Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Мәтінді түсініп оқы. Аман мен телефон



Pdf көрінісі
бет50/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
2. Мәтінді түсініп оқы.
Аман мен телефон
Асан  ағайдың  Аман  деген  баласы  бесінші  сыныпта 
оқиды. Оның бір жаман әдеті – мектептен үйге келген 
бойда  телефонның  құлағына  тыныштық  бермейді.  Өзі 
секіріп ойнап тоздырған орынжайға жатып алып, До-
сан досымен ұзақ сөйлеседі. Міне, ол:
–  Аллооо!  Досан!  Есебіңді  шығардың  ба?  –  деп, 
орынжайға шалқасынан жатып алып, таңқыш танауын 
аспанға көтерді.
–  Есепті  шығардым,  оны  сенің  дәптеріңе  көшіріп 
қойдым, – деп, Досан мақтанып, маңғаздана жауап берді. 
Аманның ағасы Ақай інісінің кесірленіп жатқанын 
көріп қалып:
– Телефонмен жатып алып сөйлескенің – әдепсіздік 
қой, – деп кейіді.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


67
– Көке, кедергі жасамаңыз! – деп, Аманның көзі ша-
расынан шығып кете жаздады.
– Үйге берілген тапсырманы Досанға орындатқа  ның – 
жалқаулық қой, балам, – деп, Анар ана қабағын түйді.
– Мен жалқау емеспін! – деп, Аман қолын бір сілкіп, 
телефон тұтқасына жармаса түсті.
–  Аллооо!  Аллоооо!  Досан,  мен  әлгі,  білесің  ғой... 
Иә, сол қызбен ұрсысып қалдым... Қойшы, ей...
Аманның телефондағы «жыры» таусылмады. Сөйтіп, 
ол уақытты ұтымды пайдалану туралы өзі түзген күн 
тәртібін ұмытып кетті. Келесі күнгі сабақтан зорға де-
генде «үштік» арқалап қайтты.
– Телефонның кесірінен оқудағы үлгерімің бір жақ-
сармай қойды, – деп, Асан ағай кейіп жүр.
Ал  Аман  кейімейді.  Өйткені  онда  әдеп  пен  намыс 
жоқ. Әдепсіз, намыссыз бала әке-шешенің тілін алмай
оларды ренжітіп, өзіне бақытсыздық әкеледі.
Әдібай Табылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет