Сөж Тақырыбы: Ақын-жыраулардың жиырма бес жасқа қатысты шығармалары



Дата24.03.2023
өлшемі170,05 Kb.
#75894
Байланысты:
АСЕМ РЕФ


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі.
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Филология факультеті



сөж

Тақырыбы: Ақын-жыраулардың жиырма бес жасқа қатысты шығармалары.


Орындаған: Елшібек Ә.Р
Тексерген: Дарибаев С.Д

Алматы 2023.


Қашанда заманның бет-бейнесін өрнектеп, ғаламның түрлі құбылыстарына баға беретін тұлғалар - өнер иелері екені даусыз. Өнер иелерінің ішінде табиғат берген ақындығының арқасында мынау пәниге өзгеше көзқараспен қарайтын ақын- жырауларымыздың орнын бөліп көрсетсек болады.
Жыраулар поэзиясы – әдебиетіміздің алтын діңгегі. Жыраулар поэзиясы – сан ғасыр соқпағында сынбаған қазақ тарихының айнасы. Сыпыра жыраудан басталып, 18 ғасырдың көмейінен жыр өрген айтулы жырауларына дейін жалғасатын ұлы көш мұрасы жылдар желісінде биіктей бермек. Өйткені, жыраулар – небір тағылымға толы өсиет қалдырған ақылгөй данышпан бабаларымыз.
Қазақтың көне ауыз әдебиет нұсқаларында жырау қазақта ақындықтың ең көне түрі болғанға ұқсайды. Өйткені, қазақтың батырлар жырында алғашқы ақынның аттары: Сыпыра жырау, Шәлгез жыраулар. Ал 18 ғасырда Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Үмбетей жыраулар аталады. Онан бергі ғасырларда Жанкісі жырау, Базар жырау, Мұсабай жырау, Сабыр жыраулар болды. Біздің дәуірімізде жырау атымен аталып келгендер Мұрын жырау.
Әдебиеттану терминдер сөздігінде «Жырау – ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау жырларды шығарып айтушы, жыршы болумен қатар ойшыл, ақылшы, көреген, сәуегей. Соғысқа кірер алдында бата беріп, толғау жырлар айтып жауынгерлер рухын көтеретін, саяси, әскери, дипломатиялық істерге кеңінен араласқан,мемлекет басшысының кеңесші қызметін де атқарған. Ал, «Қазақ Кеңес Энциклопедиясының» 4-томында: « Жырау – ерте кездегі халық поэзиясын дамытушы, өнегелі ақын әрі елдің ақылгөй ақсақалы. Ақылының, ақындық талантының арқасында халық ішінде зор бедел тапқан жырау бірте-бірте тайпа көсемі дәрежесіне дейін көтерілетін болған. Ескі заманда ру көсеміне жаугершілік күндер қолбасы батыр міндеті де жүктелетін. 15-17 ғасырларда жасаған Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет, Жиембеттер тек ақын ғана емес, әрі ру, ұлыс басшысы, әрі батыр, яғни шын мәніндегі жыраулар болды»
Жыраулар – кейде астарлы, кейде тура мағынасында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын тізбектей білген жүйелі де жүйрік логиканың шеберлері. Қанатты да тұспал, келелі де кемеңгерлік куәгерлеріне тән асқақ та асыл сөз зергерлері, қатарынан озып шыққан зерделі де зерек, түбірлі сөздің түбін түсірер, дүбірлі дауға, бітімсіз жауға қарата тіл қатып мәмілеге жүгіндірер құдіретті күш иегерлері, қаһарлы сөздермен қазақ батырларын қамал бұзуға бастаған, дуалы ауыздарынан шыққан сөздері қарсыласын өртеп жіберер от жалын шашқан жайсаңдар. Оларды халық қаһарлы хандардың қатал да өрескел әмірлеріне қарсы тұрарлық кемел ақыл иелеі, адамгершіл адал жандар, әділет пен ар-намыстың ажырамас жақтаушысы, зорлықшылардан қорлық көргендердің сүйеніші, қара қылды қақ жаратын туғансыз тура биліктің, тұрлаулы төреліктің, қазасыз қазылықтың, шытырман шындықтың қасқа жолын қасқиып тұрып батыл айтса да, сол үшін күрессе де, қарсыласын сөзден жығып өзіне көндіре алатын да асқан ақыл иегерлері, сөйлер сөзге келгенде мүдірместен табан асты шиыршық атқан шешен, ещ пәледен қысылмай шебер шешімін ұсынып, бітпесті бітістіріп, келіспесті келістіріп, сөз құдіретімен өздерін мойындатқан жыр иесі ретінде таниды.
Жастық шақ – адам өміріндегі ең бір ғажайып кезең. Жас адамның бойында қажымас қайрат та, орасан үлкен күш-қуат та болады. Жас кезінде небір қызық думандар мен керемет сауық-сайрандарды
өткерген жырауларымыз да оралмас сол шақты ыстық ықыласпен еске алады. Әсіресе, жастық шақты айтқан кезде жиырма бес жасқа ерекше тоқталып, бүкіл жас кезіндегі өмірінің шуақты сәттерін осы жас төңірегіне телиді. Осы орайда, жыраулар поззиясында жастық шақты жырлаудың екі түрлі тәсілі бар деп ойлаймын:

1. Әр кезеңге сипаттама беру арқылы жырлау.
2. Жиырма бес жаспен байланыстырып толғау.

Бұқар Қалқаманұлы (1684—1781) Кәріліктің осындай өңсіз сипатына жырау жайнаған жастық шақты қарсы қойып, оның албырт бейнесін мадақтайды. Бұл кезеңді «Атан болған жиырма бес» деген өлеңінде желпіне суреттейді. Ақын жиырма бес жастағы адамның ең бір қажырлы кезіне лайық әсерлі сөз, өткір тіл тауып айқын образ жасайды.


Қызықты күнде қыздырған,
Асуды талқан бұздырған
Қызды ауылды көргенде
Бұлаңдаған жиырма бес
Төстен қашқан түлкідей
Сылаңдаған жиырма бес.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Ақын-жыраулар шығармашылығындағы әр жасқа сипаттама беру арқылы жырлау дәстүрі тек Бұқарға ғана тән емес. Бұл тәсіл жастық пен кәрілік турасында толғаған ақын-жыраулардың ерекше қолданған тәсілі. Мәселен, Шал ақын:Он бестегі жасым-ай,Жарға ойнаған лақтай.Жиырмадағы жасым-айКөлге біткен құрақтай.Отыздағы жасым-ай,Таудан аққан бұлақтай.Қырықтағы жасым-ай,Қырымдағыға көз салғанЕрттеулі тұрған құр аттай,-дей келіп,Елу деген жасыңыз.Ел көшкендей бел екен.Алпыстағы жасыңыз,Қоңыр салқын күн екен.Жетпіс жасқа келгендеҚараңғы тұман түн екен.Сексен жасқа келгенде,Қазулы тұрған көр екен.Тоқсан жасқа келгендеӨлімнен басқа жоқ екен,- дейді.Жастық жайлы толғағанда жыраулар поэзиясынан сол тәтті шаққа деген ерекше сағыныш, аңсау лебі есіп тұрса, кәрілік жайында айтқанда мұң, нала сезімдері көрініп тұрғандай әсер қалдырады.
Екі ауылдың арасын қиқулатқан жиырма бес.
Бұғалықсыз асауды құр-құрлатқан жиырма бес.
Тыным таппай түн болса сығалатып сыртынан үй тыңдатқан жиырма бес.
Шыштақтатып қасына шырт ұйықтап жатқанда тұр-тұрлатқан жиырма бес.
Жалтарғанды жаздырмай қыран шалған қояндай бұлтылдатқан жиырма бес...«Ой-хой, жиырма бес!». Жоғарыдағы «Жиырма бес» атты толғаудың иесі айтулы Базар жыраудың жастық шаққа деген сағынышы осындай керемет толғау арқылы көрінеді. Абылай ханға айтқан толғауында:Жиырма беске келгендеБақыт берді басыңаТақыт берді астыңа,-деп төгілткен Бұқар жырау да, Жиырма бес енді келмес албырт жасың, Қайратың қиратқандай таудың тасын,-деп жырлаған Шал ақын да әсте, жастық шағында мынау жалғанның қуанышын бір кісідей көрген адамдар екеніне дау жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет