176
12-тапсырма. Оқыған екі фантастикалық әңгімеден алған әсеріңді сипат
тап авторға хат жаз.
Хатта көркем шығармадағы фантазия және шығарма
көркемдігі туралы пікіріңді білдір.
13-тапсырма. Берілген сұрақтарға шығармадан үзінділер келтіре отырып
жауап бер.
1. Қазақ және шетел көркем әдебиетіндегі фантастика жанрында жа
зылған басқа қандай шығармаларды білесің?
2. Фантастика жанрында жазылған шығармалардың көбіне не себепті
аспан әлемі туралы оқиғалар баяндалады деп ойлайсың?
3. «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» әңгімелерінде қандай ғылым са
лалары туралы айтылады?
4. «Дабыл» әңгімесінде айтылатын көне түркі жазуының тарихы ту
ралы не білесің?
5. Басқа планеталықтар қандай бейнеде болуы мүмкін? Ойыңды су
ретке сал немесе басқа планеталық бейнесін сипаттап жаз.
Аспан кемесі біршама уақыт тымтырыс тұрды. Сонан соң
астыңғы жағынан сыр етіп кішкене кабина жерге түсті.
Кабина ішінен үш адам шықты. Киімдері ақшаңқан
түсті. Өздері денелі. Белдеріне жалпақ өрнекті белдік
буынған. Шаштары қысқа. Сақалмұрт қойғандары да
алыстан аңға рылады. Қолдарында қолшамы тәрізді бір
де ңелері бар.
Сол кезде олардың ортадағысы:
– Сіз кім боласыз? – деп көне түркі тілінде сөйледі.
– Қазақ деген ел боламыз, – деді Төлен де сол тілде.
– Қазақ...
– Иә.
– Мына таңба жазуды қай кезден білесіз?
– Жыл есептеуіміз бойынша VI–VIII ғасырлардан бері.
– Түсінікті, – деді
аспан адамдарының ортадағысы, –
сіздер бүгінде де осы таңбаәріпті қолданып,
осы тілде
сөйлейсіздер ме?
– Иә... – деп Төлен көкейіне «Біз әлде қашан басқа
ұлттың әріптік жүйесіне ауысып кеткенбіз»
деген сөз
сайрап тұрса да, сасқанынан жалған айта салды.
Жаңа Ай туар күннің
қарсаңы болғандықтан
ашық аспанда тек жұлдыздар ғана мен мұнда лап
жымыңдаумен көз тартты.
Жұлдызшы ға лым балалық
шағынан арман еткен осы бір маманды ғына дән риза
болғандай аспан күмбезін бұрыла қарап шықты.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217