1-тапсырма. Жырда қандай оқиға суреттеледі? Түсін гендеріңді баяндап
беріңдер.
2-тапсырма. Жырдың идеясы неде? Жырда қандай ұлттық дәстүр туралы
айтылады?
3-тапсырма. Жырдағы кейіпкерлердің есімдерін дәптерлеріңе теріп жа
зып, әрқайсысына мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. Үзіндіні оқи отырып, жалғасын өз ойларыңмен қорытын
дылаңдар.
«Күндерден күн өтіп, тәңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді.
Мұны есіткенде бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады. Байбөрі бек өзінің
саудагерлерін шақырып алып, бұйрық берді: «О, саудагерлерім, тәңірі
мені жарылқап ұл берді. Балам өскенше Рум еліне барып, соған жақсы
қаружарақ әкеліңдер», – деді. Саудагерлер жол шегіп, Стамбұлға келді.
Бағалы бұйымдар, оған жақсы тартулар сатып алды. Олар Байбөрі бала
сына бір теңіз айғырын (су жылқысын), бір емен садақ, бір күрзі (шоқпар)
сатып алды. Сөйтіп, еліне қайта тартты. Бұл уақытта Байбөрінің баласы
бес жасқа толып еді. Одан соң ол онға, он беске толды. Өзі сұлу, жақсы
жігіт болып өсті».