тізбегінің тұйықтаушы буынының талап етілген дәлдігіне, тізбекке теңгеруші К буын немесе реттеуші құрылғы енгізіп, К өлшемін (материал қабатын алмай) немесе орналасуын өзгертумен тағайындалған шекте болатын тұйықтаушы өлшемге қол жеткізу әдісін айтамыз.
5. Қиюластыру әдісі. Біріктіру кезінде тұйықтаушы буынның қиюластыруын талап ететін әдіс. Тұйықтаушы буынның ең кең диапазонын тағайындауға болады. Көбіне жеке-дара және тәжірибелік өндірістерде қолданылады.
Реттеу әдісінен басқа әдістердің барлығына әділ болатын теңдеу:
Тұйықтаушы буынның өлшемі АΔ үлкейтетін буындар өлшемдерінің қосындысы мен кішірейтетін өлшемдердің қосындысының айырмасына тең.
1. Толық өзара ауыстырымдылық әдісімен есептеу. Бұл әдісте тұйықтаушы буынды әрқашан машина конструкциясына есептелген саңылаумен немесе керіліспен орнатуға болады.
Тұйықтаушы буынның максималды және минималды мәні тең болады:
Тұйықтаушы өлшемнің жоғарғы және төменгі ауытқулары тең болады:
Тұйықтаушы буынның шақтамасы барлық буынның шақтамаларының қосындысына тең:
.
Мысалы, өлшем тізбегі берілген (2.27-сурет). Тұйықтаушы буынның номиналды өлшемі мен оның шақтамасын толық өзараауыстырымдылық әдісімен есептеу керек.
Берілгені:
.
Тұйықтаушы буынның номиналды өлшемін анықтаймыз:
АΔ5 = 100 – (45+ 25 + 16) = 14 мм
Тұйықтаушы буынның жоғарғы және төменгі ауытқуын анықтаймыз:
ΔжАΔ = 0- (-180 +100 -500) = 580 мкм
ΔтАΔ = -800 – (180 +300 -250) = -1030 мкм
Тұйықтаушы өлшемнің жалпы шақтамасы:
ТАΔ = 800 + 360 + 200 + 250 = 1610 мкм
Соңында
2. Ықтималды өзара ауыстырымдылық әдісімен есептеу.Алдыңғы есеп шарттары. Тұйықтаушы буынның шақтамасын анықтау АΔ5.
формуласына сәйкес шақтама тең болады
Шақтама бірінші әдіспен салыстырғанда 1610 мкм ден 934 мкм дейін төмендетілді немесе 72%. Осы формула бойынша есептеу алынған шақтама тұйықтаушы буынның барлық өлшемінің 95% түсетінін көрсетеді. Бірақ бұл алдыңғы есептің шарттарына сәйкес құрастырушы буындардың шақтама мәндері бола тұра, тетіктерді біз осы шақтамамен жасауымыз керек деген емес. Келтірілген есептеуден құрастырушы өлшемдерінің шақтамалары мен тұйықтаушы өлшем шақтамасы арасындағы қатынасты, тұйықтаушы өлшемнің шақтамасын өзгертпей құрастырушы өлшем шақтамаларын үлкейту жолымен өзгертуге болатыны көрініп тұр. Алдыңғы есептеуге құрастырушы буындар шақтамаларының тұйықтаушы буын шақтамасына қатынасы ∑Tai/TAΔ = 1 тең, ал осы есептеуге ∑Tai/TAΔ = 1610/934 = 1,72.
Екінші типті есептерді шығаруда бірінші әдіске қарағанда, тұйықтаушы буынның берілген шақтамасының түсу ықтималдығы 95% болатынын қабылдай отырып, құрастырушы өлшемдер шақтамасының кеңірек интервалын таңдауымызға болады.
Біздің мысал үшін тұйықтаушы буынның 1610 мкм тең шақтамасына қол жеткізсек, құрастырушы өлшемдердің шақтамасын 72%-ға жуық үлкейтуге болады. Айта кететін жағдай, ұсынылып отырған тұжырым жуықтап алынған, ал бұдан дәлірек нәтижелерге қол жеткізу үшін арнайы әдістемелер бар.
3. Реттеу әдісімен есептеу.
Тұйықтаушы, құрастырушы буындар шақтамасы және теңгеруші буынның өлшемінің өзгеру мүмкіндігі арасындағы қатынас түрі:
К өлшемінің өзгеруі, теңгеруге қажет Vk, К өлшемінің шақтамасы емес, өйткені Vk К шамасының кездейсоқ қателіктерінің шекті мәндеріне тәуелді емес, талап етілген теңгеру шамасына сәйкес тағайындалады, сонысымен Vk алдындағы теріс белгісін түсіндіруге болады.
Теңгеруші буын өлшемі тізбекке үлкейту немесе кішірейту өлшемдері ретінде кіреді.
Төменде К номиналды және шекті өлшемдерін анықтау формулалары келтірілген
К – үлкейтуші буын
К ауытқуларын келесі түрде есептейді
К – үлкейтуші буын
К – кішірейтуші буын
Төсемдердің саны мен қалыңдығын есептеу. Тұрақты Sпост төсем (кем жағына қарай) Кmin шамасына тең
Sпост шамасын төсемнің өлшемін шынайы етіп, миллиметрмен көрсетіп және үтірден кейін екіден артық белгі болмайтындай етіп жуықтау қажет.
Ауыстыру төсемінің қалыңдығы тұйықтаушы буынның шақтама шамасынынан кем болуы керек:
Басқа жағдайда төсемді қою және алып тастау тұйықтаушы буынның өлшемін өзгертеді, ең кіші өлшемнен кіші ол ең үлкеннен үлкен өлшемге айналады. Реттеу үшін жұқа төсемдердің көбірек саны болғаны жөн.
Реттеу диапазоны VКтең болғандықтан, төсемдердің санын үлкейту үшін төсем санын бүтін санға дейін жуықтаймыз:
.
Ауыстыру төсемдерінің қалыңдығы кем жағына жуықталады:
.
Өлшем тізбегін реттеу әдісімен есептеу. Бәсеңдеткіш өлшем тізбегі және номиналды өлшемдері шақтамаларымен берілген:
А1 = 490 ( 0 ; -400), А3 = 48 ( +160 ; 0), А4 = 52 ( 0 ; -190), А5 ( 0; -190), А6 = 80 ( 0; -190), А7 = 180 ( 0 ; - 250), А8 = 52 ( 0 ; - 190), А10 = 32 ( +160 ; 0). (2.28-сурет)
Саңылау 0,5 -тен 1,5 мм дейін өзгереді, саңылаудың номиналды өлшемін қабылдаймыз Sном = 1 мм.
S= А = 1 + 0,5 мм
А2 + А9 қосынды шамасы К теңгермесі болып келеді. Саңылаудағы S төсем саны мен қалыңдығын анықтау талап етіледі.
К = А2 + А9 қабылдаймыз,
К – үлкейту буыны, А1 – үлкейту буыны, қалғандары кішірейту буындары.
К шамасын анықтаймыз.