КІРІСПЕ Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін арттыру мәселелері
ҧлттық экономика жҥйесінің ҥйлесімді қызмет етуіне және оның
ҧйымдастырушылық
–
экономикалық
механизмдерін
жетілдірумен
байланысты. Бҧл жағдайда кәсіпорындар мен ҧйымдардың кәсіпкерлік
қызметін дамыту ерекше рӛл атқарады. Ол, ӛз кезегінде, кәсіпкерліктің
теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілерін терең меңгерген, жоғары
білікті экономистер мен басқару жҥйесіне кадрлар дайындау сапасына тікелей
байланысты. Сондықтан да Қазақстанның экономикалық жҥйесінің
шаруашылық жҥргізу
объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін ескере
отырып, олардың кәсіпкерлік қызметіндегі ҧйымдастырушылық – қҧқықтық,
әлеуметтік – экономикалық мәселелерін зерттеу мен меңгеру ҥшін оқу –
әдістемелік материалдарды
дайындау мен жариялау қажеттілігі туындап отыр.
«Кәсіпкерлік» оқулығында ҧлттық экономиканың аялары мен салаларында
бәсекені кҥшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және
тәжірибелік негіздері қарастырылады.
Оқулықта кәсіпкерлік қызметті ҧйымдастыру мен оның тиімділігін
бағалаудың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қолдаудың
мемлекеттік механизмдерін пайдаланудың инновациялық нысандары мен
әдістері кӛрініс тапты. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мәселелерін жҥйелі
тҧрғыдан сипаттау мен зерттеуге, маман-кадрлармен қамтамасыз ету мен
кәсіпкерлік қызмет инфрақҧрылымын қалыптастыру мәселелеріне ерекше кӛңіл
бӛлінген. Кәсіпкерлік қызмет аясында келісімшарттық және іскерлік
қатынастарды ҧйымдастыру мәселелеріне; кәсіпкердің жауапкершілігіне;
кәсіпкерлік қҧпияға, оны қорғау тәсілдеріне, тәуекелді бағалау мен басқаруға,
тиімділікті талдауға, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті тоқтату
механизмдеріне ерекше мән берілген. Оқулықта кәсіпкерлікті мемлекеттік
реттеу мен қолдау механизмдерін пайдаланудың әдістері кӛрсетілген,
кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілікті арттырудағы рӛлі де жҥйелі тҥрде
келтірілген.
Оқулықта
ҧлттық экономика жҥйесіндегі кәсіпкерлік қызметтің теориялық,
әдістемелік және тәжірибелік материалдарды оқып-ҥйренуді жеңілдету ҥшін
суреттер, кестелер мен кӛрнекті қҧралдардың басқа да тҥрлері кеңінен
пайдаланылды. Сонымен қатар қарастырылатын тақырыптар бойынша
студенттер ӛздерінің білімін бақылауына арналған сҧрақтар мен пән
мазмҧнына қатысты глоссарий да енгізілген.
Оқулықтың
мазмҧны,
қҧрылымы
Қазақстан
Республикасының
экономикалық мамандықтарына арналған мемлекеттік жалпыға бірдей білім
беру стандартының типтік оқу қҧралына сай келеді.
Оқулық студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға, сонымен қатар
кәсіпкерлік қызмет аясында ӛз білім деңгейін арттырғысы келетін азаматтарға
арналған.