Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


 Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары



Pdf көрінісі
бет38/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

  4.7. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
1.Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан 
ерекшелігі-саяси көптеген құқықтар мен бостандықтар тек қана 
Қазақстан  Республикасының азаматтарына беріледі. Атап айтқанда, 
бұған бірлесу бостандығы жөніндегі құқық жатады. Қазақстан 
Республикасының Конституциясы 23-бабының 1-тармағында 
былай делінген: «Қазақстан Республикасы азаматтарының бір-
лесу  бостандығына    құқығы  бар.  Қоғамдық  бірлестіктердің 
қызметі заңмен реттеледі» және оған кепілдік беріледі. Оған 
қоса,  Конституцияның  5-бабында  қоғамдық  бірлестіктердің 
құрылуы мен қызметі қандай жағдайда шектелетіні, азаматтардың 
бұл шектеулерден тыс өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі, 
өздерінің құқықтарын пайдалануға қатысты ой-мақсаттарына 
қандай да бір келісімді немесе бекітуді қажет етпейтіні айқын 
белгіленген. 
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 106-бабына 
және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы 
Заңға сәйкес ортақ мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған 
азаматтар бірлестігі қоғамдық бірлестіктер болып табылады. 
Осы Заңның  3-бабында оның ықпалының барлық қоғамдық бір-
лестіктерге тарайтыны, бірақ саяси партияларды, кәсіподақтар 
және жекелеген қоғамдық ұйымдардың түрлерін (соның ішінде 
адвокатураны да) құруға не жоюға байланысты ерекшеліктер 
басқа заң актілерімен реттелуі мүмкін екендігі айтылған. Осы 
бапқа сәйкес қағидаттар негізінде қоғамдық бірлестіктерді құру 
мен қызметі негіздерін анықтайтын адвокатураны ұйымдастыру 
мен  қызметі тәртібін реттейтін арнайы актілерді шығару дұрыс. 
Өйткені  адвокатураның  қоғамдық  ұйымдардың  қатарына 
жатқызылуы жөнінде талас пікірлердің, соңғы кезде көбейіп 
кеткендігі баршаға аян. Осыған орай, мынаны атап айту керек. 
Мемлекеттің  қоғамдық  ұйымдардың  ісіне  негізсіз  араласуы 


133
мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  адамдар  тарапынан  өз 
қызметін  заңды  түрде  жүзеге  асыратын  қайсыбір  қоғамдық 
ұйымдарға бағытталған құқыққа қарсы әрекеті болып табылады. 
Конституцияның  5-бабының  2-тармағы    мемлекет  пен 
қоғамдық бірлестіктер арасындағы негізгі ұстанымдық өзара 
қарым-қатынас  принциптерін  белгілейді,  сондай-ақ  олардың 
арасында қандай қарым-қатынасқа жол берілмейтінін айқындайды. 
Қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігі мемлекеттің 
қоғамдық бірлестіктердің жарғыларына, оларды тіркеудің және 
оларды қызметін тоқтатудың тәртібіне бірдей талап қоюынан  
көрінеді.  Олар  қоғамдық-саяси  шаруашылық  саласында  өз 
құқықтарын  жүзеге  асыру  кезінде  мемлекеттік  органдармен 
қарым-қатынаста да тең. 
Бұнымен  бір  мезгілде  Конституция  мәтінінен  шығатын 
нәрсе, қандай да бір азаматтар тобының мүддесін білдіретін 
қоғамдық бірлестік басқа адамдардың пікірімен санаспай және 
оған құқығы жоқ бола тұра өз шешімдерін мемлекеттік органдар 
арқылы жүзеге асыратын болса, ондай жағдайдың туындауына 
жол берілмейді. Осыған байланысты мемлекеттік органдардың 
қызметін  қоғамдық бірлестіктерге жүктеуге және мемлекеттік 
институттарға қосуға, мемлекеттік органдарға саяси партиялар 
ұйымдарын құруға жол берілмейді (5-баптың 1,2-тармақтары). 
Сондай-ақ ешкімді де күштеп бірлестіктер құруға не оған кіруге 
итермелеуге заң бойынша тыйым салынғандығын әрдайым есте 
ұстауымыз  керек.  Бұл  жағдай  қоғамдық  бірлестіктердің  өз 
қызметінде тәуелсіздігі мен еркін қамтамасыз етуге бағытталған. 
2. Жоғарыда сөз етілген саяси құқық саяси бостандықтармен 
толықтырылады, бұған мемлекет тарапынан кепілдік  беріледі. 
Мәселен,  Конституцияның  20-бабына  сәйкес  сөз  еркіндігіне 
кепілдік беріліп, цензураға тыйым салынады. Оны былай түсіну 
қажет: адам өзінің жұрт алдында сөйлеуіне не өз ойын айтуына 
қандай да болсын кедергі келтіріп, бөгет жасайтын субъектіден 
қорғауды мемлекеттен талап етуге құқылы. Мұндай адам ойды 
әртүрлі нысанда жеткізуі мүмкін, мысалы, жазбаша, ауызша, не 
схемалар, графиктер, суреттер, т.б. арқылы. Демек, айтылған 
сөздер  ешкімге  зияндығын  тигізбесе,  құқықтық  шектеулер 
қойылуға тиісті емес. Тек сөз біреуге зиянын тигізгенде ғана 
заң жүзінде құқық бұзушылық делініп, ол қатаң жауаптылыққа 
әкеліп соқтырады. 


134
3. Саяси құқықтардың ішіндегі ең маңыздысы - Қазақстан 
Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы 
мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен 
жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, 
сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға ие болатындығы. 
Бұл құқық мынадай екі жолмен іске асырылады: тікелей демо-
кратия және өкілді демократия арқылы. Тікелей демократияда 
жеке азаматтардың өздері мемлекет аппаратына тікелей ықпал ете 
алады. Р-ның ең жоғарғы нысаны - республикалық референдум. 
Бұл - барлық азаматтардың толық саяси құқықтарын қамтиды. 
Өкілді демократияда азаматтар сайланбалы өкілдіктер арқылы 
өз еріктерін жүзеге асыра алады. 
Солардың бірі - азаматтардың сайлауға қатысу не сайлануға 
құқықтылығы. Конституцияның 33-бабының  2-тармағына сай 
республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті 
өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, 
сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. 
5. Сайлауға құқылығы дегеніміз – белсенді сайлау құқығына 
ие,  18  жасқа  толған,  әрекет  қабілеттілігі  бар  және  сот  үкімі 
бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған 
барлық азаматтар. Керісінше айтқанда, сот іс-әрекетке қабілетсіз 
деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан 
айыру  орындарында  отырған  азаматтардың  сайлауға  және 
сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 
Сайлануға құқылы дегенімізді бәсең сайлау құқығына ие, 
яғни  өкілді  немесе  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына, 
не Қазақстан Республикасының Президенті орнына сайлануға 
құқықты азаматты айтамыз. Мұндайда әрекет қабілеттілігінің 
пайда  болуы  әрқилы.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  болып  тумысынан  республика  азаматы  болып 
табылатын 40 жастан аспаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген 
әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика 
азаматы сайлана алса, ал Сенаттың депутаттығына Қазақстан 
Республикасының кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті 
облыстық, Республикалық маңызы бар қаланың не Республика 
астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азамат 
өте  алады.  Мәжілістің  депутаты  болып  жасы  жиырма  беске 
толған  азамат  сайлана  алады.  Мәслихаттың  депутаты  болып 
сайлану үшін азаматтың жасы жиырмаға толуы қажет. 


135
5. Тағы да саяси құқықтың ішіндегі маңыздысы Қазақстан 
Республикасының  азаматтары  бейбіт  әрі  қарусыз  жиналуға, 
жиналыстар,  митингілер  мен  демонстрациялар,  шерулер 
өткізуге  және  тосқауылдарға  тұруға  хақылы.  Бірақ,  бұл 
құқықты пайдаланған кезде мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық 
тәртіп,  денсаулық  сақтау,  басқа  адамдардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  қорғау  мүдделері  заңмен  шектелуі  мүмкін 
(32-бап). Осы тәртіпті бұзған кінәлі адамдарға  әкімшілік не 
қылмыстық жаза қолданылуы тиіс. Ал оның ұйымдастырушысына, 
егер де оған бұдан бұрын әкімшілік жаза тағайындалған болса, 
бас бостандық еркінен айыру туралы ауыр жаза тағайындалуы 
жөн. Бұл жерде әртүрлі нысандағы саяси құқықтың мазмұны 
–  азаматтардың  бірігіп,  ақылдасқан  ойларын  ашық  түрде 
жариялап,  қойған талаптарын іске асыру үшін мемлекет немесе 
қоғамдық  органдардың    қызметтеріне  өз  ықпалдарын  тигізу. 
Сөйтіп, азаматтар осылайша мемлекет ісін басқаруға қатыса 
алатындығын көрдік. 
6. Мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтығы. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  33-бабының 
4-тармағына  сәйкес  Республика  азаматтарының  мемлекеттік 
қызметке  кіруге  тең  құқығы  бар.  Мемлекеттік  қызметші 
лауазымына  кандидатқа  қойылатын  талаптар  тек  лауазымды 
міндеттердің сипатына ғана байланысты және оны заң белгілейді. 
Мемлекеттік  қызметке  кірудің    құқықтық    реттілігінің  
демократиялық  мәнділігі  Қазақстан  Республикасының  1999 
жылғы 23-шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы » заңында 
өз орнын тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет