Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет77/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108
2. Түсініп оқы. 
Райымбек бастауы
...Райымбек сарбаздары алғашқы күні-ақ сусыздық- 
тан тарыға бастады. Бүгін – екінші күн.
–  Шыдауға  тура  келеді,  –  деді  Райымбек  жігітте- 
ріне.  –  Таң  атып,  жерге  жарық  түскенде,  тағы  да  су  
іздейміз. Тек бір адым шегінбейміз. Егер жер бетінде су 
жоқ болса, жер астынан шығарамыз.
Райымбек қатты ойланып отырды да, орнынан атып 
тұрды. Қолына сүңгі алып, атқа да мінбей, Көкойнақ- 
ты  жаяу  жетектеп,  жүріп  кетті.  Атты  жүре  шалды- 
рып, сайды өрлеп аяңдап келеді. Жерден көз алмайды. 
Бір  ойпаңдау  жерге  қарап,  кідіріп  қалды.  Сол  араға 
келгенде Көкойнақ та жерден көк тістеп тұрып оқыра- 
нып  жіберді.  Сол  жерден  бас  көтермей,  көкті  иіскеп- 
иіскеп қояды.
Райымбектің  күтіп  келе  жатқаны  да  сол  еді.  Ат 
қадалған жердің шөбі басқа шөптей емес, бояуы қанық, 
қою жасыл, тым балдыр. Бойында судан тартқан нәрі 
бары ап-айқын көрінеді.
Райымбек дәл аяғының астына бойлата сүңгі сұқты 
да,  қайта  тартып  алды.  Жерге  құлаш  бойы  енген 
сүңгінің  ұшына  лайлы  топырақ  жұғылып  шыққанда 
қуанып кетті. Содан әрі қарай үш қырлы найзаны сол 
алғаш  сұққан  орнына  қайталап-қайталап  бірнеше  рет 
шаншыды. Түйгіштей сұққылап, қайта тартып алғанда, 
сүңгі соңынан атқылап су шықты. Қуанғаннан:
– Су! Су! – деп дауыстап жіберді.
...Райымбек пен Көкойнақтың арқасында шөл дала- 
да  адам  да,  ат  та  суға  қанды.  Алыс  сапардан  шар-
шап,  шөлдеп  келе  жатқан  жолаушы  болса,  өзінің  де, 
көлігінің де сусынын қандыратын мөлдір сулы бастау- 
ды сол күннен бастап «Райымбек бастауы» деп атады.
Жолдасбай Тұрлыбаев
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет