33
Коммандитті серіктестікке
жаңа толық серіктестер мен салымшыларды
қабылдау
тек барлық толық серіктестердің келісімімен ғана мҥмкін болады.
Жаңа толық серіктестерді немесе салымшыларды қабылдау барысында
коммандитті серіктестіктің қҧрылтай қҧжаттарына келесідей ӛзгерістер
енгізілуі мҥмкін:
серіктестік мҥлкіндегі қатысушылар ҥлестерінің жаңа мӛлшері;
серіктестікті басқару тәртібін ӛзгерту;
серіктестіктің жарғылық капиталына жаңа толық серіктестермен және
салымшылардың ӛз салымдарын салудың мӛлшері, тәртібі,
мерзімдері мен
тәсілі;
жаңа қатысушыны қабылдаумен байланысты басқа да қажетті ӛзгерістер.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
– бҧл бір немесе бірнеше
тҧлғалардан қҧрылған, жарғылық капиталы қҧрылтай қҧжаттарымен
белгіленген мӛлшерде ҥлеске бӛлінген серіктестік.
Жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді
және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға ӛздерінің қосқан
салымдарының шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тҧлға болып табылады және ӛз
мҥлкі шегінде ғана барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Ал
қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің мҥлкі заңмен тыйым салынбаған, серіктестік кӛздерінен
алынған қҧрылтайшылардың (қатысушылардың) табыстарынан алынған
салымдары есебінен қалыптасады.
Жауапкершілігі
шектеулі
серіктестіктің
жарғылық
капиталы
қҧрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен
қҧрылады және 100 АЕК кем болмауы керек.
Жарғылық капиталға салым
ретінде ақша, заттар, мҥліктік қҧқықтар, соның ішінде жерді иелену қҧқығы
және интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен басқа да мҥлікке деген қҧқықтар
болуы мҥмкін. Жеке мҥліктік қҧқық және басқа да материалдық емес игіліктер
тҥрінде салымдар салуға жол берілмейді.
Жарғылық капиталдың кӛбеюі келесідей жолдармен жҥзеге асырылады
:
серіктестіктің меншікті капиталы есебінен,
оның ішінде резервтік
капитал есебінен жарғылық капиталдың кӛбеюі;
нақты қҧны баланстық қҧннан асатын серіктестіктің таза активтерін
(меншікті капиталды) қайта бағалау. Қайта бағалау тек тәуелсіз сарапшылармен
жҥргізілуі мҥмкін;
қалған қатысушылар келісім берген жағдайда бір немесе бірнеше
қатысушылармен қосымша
салымдарды енгізу;
серіктестіктің
барлық
қатысушыларымен
жасалатын
қосымша
пропорционалды салымдар;
серіктестік қҧрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.
Жарғылық капиталдың азаюы келесідей жолдармен жҥзеге асырылады:
серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының пропорционалды
азаюы; жеке қатысушылар ҥлестерінің қарыздарын толығымен немесе
жартылай ӛтеу.
34
ЖШС жоғары органы ретінде қатысушылар мен қҧрылтайшылардың жалпы
жиналысы болып табылады, алқалы орган ретінде басқарма болады.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
– бҧл қатысушылары серіктестік
міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан ӛздерінің салымдарымен,
ал бҧл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген
мӛлшерінде, ӛздеріне тиесілі қосымша мҥлікпен жауап беретін серіктестік.
Қатысушылардың
жауапкершілігінің
шекті
мӛлшері
серіктестік
жарғысында кӛрсетіледі. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның
серіктестік міндеттемелері жӛніндегі жауапкершілігі
қалған қатысушылар
арасында олардың салымдарына сәйкес бӛлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар
серіктестікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қосымша
және
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестіктер
туралы»
Қазақстан
Республикасының Заңы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: