Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет2/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1. СТАНДАРТТАУ МӘНІ


Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында өнеркәсіп революциясының басталуының негізінде пайда болған. Үлкен мөлшерде бұйымдар мен тауарларды шығаратын ірі фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы өзара ауыстырымдылықты, өнімнің бір нұсқалылығын, өлшемдік реттілікті жүргізуді талап етті.


Ресейде 1715 жылы 1 Петрдің тұсында Туланың зауыттарында қару жарақтар өндірісіне өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзараауыстырымдылық, калибрлер).
1856 жылы Лондонда өткен реттік халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі: «кез келген шамды әрдайым шам қойғышқа диаметрі бойынша тура келетіндей етіп жасау мүмкіндігіне қол жеткізуге болады ма?» деген сұрақ қойды.
1926 жылы бұрынғы КСРО-да елдерінде бірінші рет мемлекеттік стандарттар азық-түлік тауарларына бекітілді. Отызыншы жылдары көптеген стандарттар ет және сүт консервілері, тауық және т.б. азық-түлік өнімдерін қамтыды. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық-түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытының талаптарына сай өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200-ден астам стандарт қайта қаралды.
Ал 1975 жылдан бастап Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына КСРО-дан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы, Чехословакия, Моңғолия, Куба кірген) халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес халықаралық стандарттары енгізіле бастады.
Ірі өндірістік өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің гүлденуі мен алдағы уақытта экономикасының дамуының негізгі элементіне айналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін келтіруге болады. ТМД елдерінде теміржол бөлшегінің ені 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда 1435 мм. Бұл стандарттардың сәйкессіздігі казіргі таңдағы халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеледі, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен жүктердің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері болды. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 15 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөгде елдердің теміржолымен жүре алмағандықтан, жүктерді бір вагонннан келесі вагондарға көшіру немесе вагондарды өзара алмастыру орындалды.
Жақын уақыт аралығында еуропалық теміржол өлшемімен сәйкес келетін Трансқазақстандық Достық Ақтау теміржолын салу жоспарлануда, бұл теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.
Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану көптеген елдердің экономикасына кең көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесі пайдаланылады, ал бұл жүйе Ұлыбританияның өзінде өте аз қолданылады. 1965 жылдан бастап, Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдынала бейімдеулерсіз СИ жүйесін қолданатын елдердің тұтынушыларына жарамайтын болды.
Өнеркәсіптік өндірістердің көлемінің ұлғая түсуі, ғылым және техниканың қарқынды дамуы өнімдердің бір нұсқалы болуы мен олардың бөлшектерінің өзараауыстырымдылық қасиеттері жөніндегі проблемаларды күрделендіре түсті. Осы салада жүргізіліп жатқан іс-шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының жоғарылауына, өнімнің шығарылу көлемінің өсуіне, сату аумағының үлғаюына әкелетін болды.
Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттаудың бұрын болмаған мәнге ие болуына себеп туғызды. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігін тудыруға болады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Мысалы Еуропаның 27 елі Еуроодаққа бірікті. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды, жақын уақыт аралығында Қазақстан да осы ұйымға кіруді жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда бұл бағыттағы іс-әрекеттер техникалық реттеу деп аталады. Техникалық реттеу бұл орнатылған талаптардың сақталуын бақылау, мемлекеттік бақылау және аккредиттеу мен сәйкестілікті бекіту бойынша бағыттарды қоса алғанда, өнімдерге, қызметтерге, үрдістерге міндетті және ерікті талаптардың орындалуымен, қолданылуымен, орнатылуымен, анықталуымен байланысты қатынастарды нормативтік және құқықтық реттеу болып табылады.
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттарына:
1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қоса алғандағы қоршаған орта және адам денсаулығы мен өмірі үшін өнімдердің, қызметтердің, үрдістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3. Қызметтердің, өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға алып баратын әрекеттерді ескертіп отыру;
4. Саудада техникалық кедергілерді жою;
5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатады.
Техникалық реттеу негізіндегі қағидаларға:
1. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің біртұтастығы мен бірыңғайлығы;
2. Бірыңғай терминдерді қолдану, өнімге, қызметке, үрдіске талаптарды қою ережесі;
3. Мемлекет пен қызығушы жақтардың үміттері бірдей болып, техникалық реттеу мақсаттарының қолжетімді және мақсатты болуы үшін, техникалық реттеу үрдістеріне қатысуға екі жақты тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
4. Отандық және сырттан әкелінетін өнімдерге, қызметтерге және олардың қойылған талаптарға сәйкестілігін бекіту жұмыстарына талаптардың теңдей болуы;
5. Стандарт пен техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындауда өңірлік және халықаралық бірлестіктердің стандарттарын, ғылым мен техниканың жетістіктерін ұтымды пайдалану;
6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекеттің ғылыми-техникалық дамуы мен материалдық- техникалық базасына, экономикасының даму деңгейіне сәйкес келуі;
7. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және оларды дайындау, бекіту, басылымға шығару реттері мен олар туралы ақпараттардың қолжетімді болуы;
8. Қолдану мақсатында стандарттарды ерікті түрде таңдау;
9. Сәйкестікті бекітудің бірыңғай жүйесі мен ережесі;
10. Бір органда аккредиттеу функциялары мен сәйкестік құжаттарын бақылауды және беруді орналастыруға жол бермеу;
11. Сәйкестікті бекіту органдарының тұтынушылар мен дайындаушылардан тәуелсіз болуы;
12. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстарда бәсекелестікті шектеуді болдырмау кіреді.
2004 жылы қараша айында Республикада “Техникалық реттеу туралы” заң қабылданды, ол 2005 жылдың 9 маусымынан бастап күшіне енді. Онда еліміздегі стандарттау саясатын жүргізу стратегиясының жаңа бағыттары құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен экономиканы басқарудың ескі жүйесіндегі стандарттау мәні толығымен өзгерді. Стандарттаудың жаңа концепциясы стандарттарды ерікті түрде орындауға негізделген.
Мемлекет техникалық регламенттер арқылы тұтынушылардың талаптарын қорғау бойынша өзінің саясатын жүргізеді, ал регламенттердегі негізгі және бір ғана шектеу критерийі бұл тұтынушы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі.
Басқа жағдайларда өндірушілер өздерінің көзқарастары бойынша әрекет ете алады, мемлекет олардың жұмыстарына мүлде араласпайды.
Стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптары ұсыныс сипат ретінде қолданылады және өнімнің орнатылған нормаларға сәйкестігін бекіту үшін дәлелдеу базасы саналады.
Стандарттау техникалық реттеу үрдісінің маңызды құрамының бірі болып табылады.
Стандарттаудың мақсаты – көбінесе, жоспарланатын немесе туындаған тапсырмаларды шешуге арналған нормаларды, талаптарды, орнатылған жағдайларды кеңінен және қайтара қолдану арқылы қандай да бір салада реттілікті жүргізудің оптималды дәрежесіне қол жеткізу.
Стандарттау – туындаған, көбінесе, тапсырмаларға қатысты жалпылай, көп қайтара және ерікті қолдану үшін жағдайларды орнату арқылы өнімге, қызметке және үрдіске деген талаптарды реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған сала.
Стандарттау бойынша бағыттағы жұмыстардың негізгі нәтижелері-функционалдық тағайындалуы бойынша өнімнің, қызметтің, үрдістің сәйкестілік деңгейін жоғарылату, халықаралық сауда айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми техникалық прогрестерге әсер етіп және әртүрлі салаларда бірлесе жұмыс істеу.
Стандарттау обьектісі – өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет және олар үшін талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер.
Стандарттау саласы – өзара байланысты стандарттау обьектілерінің жиынтығы.
Стандарттау:
1. Халықаралық;
2. Өңірлік;
3. Ұлттық;
4. Әкімшілік-аумақтық сияқты әртүрлі деңгейде орындалады.
Қазіргі таңдағы стандарттау жүйесі стандарттау обьектілерінің сапасын бағалау мен оны бағалаудың әдістерін бірінші орынға қояды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет