Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Тотальдық сапа менеджменті жүйесі мен принциптері (TQM)



бет93/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   147
8.2. Тотальдық сапа менеджменті жүйесі мен принциптері (TQM)

Сапаға қол жеткізу аумағындағы белгілі ғалымдар Бове мен Тилл ТQМ әрекеттеріне: «Жалпыға ортақ сапаны басқару – бұл жалпыға ортақ сапаға әкелетін басқару тәжірибесі мен сапаға ұмтылдыруға негізделген ұйым философиясы, яғни сапа – бұл өндірістік процестің қандай да бір сатысында іздеп табатын немесе қосуға болатын нәрсе емес, сапа ұйымның болмысы », –деп анықтама береді


TQM әрекеттері жоғары деңгейде ХС ИСО 9004:2000 стандартында келтірілген. Ол сапа жүйесін пайдалану бойынша әдістемелік нұсқау болып табылады. ХС ИСО 9001:2000 тұтынушы сұраныстарын қанағаттандыруға арналған талаптардың минимумынан тұрады. Бірақ 9000 сериялы ИСО стандарттары мен TQM концепциясы арасында бірқатар айырмашылықтар бар (8.1-кесте).
TQM-ның 9000 сериялы ИСО стандарттарынан негізгі айырмашылығы – TQM жүйесі сапаны басқарудың заманауи әдістерінің шыңы болып табылады және қандай да бір деңгейге қол жеткізілген жағдайда бұйым сапасын көтеруге бағытталады. Ал 9000 сериялы ИСО стандарттарын енгізу қандай да бір нәрсені дұрыс емес жасау ықтималдығын төмендетуге бағытталады.
8.1-кесте. ИСО стандарттары мен TQM концепциясы арасындағы айырмашылықтар

ISO 9000

TQM

Белгілі бір тұтынушыға фокустың қажеттілігі жоқ

Белгілі бір тұтынушыға фокус

Корпоративтік стратегияға интеграцияланбаған

Компанияның интеграцияланған стратегиясы

Техникалық жүйе мен процедураларға фокус

Философияға, құралдарға және әдістемелерге фокус

Барлық қызметкерлерді тарту міндетті емес

Барлық қызметкерлерді тарту қажеттілігін көрсетеді

Үздіксіз жақсартуға фокусталмайды

Үздіксіз жақсару мен TQM синонимдер болып табылады. Нәтижесінде TQM үздіксіз және аяқталмайтын сапаға саяхат болып көрсетіледі

Сапаға жауапкершілік анықталуы және құжат бойынша рәсімделуі тиіс, бірақ көбінесе, сапаға жауапкершілік сәйкес бөлімшелерге тапсырылады, мысалы сапа бөлімі

Әрбір қызметкер сапаға жауапты

Бөлімшелерге фокустың мүмкіндігі

Барлық бөлімшелерді, функцияларды және деңгейлерді ұйымдастыру

Негізінен статикалы болып табылады

Процесс пен мәдениетті өзгертуге тырысады

TQM теориясының дамуына американдық ғалымдар мен басқарушылар Эдвардс В. Деминг, Джо­зеф М. Джуран және Филипп Б. Кросби үлкен үлестерін қосты. Олар сапаға ұйым деңгейінде қол жеткізу қажеттілігін түсіндірді. Өздерінің көптеген жұмыстарын тәжірибеде тексеріп, тамаша нәтижелер алды. Мысалы, соғыстан кейінгі Жапонияда Э. В. Деминг пен Д. М. Джуран жүргізген сапа жүйесін жасау бойынша семинарлар мен практикумдар осы елде сапаны қамтамасыз етудің ең үздік жүйелердің бірін жасап шығаруға және әлемнің көптеген елдерінде даңқы жайылған өнім шығаруға мүмкіндік берген маңызды факторлардың бірі болды.
Ф. Б. Кросби көптеген атақты компаниялардың бас менеджері болды, оның басқаруымен бұл компаниялар бизнесте үлкен жетістіктерге қол жеткізді, мысалы, ITT телекоммуникация саласындағы американдық гигант.
Э. В. Демингтың сапа тұжырымдамаларының ең бастысы: ауытқулар, шынайы емес ауытқуларды іздеу және оның себептерін шығару процестері әрқашан болып тұратындығын мойындау болып табылады. Егер процесте экстремалдық ауытқулар туындаса, бұл болжамды едәуір қиындатуы мүмкін, яғни ұйымға жеткізушілерден тұрақсыз жеткізулердің әсерін минимумға дейін жеткізу үшін көбірек персоналдар, шикізаттар мен материалдар қажет болуы мүмкін.
Деминг жұмыстарында көбінесе, процестерге, жүйелер мен статистикаға, әсіресе, сәйкессіздіктің пайда болу себептерін табу үшін статистикалық әдістерді пайдалану бойынша сапаны жақсартуға көп көңіл бөлінсе, Джуран әрбір менеджердің тікелей сапаны жоғарылату бойынша жұмыс істеу қажеттілігін көрсетеді.
Осы ғалымдар ұсынған сапаға қол жеткізудің негізгі принциптерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет