2. Аңызды түсініп оқы.
Күй құдіреті
Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер,
ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақ-
тарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын
алады. Ол өзі жасап алған домбырасымен күй тартса,
жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін
тартқанда, әлгілер қамығып, жылай бастайды және бір
күй тартқанда, бәрі маужырап, ұйықтап қалыпты. Фа-
раби «Бұл күйлерді тартқан – қыпшақ әл-Фараби» деп
хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші
оны қанша іздесе де, таба алмапты.
Достарыңызбен бөлісу: |