Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет79/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108
Судың пайдасы
 
Кейіпкерге хат жазасың.
1. Жұмбақтарды шеш. 
1. Жылт-жылт еткен, 
Жылғадан өткен.
2. Отқа жанбас, 
Суға батпас. 
3. Тырсылдап түседі,
Жер бетіне жетеді. 
Жер бетіне жеткен соң,
Ғайып болып кетеді. 
4. Мамықтай ұлпа, 
Қанттай ақ. 
Қыста жер бетін басады, 
Жазда тауға қашады. 
«Алтын абдыра» кітабынан
2. Мәтінді түсініп оқы. 
Суыр сұңқар, су қайда?
(Ертегі)
Ерте  заманда  сиыр  сызылған  кербез,  суырыла 
шапқан  жүйрік  болыпты.  Әрі  асқан  тәкаппар,  мақ-
таншақ та екен. 
Бір  күні  әлгі  Сиыр  Атпен  ерегесіп  қалып,  екеуі 
жарысқа  түсуге  уәде  байласады.  Бұрынғы  өткен 
жарыстардың  бәрінде  Сиыр  бәйге  бермейді  екен. 
89
судан сақтану
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


104
Осы жолы Аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың 
арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болу-
ды мақсат етеді.
Көмбеге  төреші  болып  Арыстан  келеді.  Бәстің  жа-
йын  ұққан  соң,  Ат  пен  Сиырды  бір  күншілік  жолға 
Жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды 
да, кері қайтуға ақырып белгі береді.
Құйрығын көкке шаншып алып, танауы пысылдап, 
Сиыр ә дегеннен-ақ қарасын үзіп, зулай жөнеледі. 
Сиырдың соңында желдей жүйткіп, Ат шауып келе 
жатады. Жол ортасында оларға сусын беру үшін Суыр 
тосып отырады. 
Бір  кезде  оза  шауып,  елірген  Сиыр  Суырға  жетіп 
келеді де:
– Суыр сасық, су қайда? – дейді. 
Сиырдың тәкаппар мінезіне ренжіп қалған Суыр:
– Сиыр сасық, су мұнда, – деп, сасып, борсып кет-
кен лай суды ұстата салады. Шөлдеп келе жатқан Сиыр 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


105
судың қандай екеніне қарамастан, сіміріп жібереді де, 
одан әрі қарай шапқылай жөнеледі. 
Әрі-беріден соң, Суырдың қасына шөлдеп Ат келеді.
– Суыр сұңқар, су қайда? – дейді еркелетіп.
–  Жылқы  тұлпар,  су  мұнда!  –  деп,  Суыр  мөлдір, 
тұнық суды Атқа ұстата береді. Таза тұнық суға қанып 
алған Ат бойына тың қуат қосылғандай болып, құстай 
ұшып, самғай жөнеледі. 
Сасық, лай су кеудесін алып қалған Сиыр онша ұзап 
кете  алмайды  да,  екі-үш  қырды  асқан  соң,  Ат  қуып 
жетіп,  жанынан  желдей  жүйткіп  өте  шығады.  Содан 
көмбеге бірінші болып жетеді. 
Содан бері жылқы төрт аяқты жануарлардың ішін-
дегі  жүйрігі  болып  қалыпты.  Кеудесін  лай,  сасық  су 
алып қалған сиыр содан бері шабандап, жүгіре алмай- 
тын күйге түскен екен. 
Сиырдың  жатқан  кезде  ыңырана  күрсінетіні  – 
өзінің астамшылық етіп, Суырға айтқан дөрекі сөзіне 
күні бүгінге дейін өкінгені екен деседі.
«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73-том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет