7. Материалдардың меншікті салмағын минималды тұтыну принципі Дайындамалар мен бұйымдарды стандарттауда металды үнемдеуге машиналардың құрылымдық сұлбалары мен орналасуын ұтымды құру, тетіктерді беріктікке есептеу әдістерін жетілдіру және беріктік қорын төмендетуді негіздеу, тиімді профильдер мен прокаттарды және т.б. қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
8. Кешендік және тиімді шектеулер принципі Стандарттарды жасауда стандарттаудың соңғы объектісіне әсер ететін барлық негізгі элементтерді (факторларды) ескеру қажет. Стандарттау жұмыстарына көп еңбек кетіруді қысқарту үшін, негізгі объектіге шамалы әсер етуші элементтер ескерілмейді. Стандарттауда өзара байланыстағы мате-риалдық және материалдық емес элементтер кешені сипаттамалар мен талаптар жүйесі қарастырылады. Мұнда элементтерге қойылатын талаптар стандарттаудың негізгі объектісіне қойылатын талаптарға байланысты анықталады. Жоғары сапалы өнім алуға жағдай жасау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін өнімнің барлық өмірлік циклын қамтитын: жобалау, өндіру, пайдалану стандарттарының ұтымды жүйесі қажет.
8. Өркендеу принципі Шаруашылық субъектілерінің өз жұмыстарының сапасы мен бәсекелестікті көтеруге қамшылауға замануи талаптарға сәйкестендіру мақсатымен, өндірістің, сауданың, кәсіпкерліктің тиімді жұмыс жасауын арттыру үшін, стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды әрдайым қайта қарастырып отыру қажет.
1.14. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар
Стандарттар ҚР СТ 1.5-2008 «Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар» стандарты талаптарын сақтаумен жасалынады.
Стандарт құрылымы Стандарттар:
Титулдық бет, міндетті түрде болады;
Алғы сөз (міндетті түрде болады);
Мазмұны (қажеттілік болса);
Кіріспе (қажеттілік болса);
Аталуы (міндетті түрде болады);
Қолдану саласы (міндетті түрде болады);
Нормативтік сілтемелер (қажеттілік болса);
Анықтамалар (қажеттілік болса);
Белгіленуі және қысқартулар (қажеттілік болса);
Талаптар (міндетті түрде болады);
Қосымшалар (қажеттілік болса);
Библиографиялық деректер (қажеттілік болса), сияқты құрылымдық элементтерден тұрады.
Стандартқа қосымша құрылымдық элементтер кіргізуге болады.