Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі



Pdf көрінісі
бет131/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
39.3.Халықаралық құқықтың қазіргі кезеңдегі қызметі
Халықаралық құқықтың қызметі деген сөз-ол халықаралық 
құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның,яғни халықаралық жүйе 
компоненттерінің арасындағы үнемі болатын қарым-қатынас.
Мұндай  көзқарас  халықаралық  құқық  рөлін  одан  әрі  тани 
түсуге,оның  дамуына  болжам  жасауға,оның  бейбітшілікті 
және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі 
пәрменділігін  арттыруға  ықпал  етеді.Сонымен  бірге,қызмет 
атқару халықаралық құқық функцияларын жүзеге асыру процесі.
Халықаралық  құқық  қызмет  атқаруы  үшін,бір  жағынан 
–халықаралық  құқық  және  сыртқы  саясат  ара  салмағының 
екінші  жағынан  –халықаралық  құқық  және  дипломатия  ара 
салмағының  мәселелері  көкейкесті  болып  есептеледі.Бұл 
мәселенің халықаралық жария құқық жөніндегі монографиялық 
еңбектерде талай айтыс туғызғанын айта кету керек.Қаралып 
отырған проблема құқық және саясат арасалмағы туралы жалпы 
мәселенің  бір  тармағы  болып  табылады.Сыртқы  саясаттың 
ішкі саясатпен салыстырған да өз ерекшеліктері бар.Сонымен 
қатар,сыртқы және ішкі саясатты мемлекеттің белгілі бір жоғарғы 
органдарға бағыттап және бақылып отырады.
Халықаралық  жария  құқықтың  қызметі  үшін,мыналар 
көкейтесті мәселе болып табылады;


375
Біріншіден,халықаралық құқық мемлекеттерді жалпы таныл-
ған нормалар мен принциптері басшылыққа алуды міндеттей 
отырып,олардың сыртқы мен дипломатиясын шектейді;
Екіншіден, халықаралық құқықтың,сонымен бірге сыртқы 
саясат пен дипломатияны дамытуға негізі бар;
Үшіншіден,халықаралық  құқықты  сыртқы  саясат  пен 
дипломатиялық қатынастарға қатысатын органдардың қызметін 
реттейді.
Мысалы  үшін,халықаралық  жария  құқық  өз  жүйесінде 
дипломатиялық және консулдық құқық саласын зерттейді.
Оған халықараалық та,сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипаттағы 
жеткілікті нормативтік база бар-дипломатиялық қатынастар.
Қазіргі жағдайда өзара тиімді қарым-қатынастарды дамыта 
түсу үшін, мемлекеттердің күштері біріктірілуіде.Жалпы таныл-
ған  халықаралық-құқықтық  принциптер  мен  нормаларды 
қолдану жан-жақты құбылысқа айналып барады.Халықаралық 
қатынастарда құқықтың басылымдылық мәселесіне халықаралық 
қауымдастықтың назарын аудару үшін БҰҰ Бас Ассамблеясы 
1990-1999жылдар  кезеңін    БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  1989 
жылғы 17-қарашадағы 44/23 және 1990жылғы 28-қарашадағы 
45/40 қараларына сәйкес халықаралық құқықтың он жылдығы 
деп жариялады.
Онжылдықтың басты мақсаттары:
1.халықаралық құқық принциптерін қабылдауға және бекі-
туге көмек көрсету;
2.мемлекеттер арасындағы дау-жанжалдарды,Халықаралық 
сотқа өтініш жасауды және оны сөзсіз құреметтеуді қоса есеп-
тегенде,бейбіт  жолмен  шешудің  құралдары  мен  әдістеріне 
көмектесу;
3.халықаралық  құқықты  және  оның  кодификациясын 
прогрессивтік жолмен дамытуды қолдау;
4.халықаралық құқықты оқытуды,зерттеуді,таратуды және 
кеңінен танытуды қолдау;
Халықаралық құқықтың Он жылдығына байланысты мынадай 
шаралар ұсынылады:
-Халықаралық құқықты зерттейтін және оқытатын акаде-
миялық және кәсіптік мекемелерге қолдау көрсетіп отыру.
-Студенттер үшін халықаралық құқық курсын енгізген оқу 
орындарына қолдау көрсету;халықаралық-құқықтық тақырыпты 


376
бастауы  және  орта  деңгейдегі  мектептер  бағдарламаларына 
енгізудің мүмкіндіктерін қарастыру.
-Жаңа тұрпатты оқу жоспарын жасау, халықаралық құқық 
бойынша  курстар  үшін  материалдар  дайындау,  оқулықтар 
қарастыру.
-Дамушы  елдермен,сондай-ақ  дамыған  және  дамушы 
елдермен арадағы,әсіресе халықаралық құқық практикасымен 
айналысатын адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қолдап 
отыру.
Бұл қарарлардың маңызы әлемде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар 
Ұйымы  толығымен  халықаралық  құқыққа  арнаған  бүкіл  бір 
кезеңді бөлек қарағандығында емес.
Халықаралық жария құқық өмір сүруінің жағымды сәттері-
мен  бірге,халықаралық  ынтымақтастықтың  халықаралық 
қауымдастықтың  субъектілерінен    шұғыл  шараларды  талап 
ететін бағыттарын да айта кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет