94
көрсетті. Не шаруамен жүргенін сұрады. Әмзе бақыт
құсын іздеп шыққанын айтты.
– Қап! – деп өкінді қария, – Бақыт құсын қолыңнан
ұшырып алыпсың-ау!
– Жо-жоқ, – деді Әмзе иландырып, – мен бақыт
құсын кезіктіре алмай жүрмін.
– Жолықтың, бірақ – танымадың.
– Қашан? Қалай байқамай қалдым?
– Сен оны байқай да, бағалай да алмадың. Бақыт
құсы жас кезіңде қонған еді.
– Әлде, балалықпен байқамадым ба?
– Айтайын, жолаушы. Сен бақыт құсын босқа іздеп
шаршадың. Ол адамды өзі іздеп келеді. Сен жас кезіңнен
еңбек істесең, бақытты содан табар едің. Енді кеш. Өйткені
сен өміріңнің жартысынан көбін адасып жүріп өткіздің.
Енді ерінбей еңбек етуге үйрене алар ма екенсің? Бақыт
құсы тек еңбекқұмарларға ғана қонады. Сондықтан бақыт
құсы сенен ұзап кеткен.
Өкініш өзегін өртеген Әмзе бармағын тістепті.
Ыбырай Алтынсарин
Достарыңызбен бөлісу: