ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


 Екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс циклы



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата14.02.2017
өлшемі7,18 Mb.
#4112
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

2.5 Екі ырғақты қозғалтқыштың жұмыс циклы
Төрт  ырғақты  циклды  қарастырудан  белгілі  болғандай , төрт  ырғақты
қозғалтқыш  циклге  берілген  уақыттың  тек  қана  жартысында  жылулық
қозғалтқыш (сығымдау  жəне  ұлғаю  ырғақтары ) есебінде  жұмыс  істейді .
Уақыттың  екінші  жартысында  қозғалтқыш  сорғы  (беріліс  жəне  шығару
ырғақтары) есебінде  жұмыс  істейді . Жұмыстық  циклге  берілген  уақыт
толығымен  екі  ырғақты  қозғалтқышта  пайдаланылады , онда  жұмыстық  цикл
иінді  біліктің  бір  айналымында  жүзеге  асады . Екі  ырғақты  қозғалтқыштарда
жұмыстық цилиндрді жану өнімдерінен тазарту жəне жаңа таза зарядпен толтыру
піспектің  ТМН-ге  жақын  қозғалуында  жүреді . Цилиндрді  жану  өнімдерінен
тазарту  піспектің  ығыстыруымен  емес , алдын  ала  анық  бір  қысымға  дейін
сығымдалған  ауа  немесе  жанғыш  қоспамен  жүзеге  асады . Алдын  ала
сығымдалған  ауа  немесе  жанғыш  қоспа  жеке  агрегат  түрінде  жасалған  арнайы
үрлеу  сорғымен  немесе  компрессормен  жүргізіледі . Кішкене  қозғалтқыштарда
үрлеу сорғысы ретінде кейде картердің ішкі кеңістігі  (айналшақты камера) жəне
қозғалтқыш піспегі пайдаланылады.
Екі  ырғақты  қозғалтқыштарда  газ  алмасу  процесінде  ауаның  немесе

68
жанғыш  қоспаның  бір  бөлігі  цилиндрден  шыққан  газдармен  бірге  шығару
органдары  арқылы  жоғалады. Бұл  ауа  немесе  жанғыш  қоспа  шығындары  үрлеу
сорғысын немесе компрессордың берілісін таңдауда есептеледі.
2.5 - суретте  ішкі  қоспа  түзуі  бар  екі  ырғақты  қозғалтқыштардың  жұмыс
сұлбасы жəне тура ағымды клапанды-саңылаулы газ алмасу сұлбасы көрсетілген .
Бұл типті қозғалтқыш құрылғыларының негізгі ерекшеліктері ол:
- енгізу  терезелері 8, цилиндрдің  төмен  бөлігінде  орналасқан , олардың
биіктігі  піспек  жүрісінің 10-20% құрайды, енгізу  терезелерінің  ашылуы  жəне
жабылуы цилиндр ішінде жүретін піспекпен жасалады;
 - шығару  клапандары 4, цилиндр  қақпағында  орналасқан, бөлу  білігінен
жетек  алады, оның  айналым  жиілігі  иінді  біліктің  бір  айналымында
клапандардың ашылуын қамтамасыз етеді;
 - үрлеу  сорғысы 2, ол  цилиндрді  жану  өнімдерінен  тазарту  жəне  таза
зарядпен толтыру үшін рессиверге 7 қысыммен ауа айдайды.
Онда жұмыстық цикл келесі түрде жүреді:
Бірінші  ырғақ ЖМН-ден  ТМН-ге  дейінгі  піспек  жүрісіне  сəйкес  (2.5, а
сурет). Цилиндрде  жаңа  ғана  жану (с-г  сызығы) жүрді  жəне  газдардың  ұлғаю
процесі басталды, яғни жұмыстық жүріс жасалады. Бірнеше  уақыт бұрын  енгізу
терезелеріне  піспектің  жақындау  уақытында  цилиндр  қақпағындағы  шығару
клапандары 4 ашылады, жəне жану  өнімдері  цилиндрден  шығару  құбырына  аға
бастайды, мұнда  цилиндрдегі  қысым  тез  төмендейді  (z-п  сызығы). Енгізу
терезелері 8 цилиндрдегі  қысымның  рессивердегі  алдын  ала  сығылған  ауа
қысымынан азғана жоғары немесе тең болғанда ашылады . Ауа цилиндрге енгізу
терезелері  арқылы  түседі, шығару  клапаны  арқылы  цилиндрде  қалған  газдарды
ығыстырады жəне цилиндрді толтырады, яғни газ алмасу жүреді  (индикаторлық
диаграммада п-а  аумағы). Сонымен  бірінші  ырғақ  барысында  цилиндрде
отынның  жануы, газдардың  ұлғаюы, газдардың  шығуы, үрлеу  жəне  цилиндрді
толтыру процестері жүреді.
 Екінші  ырғақ ТМН-ден  ЖМН-ге  дейінгі  піспек  жүрісіне  сəйкес  (2.5, б
сурет). Піспек  жүрісінің  басында  шыққан  газдарды  шығару , үрлеу  жəне
цилиндрді  таза  зарядпен  толтыру  процестері  жалғасады. Цилиндрді  үрлеу  соңы
енгізу  жəне  шығару  клапандарының  жабылу  сəтімен  анықталады . Соңғысы
енгізу  терезелерімен  бірге  немесе  біршама  ерте  жабылады . Екі  ырғақты
қозғалтқыштарда 
газ 
алмасу 
соңындағы 
цилиндр 
ішіндегі 
қысым
атмосфералықтан  біршама  үлкен  жəне  рессивердегі  ауа  қысымына  тəуелді . Газ
алмасу  соңында  жəне  енгізу  терезелерін  піспек  толығымен  жапқанда  ауаны
сығымдау  процесі  басталады , к-с сызығы. Иінді  біліктің 10-30° айналым
бұрышында піспек ЖМН-ге дейін жетпегенде (с׳ ) цилиндрге форсункамен отын
беріле бастайды. Сондықтан  екінші ырғақ барысында цилиндрде  шығару, үрлеу
жəне толтырудың аяқталуы жүреді жəне піспектің ары қарай жүрісінде сығымдау
басталады.
Қарастырылған  тура  ағымды  клапанды-саңылаулы  газ  алмасу  сұлбасынан
(2.5, б сурет) басқа екі ырғақты қозғалтқыштарда басқа да сұлбалар қолданады.
Тұзақты газ алмасу сұлбасы (2.5, в сурет) клапанды-саңылаулы газ алмасу
сұлбасына  қарағанда  қозғалтқыш  құрылымын  біршама  оңтайландырады , бірақ
газ алмасу  сапасы  нашарлайды, толтыруда ауа  немесе қоспа жоғалтулары пайда
болады.
Тұзақты  газ  алмасу  сұлбасы  көптеген  құрылымдық  жасалуларымен
ерекшеленеді. Оны əртүрлі қозғалтқыштарда қолданады (мопедтерге арналған аз
қуатты  қозғалтқыштардан  бастап  үлкен  кемелік  ондаған  мың  киловатт  қуатты
қозғалтқыштарға дейін).
Қарама қарсы қозғалатын піспекті тура ағымды газ алмасу сұлбасында (2.5,

69
а сурет) бір  піспек енгізу терезелрін басқарады, ал басқасы шығару  терезелерін,
газ алмасудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Жанғыш  қоспаны  немесе  ауаны  алдын  ала  сығымдау  үшін  жоғарыда
айтылғандай  екі  ырғақты  қозғалтқышта  картердің  ішкі  кеңістігін  пайдалануы
мүмкін. Мұндай  қозғалтқыштарды  айналшақты  камера  сұлбасына  ие
қозғалтқыштар  деп  аталады (2.6 - сурет). Піспектің 1 ТМН-ден  ЖМН-ге  дейін
жүрісінде оның астындағы кеңістік көлемі үлкейеді жəне қысымы атмосфералық
қысымнан  төмендейді, яғни  айналшақты  камера 2 вакумм  тудырады. Осының
салдарынан  атмосфералық  ауа  автоматты  іске  қосылатын  енгізу  клапан  арқылы
картерге  қарай  тартылады. Піспектің  кері  жүрісінде  енгізу  терезелерінің  ашылу
сəтіне дейін айналшақты камерада таза зарядты сығымдау жүреді.
а)
б)
2.5-сурет. Ішкі қоспа түзуі жəне тура ағымды клапанды-саңылаулы газ
алмасуы бар екі ырғақты қозғалтқыш жұмысының сұлбасы жəне индикаторлық
диаграммасы

70
а)-бірінші  ырғақ (жану, ұлғаю, шығару, тазарту  жəне  толтыру), б)-екінші
ырғақ (шығару, тазарту жəне толтыру, сығымдау).
1-беріліс  құбыры, 2-үрлеу  сорғысы, 3-піспек, 4-шығару  клапандары, 5-
форсунка, 6-шығару құбыры, 7-ауа рессивері, 8-беріліс терезелері.
2.5-сурет. Екі ырғақты қозғалтқыштың газ алмасу сұлбасы:
а-тура ағымды, қарама қарсы қозғалатын піспекті;
б-тура ағымды, клапанды-саңылаулы; в-тұзақты.
1-енгізу терезелері; 2-шығару терезелері; 3-піспек; 4 шығару клапаны.
2.6-сурет. Газ алмасудың айналшақты камера сұлбасына ие екі ырғақты
қозғалтқыш:
а)-айналшақты  камераны  таза  зарядпен  толтыру ; б)-сығымдау  жəне
тазарту.

71
Енгізу  терезелері  ашылғаннан  кейін  сығымдалған  таза  заряд  камерадан
цилиндрге  ығыстырылады. Айналшақты  камера  сұлбасына  ие  екі  ырғақты
қозғалтқыштар  құрылымы  қарапайым. Бірақ  берілген  газ  алмасуда  цилиндрді
тазарту  жəне  оны  таза  зарядпен  толтыру  нашарлайды , нəтижесінде
қозғалтқыштың қуаты төмендейді жəне отын шығыны жоғарлайды . Екі ырғақты
қозғалтқыштың индикаторлық диаграммасынан көрініп тұрғандай  (2.5, а суретін
қара), піспек жүрісінің бөлімінде газ алмасу жүруде пайдалы жұмыс төмен , яғни
мүлдем  жасалмайды. Піспек  жүрісінің  бөлімінде V
п
 - көлемі жоғалтылған  деп
аталады. Сонда  нүктесінен  піспекпен  жасалатын  көлем  сығымдау  басының
уақытын анықтайды, ЖМН дейін нақты жұмыстық көлем деп аталады, яғни
п
h
h
V
V
V'
-
=
                                                      (2.3)
Сонымен, екі ырғақты қозғалтқыш үшін шынайы сығымдау дəрежесі
c
V
c
V
c
V
с
V
a
V
п
V
h
V'
1
)
п
V
h
V'
(
+
+
=
+
+
=
=
e
Геометриялық сығымдау дəрежесі де төрт ырғақты қозғалтқышқа арналған
осы формуламен өрнектеледі:
Жоғалтылған  көлемнің V
п
  геометриялық  жұмыстық  көлемге V
h
  қатынасы
газ алмасу процесіндегі жоғалған көлем үлесін көрсетеді.
y
=
Vh
Vп
Жоғалтылған көлем үлесінің шамасы ψ = 10-38% құрайды.
Төрт  ырғақты  жəне  екі  ырғақты  қозғалтқыштардың  жұмыс  циклын
салыстыруда, бірдей  цилиндр  көлемі  мен  айналым  жиілігінде  екі  ырғақты
қозғалтқыштың қуаты  біршама төмен болады . Жұмыстық  циклдардың  сан 2 есе
көп болғандықтан екі ырғақты қозғалтқыштың алатын қуаты да 2 есе көп болады.
Жұмыстық көлем бөлігін жоғалту, тазарту мен толтырудың нашарлауы, сонымен
бірге  үрлеу  сорғысын  іске  қосуға  берілген  қуат  шығын  салдарынан  екі  ырғақты
қозғалтқыштың нақты қуаты 1,5-1,7 жуық есе көбейеді.
Екі  ырғақты  қозғалтқыштың  артықшылықтарына  айналдыру  моментінің
жоғары  бір  қалыптылығын  жатқызуға  болады , себебі  жұмыстық  цикл  иінді
біліктің  əр  бір  айналымында  жүзеге  асады . Екі  ырғақты  процестің  төрт
ырғақтымен салыстырғандағы көрнікті кемшілігі газ алмасу  процесіне берілетін
уақыттың аздығы.
Цилиндрді жану өнімдерінен тазарту жəне оны таза зарядпен толтыру төрт
ырғақты  қозғалтқыштарда  жетілген  түрде  жүреді . Одан  басқа  екі  ырғақты
қозғалтқышта  піспек, цилиндр  қақпағы  жəне  клапандар  температурсы  төрт
ырғақтыға қарағанда жоғары.
Сыртай  қоспа  түзуде  цилиндрді  жанғыш  қоспамен  үрлеу  нəтижесінде  ол
жиі  шығару  клапандары  арқылы  шығарылып  тасталады , сондықтан  екі  ырғақты
процесс  дизельдерде  қолданылады. Мотоциклдік, қайыққа  арналған  жəне  басқа
аз 
қуатты 
қозғалтқыштарды 
санамағанда , оларда 
ең 
маңыздысы
қарапайымдылық  жəне  жинақы  құрылымдылық  экономикалық  тиімділікке
қарағанда, төрт  ырғақтыдағыдай  екі  ырғақты  қозғалтқышта  да  жұмыстық
процесс піспек үстінде орналасқан цилиндрдің бір кеңістігінде ғана жүреді .
Мұндай қозғалтқыштар жəй əсер етуші қозғалтқыштар деп аталады.

72
Цилиндрлік  қуатты  жоғарлату  үшін  піспек  астындағы  кеңістікті  де
пайдалануға  болады. Жұмыстық  цикл  піспектің  екі  жағында  орналасқан
кеңістіктерде  жүзеге  асатын  қозғалтқыштар  екі  əсерлі  қозғалтқыштар  деп
аталады. Екі  əсерлі  қозғалтқыштар  қуатын  жай  əсер  етуші  қозғалтқыштармен
салыстырғанда  жоғарлату 80-85% құрайды, бұл  төменгі  кеңістік  арқылы  өтетін
штокқа  байланысты  жұмыстық  көлемнің  азаюы  салдарынан . Құрылымның
біршама  күрделенуі  жəне  екі  əсерлі  қозғалтқыштардың  төмен  сенімділігіне
байланысты қазіргі уақытта оларды шығармайды. Цилиндрлік қуатты жоғарлату
қажеттілігі үрмелеуді қолданумен жүреді, ол қарапайым жəне сенімді.
2.6 Піспекті жəне құрама қозғалтқыштар сараптамасы
Іштей жану қозғалтқыштары келесі негізгі белгілерімен сарапталады:
- қолданатын  отын  тегі  бойынша – сұйық, газ  жəне  газ-сұйық  отындарда
жұмыс істейтін қозғалтқыштар;
-  қоспа түзу тəсілі бойынша – ішкі жəне сыртқы қоспа түзу;
- жұмыс  циклының  жүзеге  асу  тəсілі  бойынша  – төрт  ырғақты  жəне  екі
ырғақты;
- жанғыш  қоспаның  тұтану  тəсілі  бойынша – сығымдаудан  тұтану  жəне
мəжбүрлə тұтану (электр ұшқынынан);
- жұмыс  цилиндрін  толтыру  тəсілі  бойынша – үрлемелі  жəне  үрмелеусіз
қозғалтқыштар.
Одан басқа қозғалтқыштар құрылымдық белгілері бойынша сарапталады:
- айналшақты-бұлғақты  механизмінің  құрылымы  бойынша  – тронкты
(жоғары- жəне  орташа  айналымды  қозғалтқыштар) жəне  крейцкопфты (көбіне
төмен айналымды);
- жұмыстық  цилиндрлердің  орналасуы  бойынша – қатарлы, V-тəрізді, W-
тəрізді, жұлдыз тəрізді;
- жұмыстық цилиндрлер саны бойынша – бір цилиндрлі, көп
цилиндрлі.;
- тез  жүрістілік  дəрежесі  бойынша  – тыныш  жүрісті (піспектің  орташа
жылдамдығы 10 м/с дейін) жəне жылдам жүрісті (піспектің орташа жылдамдығы
10 м/с жоғары);
- иінді  білік  айналымының  бағыты  бойынша  – оң  жəне  сол  айналымды,
реверсті жəне реверсті емес қозғалтқыштар.
Тағайындалу мақсаты бойынша келесілерге бөлінеді:
- стационарлық – электрлі  кешендер, сорғы  кешендерінің  қондырғылары
үшін жəне т.б.;
- жер-көліктік – тепловозды, автомобилдік, тракторлық, жол  жəне  көлік-
тиеу машиналарының қозғалтқыштары жəне т.б.;
- кемелік – негізгі  қозғалтқыштар (реверсті  жəне  реверсті  емес), көмекші
(кеменің күштік қондырғыларының көмекші механизм жетегі үшін);
- авиациялық.
Қозғалтқыштарды басқа да белгілерімен сараптауға болады.

73
3 - БӨЛІМ. ПІСПЕКТІ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛШЕКТЕРІ
МЕН МЕХАНИЗМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
3.1 Айналшақты-бұлғақты механизм
Айналшақты-бұлғақты механизм құрамына піспекті жинақтар, бұлғақтар (ірі кеме
қозғалтқыштарында  крейцкопфты  механизм), иінді  білік  пен  маховик  кіреді. Піспек
газдың қысым күштерін қабылдайды, айналшақты-бұлғақты механизм піспектің ілгерінді-
қайтымды  қозғалысын  иінді  біліктің  айналмалы  қозғалысына  түрлендіреді.  3.1  -  суретте
қозғалтқыштарда  қолданылатын  механизмдер  сұлбасы  көрсетілген, 3.1, а  суретінде –
цилиндрлері  қатарласа, V-тəріздес  жəне  одан  да  күрделі  орналасқан  қарапайым  жұмыс
атқаратын  қозғалтқыштарда  қолданылатын тронкті айналшақты-бұлғақты  механизм.
Піспектің  қайтымды  қозғалысы  иінді  біліктің  піспегімен  жəне  айналшағымен 3 топса
арқылы  біріктірілген  бұлғақтың 2 көмегімен  иінді  біліктің  айналмалы  қозғалысына
түрленеді. 3.1, б  суретінде  крейцкопфты айналшақты-бұлғақты  механизм  келтірілген,
онда  піспек  бүйір  күштерден  арылу  мақсатында  шток  5  пен  крейцкопфтың  4  көмегімен
бұлғақпен  байланысады. Бұл  жағдайда  механизмдегі  бүйірлік  күштер  бұлғақпен 2 топса
арқылы  байланысқан  крейцкопфпен  қабылданады. Крейцкопфты  қозғалтқыштарда
қолдану, сонымен  қатар, цилиндрдегі  піспек  астында  тек  шток 5 өтетін  екінші  жұмыс
кеңістігін  құруға  көмектеседі. Қос  екі  жұмыс  атқаратын  цилиндр  ол  арқылы  өтетін
штокты нығыздау мақсатында сальнигі бар қосымша қақпақпен жабылған.
3.1, в  суретінде  бір  айналшақпен 3 біріктірілген  қос  бұлғаққа 2 ие  айналшақты-
бұлғақты механизм көрсетілген. Бұл механизмде қос бұлғақ бірдей орындалған əрі тікелей
айналшақпен  немесе  бір-бірімен  топса  арқылы  байланысқан. Айналшақпен  байланысқан
бұлғақ негізгі, ал  негізгі  бұлғақпен  топса  арқылы  байланысқан  бұлғақ  тіркемелі  деп
аталады.
W-, Х- жəне  жұлдызша  тəріздес  қозғалтқыштарда  тіркелмелі  бұлғақтар  бірнешеу
болады.
3.1-сурет. Айналшақты-бұлғақты механизм сұлбасы:
1-піспек; 2-бұлғақ; 3-иінді  білік  айналшағы; 4-крейцкопф; 5-шток; 6-траверса; 7-
күйенте
3.1-суретте бір иінді білік болған жағдайда қарама-қарсы қозғалатын піспектері бар
қозғалтқыштардың аралық буындарға ие айналшақты-бұлғақты механизмдер көрсетілген.
Піспектің  ілгерінді-қайтымды  қозғалысын  иінді  біліктің  айналмалы  қозғалысына
түрлендірудің  басқа  да  сұлбалары  болуы  мүмкін (мысалы, айналмалы  қисық  тығырыққа

74
ие  сұлба). 3.2-суретте  бұлғақ 4, піспектер 5, иінді  білік 1, қарсысалмақтары 11 бар V-
тəріздес  алты  цилиндрлі  трактор  қозғалтқышының  тронкті  айналшақты-бұлғақты
механизм бөлшектері көрсетілген.
3.2-сурет. Трактор дизелінің айналшақты-бұлғақты механизмі:
1-иінді біліктің алдыңғы ұштығы; 2 жəне 7-тісті доңғалақ; 3-түпкі мойыншалар; 4-
бұлғақтар; 5-піспектер; 6-қарсысалмақты  жақтар; 8-бұлғақты  мойыншалар; 9-
жапсырмалар; 10-кіржинағышы бар бұлғақты мойыншаның майлы қуыс; 11-қарсысалмақ;
12-шкив
Газүлестіргіш механизмі олардың уақытылы ашылып-жабылуын қамтамасыз ететін
енгізу жəне шығару органдарына (атап айтқанда клапандар) жəне бөлшектеріне ие. Ең көп
таралған клапанды механизм құрамына үлестіру иіні, итергіштер, штангалар, иінтіректер,
серіппелер  кіреді. Газүлестіргіш  механизмі белгілі  бір тізбек  пен қозғалтқыштың жұмыс
цикліндегі енгізу жəне шығару үрдістерінің орнатылған ұзақтылығын қамтамасыз етеді.
Аталған  негізгі  екі  механизмнен  басқа  қозғалтқыш  құрылымынан  қозғалтқыштың
өзара  жылжитын  бөлшектері  мен  тармақтарын  байланыстыру  үшін  қолданылатын
берілістер механизмін атап айтуға болады. Əдетте, бұл механизмнің құрамына тегершікті,
белдікті, тізбекті  жəне  гидравликалық  берілістер  кіреді. Аралас  қозғалтқыш  жағдайында
аталған механизм оның піспекті жəне күрекше тəріздес бөлшектерін байланыстыру үшін,
дəлірек  айтқанда  күштік  турбина  қуатын  қозғалтқыштың  иінді (шығару) білегіне  беру
үшін  қолданылады. Аталған  механизмдер  қозғалтқыш  қаңқасын  құрайтын  əрі  картер
(блок-картер), цилиндрлер (цилиндрлер  блогын), цилиндрлер  ұшын (қақпағын), рама
негізін  немесе  ол  жоқ  болған  жағдайда  түпкі  мойынтіректер  салпыншағын  жəне  иінді
білік, сонымен қатар тегенді қамтитын негізгі корпустық бөлшектермен біріктірілген.

75
3.2 Піспекті топ
Қозғалтқыштың  піспекті  тобы піспектен, піспекті  сақиналардан  жəне піспекті
саусақтан тұрады.
Құрылымдық  ерекшеліктеріне  байланысты  ол  қосымша  саусақтың  өстік
жылжуларын  анықтағыш  бөлшектері  мен  піспектің  салқындау  жүйесінің  бөлшектерін
қамтиды.
Піспек. Піспек – қозғалтқыштың маңызды əрі аса жүктелген бөлшектерінің бірі. Ол
қозғалтқыштың жану камерасын құрап, оның герметикалығын қамтамасыз ететін жəне газ
қысымының күшін бұлғаққа беретін бөлшектердің бірі болып табылады, сонымен қатар,
екі  ырғақты  қозғалтқыштарда  цилиндрдегі  енгізу  жəне  шығару  терезелерінің  ашылып
жабылуын қаматамасыз етіп, үлестіру механизмінің функциясын атқарады.
Піспек (3.3, а  сурет) түбі  бар  ұштыққа 1, юбка 2, піспекті  сақиналарға  арналған
жырашықтар  мен піспекті саусақты орнатуға  арналған дөңесшеге 3 ие. Піспекке жоғары
механикалық (газдар  қысымы, инерциялар  күші) жəне  жылулық  жүктемелер  əсер  етеді.
Піспектің  бүйір  беті  цилиндр  бетімен  қозғалған  кезде  зақымдалады (тозады). Піспекті
сақиналар  мен  бүйірлік  беттің  цилиндр  қабырғасына  үйкелу  əсерінен  піспек  қосымша
қызады. Піспектің  түпкі  бетінің  жоғары  температурасынан  оның  материалының  рұқсат
етілетін  кернеулері  азаяды, бұл  басқа  да  жағдайларда  сызаттың  пайда  болуына  алып
келеді. Піспекті  сақиналардың  орналасу  аймағының  қызып  кетуі  олардың  қалыпты
жұмысын  бұзып, отын, май  шығынын  жырашықтардың  тозуын  арттырады, басқа  да
келеңсіз жағдайлар туғызады.
Піспекті  саңылауы  бар  қозғалтқыш  цилиндріне  орнатылады, алайда  піспектің
қызуы  бүйір  бетте  кетіктердің  жəне  цилиндрдегі  піспектің  құрысуын  тудыруы  мүмкін.
Піспектің  ілгерінді-қайтымды  қозғалысы  əсерінен  пайда  болатын  инерциялар  күшін
азайту үшін, оның массасы мүмкіндігі бойынша аз болуы тиіс, бұған ең алдымен піспекті
жасау  үшін, алюминий  балқымаларын  қолдану  арқылы  қол  жеткізіледі. Алайда, орташа
тиімді  қысымдағы  үдемелі  қозғалтқыштарда, алюминий  балқымаларының  төзімділігі
жеткіліксіз болған жағдайда, піспектің шойынды, болатты жəне жиі құрамдық құрылымы
қолданылады.
Құрылымы  бойынша  піспектер  типі  мен  олар  қолданылатын  қозғалтқышының
тағайындалуына  байланысты  тым  ерекшеленеді. Мəжбүрлі  тұтанатын  қозғалтқыш
піспектері (3.3, а  сурет) қабырғаларының  жұқалығымен  ерекшеленеді, бұл  материалдар
ретінде жеңіл балқымаларды қолдану құрылымның жеңілдігін қамтамасыз етеді. Мұндай
қозғалтқыш піспектерінің, əдетте, түбі жалпақ болады 1.
Піспек  пен  цилиндр  арасындағы  саңылауды  азайту  жəне  құрысу  қауіптілігін
болдырмау үшін піспекті отын қозғалтқыштар піспегінің юбкасын 2 көбінесе кесік қылып
жасайды. Ол  көлденең  қимада  сопақша  пішінге, үлкен  өсі  дөңесшелерде 3 орналасқан.
Қозғалтқыш  жұмыс  істеген  кезде  піспек  қыза  отырып, юбка  пішіні  цилиндр  тəріздес
болатындай өзгереді.
Автомобиль жəне трактор дизельдерінің піспектері жаппай тұтас, бұл дизельдерде
əсер  ететін  үлкен  механикалық  жəне  жылулық  жүктемелермен  байланысты. Түбінің
пішіні  əртүрлі  болуы  мүмкін  жəне  жану  камерасының  қабылданған  типіне  байланысты
болады. 3.3, б  суретте  жартылай  бөлінген  камерасы  бар  автомобильді  дизель  піспегі
көрсетілген (штрихтелген  түзімен  камераның  қолданылатын  түрі  көрсетілген). Дизель
піспектерінің  юбкалары 2 сопақша  пішінмен  жəне  жиі  биіктігі  бойынша  кескінделеді.
Карбюраторлы  қозғалтқыш  піспектеріне  қарағанда, дизель  піспектерінде  кесіктер
болмайды. Піспек ұшының температурасын жəне бірінші сығымдағыш сақинасын азайту
үшін  түбінің  ішкі  беті  бұлғақ  арқылы  төменнен  бағытталатын  немесе  картерден
орналасқан арнайы жылжымайтын бүріккіш арқылы май жолақтарымен салқындатылады.
Май берілісінің мұндай əдісін иінді біліктің айналым жиілігі жоғары (шашамен п > 2000

76
айн/мин) қозғалтқыштарында  қолданған  дұрыс. Қызмет  мерзімін  арттыру  үшін  көптеген
қозғалтқыштардың  жеңіл  балқымалардан  жасалған  піспектерінде  бірінші  сығымдағыш
астында  құйылған  орнатқыш 4 болады. Кейде  орнатқышты  берік  ақауға  төзімді
материалдан  жасалған  жоғарғы  қос  сақина  астында  орындайды. Тепловоз  жəне  орташа
айналымды  қозғалтқыш  піспектері  ортаңғы  тиімді  қысымы  бойынша  жоғары  үдемелі
жəне  автомобильді  қозғалтқышпен  салыстырғанда  піспек  өлшемінің  үлкендігі  бойынша
өте  қиын  жағдайларда  жұмыс  атқарады. Сондықтан  майлы  салқындатқышқа  ие
піспектердің  құрамдық  құрылымдары  жиі  қолданылады (3.3, в  сурет). Мұндай  жағдайда
піспек  корпусы 5 (тронк) алюминий  балқымадан  жасалады (кейде  шойыннан), ал
жылукернеулік  ұшы 6 легірленген  болаттан  жасалады. Қос  бөлшек  те  ұштықа 6
орналасқан сұқпалармен 9 біріктірілген. Піспек бұлғақ арқылы салқындатқыш қуысының
ортаңғы  бөлігіне  берілетін  маймен  салқындатылады, май одан  арналар 7 арқылы  ұштық
шетіне, содан  соң  түтік бойымен 8 картерге төгіледі. Крейцкопфты азғантай  айналымды
екі ырғақты дизельдердің болат (кейде шойын) піспектері қабырғалараның қалыңдығымен
өзгешеленеді. 3.3 - суретте  клапанды-саңылаулы  майалмастыру  сұлбасы  бар  кеме
дизелінің піспегі ұсынылған.
3.3 - сурет. Піспектер:
а-мəжбүрлі  тұтанатын  автомобиль  қозғалтқыштары; б-жартылай  бөлек  камералы
автомобиль дизелі; в-төрт ырғақты тепловоз дизелі; г-клапанды-саңылаулы газалмастыру
сұлбасына  ие  кеме  дизелі; д-телескопиялық  механизм  көмегімен  сұйықтық  кіресімен
салқындатылатын;
1-түбі; 2-юбка; 3-дөңесше; 4-салғы; 5-корпус; 6-басы; 7-арна; 8-түтікше; 9-сұқпа;
10-піспекті ойығына арналған сақиналы ойық; 11 - телескопиялық механизм.
Заманауи  азғантай  айналымды  қозғалтқыш  піспектері  жоғары  жылулық
кернеулікпен сипатталады жəне сол себептен ұзақ мерзімді жұмысты қамтамасыз ету үшін

77
үнемі салқындатылады. Салқындатқыш сұйықтықты піспекке жеткізу үшін крейцкопфты
қозғалтқыштарда  телескопиялық  механизм  қолданылады (3.3, д  сурет). Сонымен  қатар
соңғы жылдарда осы қозғалтқыштарда майлы салқындатқышпен қатар піспектердің сумен
салқындатуы  жиі  қолданылады. Бұл  піспек  ұшынан  берілетін  жылу  көлемін  арттырып,
оның  температурасын  едəуір  төмендетеді. Крейцкопфты  қозғалтқыш  құрылымында  май
қуысына  салқындатқыш  судың  ағуынан  сақтайтын  шаралар  қарастырылған. Тронкті
қозғалтқыш піспектері тек маймен салқындатылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет