Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет25/141
Дата14.04.2022
өлшемі2,02 Mb.
#30976
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141
Байланысты:
Қазақ әдебиеті 8 сынып

8-тапсырмаҚожа Ахмет Ясауидің осы туындысы туралы айтылған пікір
лерді теріп, берілген кестеге толтырыңдар.
Ғалымның аты-жөні
еңбегінің аты 
Ғалымның пікірінен 
үзінді
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


31
9-тапсырма.  «Диуани  хикмет»  құрылысы  жағынан  неше  буынды?  Бір 
шумақты қанша тармақ құрайды?
10-тапсырма. Қожа Ахмет Ясауи мен Әмір Темірдің тарихтағы рөлін баға
лай отырып, ақын еңбегінің өміршеңдігі туралы әдеби эссе жазыңдар.
Диуани хикмет («Даналық кітабы») – Қожа Ахмет Ясауидің сопы
лық идеясын жыр еткен, дидактикалықэтикалық мазмұндағы әдеби 
шығармасы.
Даналық кітабы
(«Диуани хикмет» еңбегінен)
Хикмет
Даналардың айтқаны келер болды,
Қияметтің қияпаты төнер болды,
Ақымақтар айқаймен жеңер болды,
Бұл не деген замана болды, достар?
Халайықтан мейірім мен рақым кетті,
Момынға телітентек зақым етті,
Тал түсте талапайда ақыл кетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
Үлкенкіші адамнан ибалық әдет кетті,
Қызбозбала жастардан әдеп кетті,
Мінезқұлықты бұзатын әлек жетті,
Бұл не деген замана болды, достар?
Мұсылманды мұсылман түтіп жейді,
Бірінбірі ұқпайды, түсінбейді.
Мұриттер пірге көз қырын түсірмейді,
Бұл не деген замана болды, достар?
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшаларға әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


32
Дәруіштер дұғасының шипасы жоқ,
Тым болмаса үстінде лыпасы жоқ,
Құнарсыз қу тақырдай бұтасы жоқ,
Бұл не деген замана болды, достар?
Азған заман ғалымы залым болар,
Қошеметшіл қулықпен мәлім болар,
Анығын айтқан адалдар жазым болар,
Бұл не деген замана болды, достар?
Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Жалғандыққа шындықтың қайраны жоқ,
Шындықты айтып осылай шырқыраған,
Құл Қожа Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.
1-тапсырма.  Ақын  өз  шығармасында  нені  басты  мақсат  етіп  көрсетеді? 
Шығарманың жанрлық ерекшелігі неде?
2-тапсырма.  Ясауи  хикметтерінің  идеясын  анықтап,  дәптерлеріңе  жа
зыңдар.
3-тапсырма.  Ясауи  хикметтерінде  қоғамға  қандай  баға  беріледі?  Ақын 
сомдаған  әрекеттерге  қандай  баға  бересіңдер?  Ясауи  жырлаған  қоғамға 
мінездеме беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет