7-тапсырма. Мәтінді тыңдап, екі жолаушының сырт бейнесін сипат
тайтын сөздерді теріп жаз. Уақыты – 10 минут.
8-тапсырма. Мәтінді тыңдап, берілген үзіндінің әңгіменің компо зи
циялық жүйесіндегі орнын анықта. Уақыты – 10 минут.
9-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсін дір. Көріктеу
құралдарын талда.
Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая
бастаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұл
ғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе тел
міре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті.
Жасы он алтыон жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөл- діреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі
жалаң көк көйлегі тозған. Шынтағындағы білдіртпей салған жамауын да
күйші көзі шалып қалды. 10-тапсырма. «Күй ойнайды қазағымның қанында...» деген тақырыпта
эссе жаз. Эсседе күй құдіреті мен күйші шеберлігі туралы және күй аңы
зындағы кейіпкерлер психологиясы туралы мәселелерді қарастыр.
11-тапсырма. «Күй аңызы» әңгімесінің көркемдігі мен идеясы туралы
сыни пікір жаз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217