Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған


 Өлеңді тыңда. Білім керек бәріне



Pdf көрінісі
бет53/99
Дата31.12.2021
өлшемі4,95 Mb.
#23387
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
 2. Өлеңді тыңда.
Білім керек бәріне
Корабльді басқарып,
Көк жүзіне самғасам.
Тауды бұзып, тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам.
Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам...
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Фариза Оңғарсынова
3. Өлеңге сүйеніп, «Адамға білім не үшін керек?» деген сұрақ-
қа жауап беріп көр.
Өлеңді мәнерлеп, жатқа оқи 
аласың.
Білім керек бәріне
25
 
оқусыз
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


71
Фариза Оңғарсынова – ақын, аудармашы
Фариза  Оңғарсынова 
(1939–2014) 
Атырау  облысы  Исатай  ауданы  Ма-
наш  ауылында  туған.  Көптеген  жыр 
жинақтардың  авторы.  «Үйім  –  менің 
Ота ным»  және  т.б.  жыр  жинағы  бала-
ларға арналған.
5. Өлеңді түсініп оқы.
Білім
Өтебай Тұрманжанов – балалар 
жазушысы, аудармашы
Өтебай  Тұрманжанов 
(1905–1978) 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  туған.  
Балаларға арналған «Қарлығаш», «Жау-
қазын» және т.б. жыр жинақтары бар.
4. Түсініп оқы. Өлеңнің авторы туралы түсінгеніңді айт.
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең, кетпейді.
Өртіңе ол күймейді,
Ұрылар да тимейді.
Жатып ішер жамбастап,
Жалқауды ол сүймейді.
Өтебай Тұрманжанов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет