2. Мәтінді түсініп оқы.
Ақ жаңбыр (Мысал) Ақ жаңбыр бір тамбайды, бір басталса, тәулік бойы
тынбайды. Үнсіз тұрып, төге береді, төге береді. Мұ-
ны көрген Өткінші жаңбыр Ақ жаңбырға «Жалқау
жаңбыр» деп ат тақты.
– Бұл не?! – деді ол. – Болбырап, ыбылжисың да
тұрасың. Ішің де пыспайды екен. Жаусаң, астан-кес-
теңін шығару керек қой! Міне, былай! – деді де, са-
тырлатып құя жөнелді. Көшедегі арықтарға су толып,
лайланып аға бастады. Жүргіншілер ықты пана-
лап жүгірісті. Әлгінде ғана бір қалыпты тып-тыныш
тіршіліктің астан-кестеңі шыққандай болды. Оған
қарап жатқан Өткінші жаңбыр жоқ, өз-өзіне мәз бо-
лып, «Әне, солай!» дегендей болып, қырқадан асып та
кетті. Іле-шала бұлт ыдырап, жарқырап күн де шық-
ты. Жаңбыр суы сай-саламен ағып кетті. Самал есіп,
өсімдіктерді тербетті. Шөп біткен бастарын шайқап:
– Шөліміз қанбай қалды-ау! Өткіншінің мұнысы
несі? Ұшып-қонып келді де, кетті! – деп ренжісті.
Сонда бір кәрі Қурай тұрып:
– Қиналып қайтесіңдер?! Одан да Ақ жаңбырға жай-
ларыңды айтыңдар, – деді. «Әй, бұл да дұрыс екен-ау!»
деп, шалғындар Ақ жаңбырға бұйымтайларын айтты.
Ол тыңдап болып:
– Мақұл, – деді.
Сол-ақ екен, Ақ жаңбыр аспай-саспай, тәулік бо-
йына жауып еді, жер үсті еркін сусындап, көк жай-
қалып, құлпырып сала берді.
Жәнібек Кәрбозин Бұйымтай – өтініш.
жаңбырдың
пайдасы
ақ жаңбыр
өткінші жаңбыр
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
96
3. Мәтінге сүйеніп, қимыл-әрекеттерді сәйкестендір және
дауыстап оқы.
тәулік бойы
тынбайды
сатырлатып
құя жөнелді