2 - тақырып: 2.1 КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҦЙЫМДЫҚ - ҚҦҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Нарықтық
экономика
жҥйесінде
әртҥрлі
меншікке
негізделген
кәсіпорындардың ҧйымдық – қҧқықтық нысандары жҧмыс істейді. Кез – келген
кәсіпорынның қҧқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпорынның ҧйымдық - қҧқықтық нысаны келесілермен анықталады :
жарғылық қордың қалыптасу тәртібімен;
кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауапкершілік дәрежесімен;
меншік нысанымен.
Қазақстанда кәсіпорындардың барлық ҧйымдық – қҧқықтық тҥрлерінің
қҧқықтары мен мҥмкіндіктері бірдей және заңдық тҧрғыдан кепілдендірілген.
Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысысының ӛз артықшылықтары мен
кемшіліктер бар.
Заңды тҧлғалар коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар
нысандарында қҧрылуы мҥмкін (2 – сурет).
Коммерциялық ҧйымдарға
шаруашылық серіктестіктер, ӛндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар,
мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Заңды тҧлғаны қҧру ҥшін қҧрылтай қҧжаттарын: жарғы мен қҧрылтай
келісім – шартын әзірлеу қажет.
Жарғыда келесідей ақпарат кӛрсетіледі:
ҧйымның ҧйымдық – қҧқықтық нысаны;
фирмалық аталуы;
орналасқан жері; аты кӛрсетілген қатысушылар тізімі, орналасқан
жерлері, мекен-жайлары, банктік реквизиттері (егер қҧрылтайшысы заңды
тҧлға болса), немесе тӛлқҧжат бойынша аты, берілген жері мен уақыты,
қҧжаттың берілген мәліметтері (егер қҧрылтайшы жеке тҧлға болса);
қызмет ету аясы мен мақсаты;
жарғылық капиталдың мӛлшері туралы мәліметтер, қҧрамы мен
қалыптасу тәртібі, басқару мен бақылау органдарының қҧзіреттілігі;
пайда мен зияндарды бӛлу тәртібі;
қайта қҧру мен жою тәртібі және шарттары.