Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет81/147
Дата17.10.2023
өлшемі6,42 Mb.
#117498
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   147
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

2) Климаттық сынаулар. Қиын климаттық полярлық, тропикалық, шөлейттік және т.с.с. жағдайларда көптеген объектілер қалыпты жұмыс жасау қажет. Оларға климаттық әсерлер температура, ылғалдылық, ауаның қысымы және т.б. әсер етеді.
Климаттық сынаулар:
– Температураның циклдік өзгеруі, ол қоршаған ортаның температурасы өте төменгіден өте жоғары температураға тез өзгеруі;
– Ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты температураның өзгеруі;
– Атмосфералық концентрлік қонулар (шық және қырау);
– Атмосфералық түсетін жауын-шашындар (жауын);
– Тұздық (теңіздік) тұман және басқа агрессивті орта;
– Суға және шаңға қорғанушылығы сияқты әсерлер бойынша жүргізіледі.
Сынауды екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топ – әсер ететін факторлардың шекті мәні кезіндегі пайдалану параметрлерінің тұрақтылығына сынау. Екінші топ – әсер ететін факторлардың жіберілетін шекті мәні кезіндегі сапа көрсеткіштерінің тұрақтылығына сынау. Бірінші жағдайда, бұйымды пайдалану кезінде параметрлер берілген мәндер шегінде болуы тиіс, екінші жағдайда сынау біткеннен кейін де пайдалану параметрі, сыртқы түрі және басқа көрсеткіштері өзгеріссіз қалу тиіс.
Қоршаған ортаның температурасы 200°С қыздырылған немесе –100°С төмен түсіре алатын термостатты немесе креостатты арнайы камераға сынау объектісін орналастырып, температураның өте жоғарылауына немесе өте төмендеуіне сынау жүргізеді. Техникалық шартта температураны өзгерту жылдамдығы, ұстап тұру уақыты және т.с.с. сынау режимдері көрсетіледі. Мысалы оптикалық құралдардың бір бөлігін +37°С температураға дейін қыздырса, келесі бір бөлігін –40°С температураға дейін суыту арқылы температураның ауытқуына сынау жүргізеді.
Температураны 25°С дейін, ауаның ылғалдылығын 98% дейін көтеріп, буландыру жолы арқылы гидростат камерасында ылғалдылықтың жоғарылауына немесе төмендеуіне сынау жүргізуге болады. Сынау объектісінің ішінде бір уақытта ылғалдылықтың және температураның түсуі ішкі және сыртқы беттерге шықтың немесе қыраудың түсуіне әкеліп соқтырады.
Судан қорғанушылыққа сынауды жаңбырлатқыш камераларда әртүрлі бұрыштан суды жіберу арқылы жүзеге асады.Объекті су шашқыштан 1,5-2 м қашықтықта орналасады. Су шашу 30минуттан кем уақыт аралығында болады.
Тұздық (теңіздік) тұманмен сынау объектісін сәйкес ерітіндімен бүріккіштерден шашу арқылы іске асады.
Шаң және құмның әсеріне төтеп беру тұрақтылығына сынау. Камерада белгілі бір шамада болатын шаңның шамасы бақыланып отыратын қажетті шаңтозаңдық орта тудырады. Сынау статикалық немесе динамикалық болуы да мүмкін. Динамикалық сынау болған жағдайда объектіні құрамында тас, құм және саз бар ауа ағынын қысыммен береді. Ұшырылып отырған бөлшектердің өлшемі 50 мкм-ден кем болмауы тиіс. Сынау процесі барысында ауа бағытының қысымы мен бөлшектер мөлшерін бақыланып отырады. Сынау біткен соң оъектінің ішіне түскен шаңның, ішкі және сыртқы бұзылуын, жұмысқа қабілеттілігін, жалпы объектінің ішін және сыртын мұқият бақылайды.
3) Термобаралық сынаулар. Бұл сынау түрі атмосфералық қысымның әсер етуіне жүргізіледі. Қалыпты атмосфералық қысым 101,3КПа (сынап бағанасы бойынша 760 миллиметрге) тең. Қысымның өзгеруі екі ықпалын тигізеді:
1. Оптикалық сәулелердің сыну көрсеткіші өзгереді, Атмосфера тым тығыз немесе сирек.
2. Артық қысым объектіні деформацияға ұшыратады немес істен шығарады.
Бірінші көрсеткіш бойынша сынау термобаралық камерада кей жағдайда адамның қатысумен жүргізіледі. Екінші көрсеткіш бойынша броневаннада және бронекамерада жүргізеді, камера көлемі газбен толтырылып объектіні суы бар ваннаға батырады. Судың немесе газдың қысымы 30-40 МПа болады. Суға батырар алдында объектіні суға немесе газға толтырады және судың жоғарғы деңгейі 5мм кем болмауы тиіс. Суға батырған соң есептелінген қысымға дейін көтереміз. Тығыздығы бұзылған жағдайда көпіршіктер пайда болады. Сынау объектісін суда 1-2 тәулік бойы ұстап тұрады.
Ваккумдық тәсіл арқылы тығыздыққа сынау. Бақылау газы ретінде гелий алынады. Гелий атомы өте кішкентай, қауіпсіз және инертті газ. Екі әдіс қолданылады.
1. Гелилік камера әдісі. Камераның ішіне объектіні орналастырады, объектінің ішінде вакуум жасайды, камераға қысыммен гелийді жібереді. Объектінің ішінде гелийдің қонуын тіркейді. Сезімталдығы 0,13x10-6л Пас.
2. Гелийлі камераға ағып жиналу әдісі. Объектіні ваккумды камераға орналастырып, объектінің ішіне гелийді қысыммен жібереді.
4) Сынаудың арнайы әдісі. Бұл микроорганизмдердің әсеріне төзу тұрақтылығына, сенімділігіне, таз ауруына төзімділігіне (тропиктегі әртүрлі микроорганизмдерге және таз ауруының әсеріне қарсы тұруы) электрлік сынаулар және т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет