Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»



Pdf көрінісі
бет2/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

ISBN
УДК
ББК
© А.Д.Кожабекова,2015
© «Қыздар университеті» баспасы, 2015


3
Кіріспе
Құқық негіздері - мемлекет және құқық туралы білімнің 
негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйе-
сінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі 
құқық  негіздері  мемлекет  және  құқық  теориясының  негізін, 
түсінігін  және  қағидаларын,  сонымен  қатар  қазақстандық 
құқықтың жетекші салаларын енгізетін оқу пәні. «Құқық не-
гіздері»  заң  мамандығын  алмайтын  студенттерге  арналған. 
Ол құқық теориясының негізін, Қазақстан Республикасының 
заң  шығарушылығын  түсіндіретін  жүйелі  оқу  курсы.
Аталған пәнді оқу әдісі жоғары білім беру концепсиясына, 
негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгеру және бекітудің 
тәсілдері  мен  әдістерінің  жиынтығына,  әлемдік  көзқарастар 
мен  құқықтық  мәдениетті  қалыптастыратын  қоғамдық 
саяси  және  құқық  қолдану  тәжірибесінен  мәліметтер  мен 
мысалдар  келтіруге  негізделген.  «Құқық  негіздерін»  оқыту  
мемлекет  пен  құқықтың  пайда  болу  және  дамуының  негізгі 
түсінігін,  қағидаларын,  заңдылығын  анықтайтын  және  олар-
дың  байланысын,  сонымен  қатар  қазақстандық  құқықтың 
жетекші  салаларының  негізгі  түсініктері  мен  қағидаларын 
түсіндіретін мемлекет және құқық негіздері болып табылады.
Адамның және азаматтың күнделікті өмірде көп кездесетін 
құқық салаларына: қылмыстық, отбасы, еңбек, азаматтық, қаржы 
және басқа да құқық қатынастарына көп көңіл бөлінеді.
Құқық  негіздері  Қазақстанның  құқық  жүйесі  және 
оқушылардың әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру 
кезінде маңызды рөл атқарады,бұл оқу курсы барлық мемлекеттік-
құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік-құқықтық 
нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі қарастыруға 
мүмкіндік береді.
Құқық негіздерінің қалыптасуы мен оның жетілдірілуі белгілі 
бір кезеңдерден өтеді.Қазіргі жағдайда құқық негіздері құқықтық 
тәрбиенің қажетті элементі ретінде көрініс табады және ҚР-да 
құқықтық мәдениетті көтермелеу үшін заңдылық пен құқықтық 
тәртіпті қамтамасыз ету үшін тиімді құрал болып табылады.
1.Курстың қысқаша сипаттамасы. «Құқық негіздері» пәнінде 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  құрылысы, 
Қазақстан  қоғамының  құқықтық  жүйесі,құқық  салалары 


4
негіздері,адам құқықтары,сот,прокуратура және өзге құқық қорғау 
органдарының қызметі,құқықтық қоғам құру мәселелері,құқықтық  
мәдениет,азамат пен мемлекет арасындағы қатынастар мәселелерін 
қарастырады.Құқық негіздері саяси-құқықтық білім жүйелеріне 
сүйенген,күрделі  және  ерекше  аспектіде  өркениеттер  мен 
қоғам дамуының,өзара құқықтық қатынастарда кешенді құқық 
субьектілерімен  әрекеттескен,ғасырлар  бойы  өз  халқы  сүйеу 
болып келген мұраны күш-қуат етіп,заңға сүйенген тұғырнамасын 
қалайды.
2.Курстың мақсаты. «Құқық негіздері» курсының негізгі мақсаты 
құқықтық  тұрғыдан  терең  де  кешенді  ұғым  беру  мен  оның 
аясындадұрыс бағыт ұстау біліктілігіне үйрету. Өзара байланыс 
пен қарым-қатынастағы құқық үрдісін,оның адамдар өміріне әсер 
ету ерекшеліктерін көрсету. Заңды түрде маңызы бар тәртіптерді, 
оларға себеп болар мүдде мен құқықтық жазбалардағы ережелерді 
саналы  түрде  сақтау  мен  қамтамасыз  ету  механизмін  ашу.
3.Курстың міндеттері. Төмендегі көрсетілген мәселелерді қа-
растырады:     
-мемлекет пен құқықтың адам өміріндегі әлеуметтік ор-
нын белгілей отырып,ел алдындағы белгілеген мақсаттар мен 
міндеттерді жүзеге асыруда оның саяси тегі мен рөлін көрсету;
-негізгі заң түсініктері мен ұғымдарын меңгеру;
-әлеуметтік өмірдің негізгі аясына (экономика, саясат, еңбек, 
отбасы және т.б.) қатысты қоғамдық қатынастарды құқықтық 
реттеудің механизмін ашу;
-адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, құқықтық 
мемлекет, биліктің бөлінуі,заңдылық пен құқықтық тәртіп си-
яқты әлеуметтік және құқықтық құндылықтар туралы негізгі 
тұғырнамалық түсінікті қалау;
-адамдардың өз тәртібі мен әрекеттерінің қоғамдық сал-
дарын сезіне білуде, заңды іс-әрекет ету мен әлеуметтік жау-
апкершіліктің критерийлерін анықтау;
-студенттердің  белсенді  түрде  өз  құқықтары  мен 
бостандықтарын  пайдалану,  оны  заңдық  тәсілдермен  қорғай 
алу білімі мен дағдысын қалыптастыру.


5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет