Мәңгілік бала бейне
Меңіреу қалпы, делсал болып мүлгіген жымжырт түнді бетке алып,
терең сайға шыққан Ләйләқыздың жолында қара жамылған әлде бір
бейне қараңдап, сусып барады. «Жапан түзде жүрген неғылған жан?» –
дейді қызкөңіл алабұртып. «Мен адамдар әулетінің рухымын», – дейді
бейтаныс үрейлі үн сонау алыс бір жақтан дауыс салып. Терең сайға бет
алған Ләйләқыз бұл сәтте беймезгіл рух тұрмақ, адамзат қасиетінің өзіне
де сенуден қалған. Тек қана осындай меңіреу түнді, сол түнмен аймала
сып, толықсып тұратын қияқтай әдемі Айды сырлас еткен. Көкірегін кеу
леген мұңарызын осы арада, терең сайда сыбырлайтын. Дөпдөңгелек Ай
толықсып, сүттей аппақ көркімен қара жамылған Қарауылға сән беретін.
Кейде үңіліп қарап қалған кіпкішкентай Ләйләқызбен, бытшыт бо
лып айырылып жатқан Қарауылдың жеріне есіркей қадалатын. Біресе
осы түнді де, кішкентай ауылды да менсінбей, қиғаштай шалқайып
керіліп жатып алатын. Бәлкім, сонда үңірейіп, ойылып жатқан жаралы
12–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
178
жерге қарап: «Апырай, сенде шыныменақ қасиет қалмаған ба? Тозған
шүберектей осынша жырымжырым болып, не күн туды? Түн ішінде
сайға келіп, жасырынған мынау неғылған жан? Он алтыдағы бойжет
кен қыздың кейпі ме? Сорлыау мәңгі бақи бала кейіпте қалуыңа не се
беп болған, бұл азаптың қай түрі?» – деп бұлардың өздеріне кінә артып
тұра ма? Әлде Қарауылдың жеріндегі бар сойқанды сезіп, әлдекімдерге
көктен аңырап, қарғыс айта ма, әйтеуір, жанындағы жұқалтаң бұлттарға
екі бүйрегін кезек тіреп алып, зарлап тұрғандай көрінеді. Ләйлә Айға
қараған қалпы қалғып бара жатыр екен, селт етіп, көзін ашты. Жана
рынан үзілген бір тамшы жас дір етіп, иегіне құлады. «О, жарық Ай,
мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым
дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім
кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам
емес, адам пейілін тәубеге түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары
мені көрген сайын: «Мұны Алла тағала адамдар тәубесіне келсін, қол
аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп
жаратқан», – дейді. Солай ма, жарық Ай? Мен саған ғана, сенің өзіңе
ғана сенемін. Тым болмағанда үмітімді сен ақтарсың. Сонда бұл жұрт
нені айтады? Мен кіммін, осы? Мәңгілік пе? Шыныменақ мәңгілік өспей
қалған бала кейіп пе?» Ләйләқыз сөйлеп отыр. Мылқау Ай дөңгелеп
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
179
алыс тап барады. Ләйләні де, жерді де аймалап барады. «Өз жасыма лайық
қыз болғым келеді. Иә... иә... Менің де әпәдемі, нәпнәзік қыз болғым
ке...л...е...ді...». – Ләйлә, жаңағы өзі жасырынып отырған қапқараңғы
терең сайдан жүгіріп шықты. Жасаурап, үкідей қадалған қыз көзіне сұп
сұлу, аппақ Ай үрке қашып бара жатқандай көрінді. Сол сегіз жасар
мәңгілік бала бейнеде өспей қатып қалған Ләйлә, тамыры адырайған егде
қолдарын сермеп көкке көтерді.
– Е...е...е...ей... Қашпа, менен, қашпа! Бәрібір, сені тауып аламын.
Жасқандың ба, сен де менен жиіркенемісің, сен де менен қорқамысың,
жарық Ай?!
Ай барған сайын алыстап, сырғып барады... Мүгедек қызды да, жы
рымжырым болып айырылған жер бетін де менсінбей, қапқараңғы түн
серігін қолтықтап, толықсып, керігіп барады, ұзап барады. Ләйләқыз
одан сайын дауыстап, қол бұлғап айғайлап тұр.
Үй ішіндегі өзіне тосырая қарайтын, ішіпжеп қадалатын көздерді
көргісі келмеді. «Жұрт ұйқыға батқанша отыра тұр сам да болар» деп
есік алдында кідіріп қалды. Сол сәт тосын шыққан дауыстан шошып
кетіп, баж ете түсті. Қатира екен.
– Әй, қас қарайса, жын қуғандай осы сен қайда кетесің? Не пәлең
бар, а?
Ләйлә үнсіз төмен қарады. Ісініп, қызарған жанарын да, әбден сілесі
қатып шаршаған күйін де тәтесіне сездіргісі келмеді. «Менің мұңымды
бөлісер Қатира ма, онан да үнсіз тұр ға нымның өзі жақсы» дегендей ләм
мим деп тіс жармады.
– Қайда жүрсің деймін мен саған?
Ләйлә тағы да үн қатпады. «Жоқ, жоқ. Терең сайда отыратыным
ды ешкімге, ешбір жанға айтпаймын. Мен Аймен кездесуге, сонымен
сырласуға барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған
соң терең сайға жүгіремін. Ол сәтте мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар,
мені көрмеңдер!»
– Е, енді саған жетпей жүргені меңіреулік пе еді? Оған да жетерсің,
меңіреу де атанарсың.
Қыздың көзі жарқ етті. Қатира мырс етіп, айызы қанғандай қыздың
аяққолына сұқтана қарады. Ләйләқыз мүгедек денесіне сабырлылық
жинай алмай, ызаға булығып, қалшылдап барады. Қолы мен аяғына
әлдекімнің көзі түсе қалса, қу жанын қоярға жер таба алмай намыста
нып, есі шығатын. Мынау шамадан тыс үлкейіп бара жатқан егде қолдар
мен жетілмей қалған аяғына ешкімнің көзі түспесе екен, байқамаса екен
деп зар қағатын. Ал, Қатира болса әдейі қақшиып, шошына именіп,
мұның жанды жеріне тие түскісі келгендей сұқтана, жиіркене көз таста
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
180
ды. Осындайда Ләйләқыздың жаны шырқырап, жасырынар жер таппай
алас ұрады.
...Жетілмей қалған сәби бетін жапжалпақ алақанымен басып алып,
жүресінен отыра кетті. Сол қалпы пысылдап бастап, төзімі таусылып,
көз жасына ерік берді. Мұндайда бүкшиіп, босағада жылап отырған
Ләйләқызға бірдебір жан: «Әй, мынаған не болды, тиіскен кім?» –
деп сұрамайды да. Бәлкім, осылай бейшара күй кешіп, жылап отыруы
заңдылық деп ойлай ма? «Ей, байғұс, көз жасыңды біз емес, Құдай
көрсін. Соның ілтипатын күт, пейілін көр!» – дей ме, теріс қарап күбірлеп
өте шығатын. Ләйлә мұны да сезетін. Түн ішінде жарқырап, толықсып
шығатын мылқау Айды есіне алып, терең сайға қарай жүгіре жөнелгісі
келетіні де сондықтан. Терең сайға түскен Ай сәулесі бұрынғысынан да
жапжарық. Жер бетін кезіп, жылжыған қалпы Ләйләқызды іздеп жүр.
Қарауылдың суынан да, жерінен де, тауынан да сұрап, беубеулеп іздеу
салады. «Қайда кеттің? Неғып бүгін терең сайда жоқсың?» деп анадауыс
жыпжылы алақанымен қолын жайып, сай ішінде қалықтап жүргендей.
Түн жамылған сай ішін жапжарық Ай таң атқандай ағартып бара
ды. «Құлынымай» деген анадауыс еміреніп келіп, сай ішін жағалап
кетті. Солақ екен тыптыныш бір әлем орнады да, көкірегі қарс айыры
лып, анабейне дауыс салды. «Сен құрсақта жатқанда Дегелең тауының
түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басыл
ды ма? Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып,
шыр етіп, қолдыаяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдетің ес
білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыстаудың етегінен көтерілген ауадағы
қыпқызыл саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып, жүгіре
жөнелетін едің, қазір ше? «Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын
саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді», – дейтін ең. Сонда әжең
жарықтық: «О, қарғатайымау! Сен де, Құдай жеткізсе сол саңырауқұлақ
сияқты жұрттың көзінің жауын алып, лаулап тұратын боласың», – деп
мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. «Қазір қайдасың? Қайда кетіп
қалғансың?» Сай ішіндегі дауыс әлсіреп сөніп, Ай көтеріліп, биіктеп
бара жатқандай болды. Сол қалпы, терең сайдағы әр тобылғының түбінен
Ләйләқызды іздеп, кезіп барады. Бірақ бұл жолы Ай бетіне еміреніп
қарайтын терең сайдағы қыз бейнесі көрінбеді. Адамдар қарақұрым бо
лып, көп жиналған жерден бойын аулақ салып, көзге түспеуге тырысып
жүруші еді. Қатира қоярдақоймай бұған жікжапар болып, жабысып
алды.
– Жүр, Қарауылда той бар. Сонда барайық. Сен сорлы да бір сейіліп
қайт.
Ләйлә не айтарын білмей, кезерген жұқалтаң ернін тістелей берген:
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
181
«Елдің көзіақ... Жұрттың сөзі...» Бұл ойын Қатираға сездіріп, мүсәпір
күй танытқысы келмеді. Сылтауратып: «Шаршап отырмын», – деген.
– Қойей, жүр енді, жүр! – деп, әйел қызды жұлмалай берді де,
көнбейтін болғасын, қолын әр жерден бір сумаңдатып, қытықтай баста
ды. Қыз қарқылдап кеп, қыстығып күле орнынан көтерілді де, үпүлкен
алақанымен әйелді кеудесінен итеріп қалды. Сол сәт, Қатираның өңі құп
қу болып кетті.
– Бармасаң қой әрі!
– Барамын! – Кенет Ләйлә әлдекімге ерегіскендей, «барамын» деді.
– Ләйлә, Ләйлек! Ақ Ләйлек!
Қыз жыпжылы жігіт дауысына елең етті. Қаптаған жұрттың ара
сынан әлдекім жырылып қолын созып бұған қарай жақындай түсті.
«Ой...й, – деп таңданды қыз. – Құмарды қара, Құмар! Қандай әдемі бо
лып өсіп кеткенсің. Ғажап! Өзіммен бір партада отырған Құмарым ғой,
көршім ғой. Құмар... Иә, сен мені үнемі «Ләйлек, Ақ Ләйлек» дейтінсің.
«Ләйлек деген құстың аты. Ол сондай нәзік, сүйкімді құс» дейтінсің! Қыз
біртүрлі есінен адасқандай есеңгіреп тұрып қалды.
– Таныдың ба? – деді жігіт ақырын жымиып.
– Таныдым. Heгe танымауым керек? Сен сондай өзгеріп, әдемі болып
кетіпсің. Бақыттысың ғой... Кешір мені, ренжіме...
– Сен де... сен де бақыттысың, Ләйлек. – Құмар қыздың мәңгілік
құрысып қатып қалған бала бейнесіне мән бермеді, көрмегенсіді,
білмегенсіді. Қыздың онсыз да өзіне қадалған мұңлы жанарына жара
салғысы келмеді. Оның ішкі дүниесінің ойсырап тұрғанын да сезбеген
дей, қыздың кіпкішкентай иығына қолын салып:
– Ләйлек, жүр билейік. Мен сені биге шақыруға келдім.
Сол сәт, жәудіреп қараған Ләйләқызды жерден көтеріп алып,
маңдайынан сүйді. Қыз жүрегі езіліп кетті. Жігіт қызды көтерген қалпы
қаптаған көпшіліктің дәл ортасына еніп барады. Екеуі де бүкіл дүниені
бір сәт ұмыт еткендей, айналып билеп жүр. Ләйләқыз көзін жұмды.
Басы айналып кетті ме, әлде ұмыт болған қыз сезім селт етіп, мұның әлсіз
денесінің тынышын алды ма, көзін аша алмады. Сол қалпы Құмардың
мойнынан қапсыра құшақтап қатып қалыпты. Жігіт сәл сыбыр етіп:
– Ләйлек! Ақ Ләйлек, – деді.
Қыз есеңгіреп барып көзін ашты.
– Тойға келіп едік. Ауылда ешкім де қалмауға айналған ба, қалай?
Сені көріп қуанып кеттім...
... Өзіне сөйлеп тұрған жігіттің дауысы бұл жолы әсерсіз болды ма,
әлде тағы бір сүреңсіз, сұрғылт ойдың шырмауына түсіп кетті ме, әйтеуір,
Құмардың бірдебір сөзіне құлақ аспады. Меңіреу адамша сілейіп қатып
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
182
қалыпты. Қыз егделеп кеткен қолын жасыра қойды. Ұйқыдан оянғандай
есін жиып, жанжағына қарады. Жалғыз өзі.
– Құмар, Құмар! Қайдасың?..
Қыз жанжағына жалтақтай қарады. Ығыжығы халықтың арасынан
жігітті іздеген қыз аласұрып, адамдарға тіксіне карап:
– Құмар қайда? Қайда жібердіңдер, қайда кетті? Қайда... Қайда?! –
деп сұрастыра берген. Өмірінде алғаш рет адамдармен қатарласып, арман
дүниесінің жалынын мықтап бір ұстағандай еді, ол да сусып қолынан
шығып кетті. Жаңа ғана бар қасірет атаулыдан біржола арылып,
әуеде қалықтап жүр еді, топ етіп қара жерге қайта түсті. Қыз тағы да
жанұшыра: «Құмар!» – деп дауыстап қалып еді, әлдекімдер мырсмырс
етіп күлгенін, пышпыш етіп сөйлегенін сезді.
...Бұл кезде Қарауыл қаралы күйде еді. Қарттар жағы күңіреніп,
таяғына сүйеніп, күрсініп тұрған. Қара жамылған әйелдер бірбірімен да
уыс салып көрісіп, сайсүйегіңді сырқыратып зарлап жүрген. Бастарын
әрең көтеріп: «Айырылдық қой! – дейді. – Болашақтан үміт жоқ бейбақ
болдық қой. Ұрпақсыз тұл қалдық қой. Атабаба жері еді, күлін көкке
ұшырды ғой». Әлсіреген әйелдер бірінің иығына бірі басын сүйеп, еңіреп
жылаулы. Есі шыққан Ләйлә Қатираны іздеп таба алмады. Қарауылға не
болғанын, неге осынша аңырап, зарлап жатқанын ұқпады. Көзі атыздай
болып, шарасынан шығып кете жаздап тұр. «Ойпырай, не күн туған? He
болған адамдарға?!» Қыздың қолаяғы қалшқалш етіп, көзі жұмылып
бара жатты. Қарауылдың тұрғындары сол күні қақ айырылып, үңірейіп
жатқан жерді көрді. Тартылған су мен тұтылған Айды көрді.
...Бас жағындағы өзін бағып отырғандарға көз салды. Екеуі де көрші
ауданның басшы азаматтары сияқты.
– Өзіңнің көңіліңді де сұрай келдік, – дегендеріне Ләйлә масайрап,
өңі қашқан жүзіне қызғылт рең жүгіріп, көзін жерге салды. Осы келіп
отырған екеуден қыз жақсылықтың нышанын күтіп, сөздің аяғын бақты.
– Қарағым Ләйлә, сенің де көрген қасіретің аз емес. – Жаңағы сөз
бастаған күмілжіп отырып қалды да: – Ертең біздің ауданда қаралы
жиын өтпек. Өзің сияқты балаларды өткенде қала жаққа алып кеткен.
Содан әлі күнге дейін хабар жоқ. Енді, міне, көзге көрінер өзің қалған
екенсің. Ертең өтетін қаралы жиынға өзіңді қолға ұстап көтеріп шықсақ
деген ой келіп еді. Солақ екен, қыздың құлағы шулап, басы айналып
кетті.
– Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің
белгісі ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың, тек
жамандықтың белгісімін. О, Құдай...
– Ал, Ләйлә, жолға жиналсақ...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
183
Қыз талықсып барып көзін ашты. Бұл жолы әлгі бір ағылтегіл бо
лып, жанарына толып кететін жас көрінбеді. Бірақ әлсінәлсін өкси берді.
«Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне
оғаш, мү гедек болғаныммен, жақсылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақ
сылықты...» Отырғандар түнеріп, үнсіз қалды. Қыз дың онсыз да үзілгелі
тұрған нәзік жанын ешкім түсіне алмады.
– Намысқойын қарай гөр! Жаман неменің! – деп, Қатира күңккүңк
етті. Ләйлә көзін қайта ашып, отырған адамдарға ұзақ телміріп жатты.
Сосын оларға сыбырлап:
– Құмар да бола ма? Ол да сол қаралы жиынға қатыса ма? – деді, әрең
жұтынып. Отырғандар еш нәрсе түсінбеді. Ләйлә көзін қайта жұмып,
ұзақ жатты да, бір уақытта апанық етіп:
– Бармаймын, бара алмаймын. Кідірмей жүре беріңіздер, – деді.
...«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты
жын» деуші еді. Шыныменақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі
Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі де
ген осы да!» деп ойлады Ләйләқыз. Төсек тартып жатқан қыз бетіне
Ай сәулесі түсті. Қарауылдың барлық терезесінен сығалап, іздеп, тінтіп
жүріп, Ләйләқызды әрең тауып алған сияқты. Аппақ болып дөңгеленіп,
ерекше бір нұрмен қыз бетіне төніп тұр. Науқас қыз Айға қарап алғаш
рет жымиған. Көптен күткен жанашырын, сырласын терезе сыртынан
бай қап қалып, қыз жүрегі елжіреп сала берген. Өз тағдырына, адамдарға
деген өкпесі сол күнгі ағылтегіл көз жасына айналды. Сол сәт жап
жарық Айдан мәңгілік адасып қалатындай тағатсыздана сүйсініп тағы
да қарады.
– Қасірет шеккен жан иесінің жалғыз ғана сырласы өзің екеніңді
ұмытпа! – деді.
Ай да, қыз да бірбірімен ажыраса алмай, бірінбірі қимай ұзақ айма
ласты. Жарық Ай Ләйләқызды қара жерге қимады. Ләйлә да алғаш рет
Айды түн қойнына қимаған. Ұзақ кідірістен кейін, екеуінің бірбіріне
деген тартылыс сезімі әлсірей берді. Екеуі екі тіршіліктің елшісіндей
елеңдеп, алшақтап қашып бара жатты. Жапжарық Ай қыз бен жерді
айналып, алыстап барады. Ләйләқыздың жанары Айға қадалған
қалпы айырылғысы келмеді. Сон шалық қиналып жатып тырысып еді,
жігері жететін емес. Бойына біткен күшқайрат мүлдем азайып барады,
бітіп барады. Қыз бетіне түскен Ай сәулесінен самайына қарай құлап,
жол салып, дөңгелеп жатқан көз жасы анық көрінеді. Жанарындағы
көлкілдеген жастың әсері ме, қыз көзінің сәулесі азайып кеткендей бол
ды. Жанталасып, егде қолдарымен көз жасын сүртіп тастауға тырысып
еді, қозғалтпады. Ләйләқыз мұңайып жанарын бір жұмып, дем алып,
тағы ашамын деген, бірақ... Жан тапсырған төсектегі қыз суретін ұзақ
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
184
аймалаған Ай биіктеп, жылжып кетті. Мәңгілік қоштасып кетті. Екі
тіршілік: бірі – жер баласы, бірі – түн баласы.
Достарыңызбен бөлісу: |