Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет40/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   136
4.9 Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру
кепілдіктері
  
Демократияның  аса  маңызды  сипатты  белгісі  мынада, 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтары  жарияланып 
қана  қоймай,  оларға  әртүрлі  кепілдіктер  де  беріледі.  Олар 
экономикалық, әлеуметтік, саяси және заңдық кепілдіктер болып 
бөлінеді. Осылардың ішінен заң кепілдігіне тоқталып өтейік. 
Жалпы кепілдік дегеніміз қамтамасыз ету деген мағынаны 
білдіреді. Ал заң кепілдігі дегеніміз қолданылып жүрген заңдар 
арқылы мемлекеттің субъективтік құқықтардың жүзеге асырылуын 
қамтамасыздандыру құралдары мен тәсілдері. Бұл ең алдымен 
әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, 
білікті заң көмегін алу құқықтары, т.б.
Осы  құқықтарға  кінәсіздік  презумпциясын  қосу  керек: 
заңсыз тәсілдермен алған айғақтардың заңды күшінің болмай-
тындығы,  қылмыстық  заңды  ұқсастығына  қарай  қолдануға 
жол  берілмейтіндігі,  бір  құқық  бұзушылық  үшін  қайтадан 
қылмыстық немесе әкімшілік жазаға тартуға тыйым салу, т.б. 
Өкінішке қарай, кезінде қолында белгілі бір құрылымдар  мен 
лауазымды адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді теріс 
орындауының  кесірінен  жазасын  өтеп  қайтқан  ешбір  кінәсіз 
адамдарды қылмыскер деп танудың куәгері біздің тарихымыз. 
Ұзақ уақыт бойы заңгерлер мен ғалымдарда кінәсіздік презум-
пциясы жөнінде түсінік жоқ. Осыған қарамастан қазіргі кезде 
Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған термин-
нің  мағынасы  «Адамның  кінәлі  екендігі  заңды  күшіне  енген 
сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес 
деп  есептеледі»,  -  деп  көрсетілген  (77-бап).    Айыпталушы 
өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамның кінәлі 
екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына 
қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды 


140
күші болмайды. Ешкім де өзінің жеке мойындауы негізінде ғана 
сотталуға тиіс емес. Осыған байланысты айтатын бір жайт – қазір 
ешкім өз жұбайына (зайыбына) және заңмен белегіленген шектегі 
жақын туысқандарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни 
қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәлік 
беруге міндетті емес. Сөйтіп бұрын қолданылып келген қалай 
болса да айыпталушының кінәсін дәлелдейтін деректерді табу 
айласының түп тамырына балта шабылады. 
Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 2-тармақшасы 
сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық принцпінің бірін 
сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуға тиіс. 
«Өзіңе заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің 
өзгертуіне  болмайды».  Іс  жүргізу  заңмен  әртүрлі  санаттағы 
істердің соттылығын анықтағанда өзіндік ерекшелігі, күрделілігі, 
істің қоғамдық мәні, оны тез және тиімді шешудің қажеттілігі 
ескеріледі. Қылмыстық іс жүргізу немесе Азаматтық іс жүргізу 
кодекстерінің нормаларында көрсетілгендей, Конституцияның 
77-бабының 3-тармағы 3)-тармақшасының негізінде іс бойынша 
жақтардың келісімінсіз істің соттылығын өзгертуге болмайды.
Бұл Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылатын 
конституциялық нормалар мен заңдардың және басқа да норматвиті 
құқықтық актілердің нормалардан үстемдігін белгілейтін 4-баптың 
2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды.
Адамға және оның ісіне заңда көрсетілгенге сәйкес кел-
мейтін,  оның  бұған  келісімі  жоқ  кезде  сотты  болушылығын 
анықтауды Негізгі Заңның 77-бабы 3-тармағы 3-тармақшасының 
конституциялық  нормасын  бұзу  ретінде  қарау  керек,  –  деп 
тұжырымдайды Қазақстан Республикасының Конституциялық 
Кеңесі1997 жылғы 8 наурыздағы №1997 жылғы 8 наурыздағы 
№ қаулысында.
Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға 
жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайларын 
нашарлататын  заңдардың  кері  күші  болмайды.  Егер  құқық 
бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен 
алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады. 
Бұл да адамдарға берілетін кепілдіктерді толықтыра түседі.
Осыдан әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығы 
және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты 
қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілмен қорғауға 


141
қақылығы туындайды. Қорғалу тәсілдерін азаматтар өз еркімен 
таңдай алады, мысалы, сотқа жүгіну, жоғары сатыларға арыздану, 
шағымдану, т.б.
Осындай тұжырымдардың мазмұны Конституцияның басқа 
да баптарынан айқындала түседі. Оның 13-бабында, «әркімнің 
өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына 
құқығы  бар»,  -  делінген.  Демек,  азаматтардың  құқықтарын, 
бостандықтарын  және  мүдделерін  құқық  бұзушылықтан  тек 
қана сот қорғай алады деген сөз. Құқығы бұзылған адам, егер 
заң  құжаттарында  немесе  шартта  өзгеше  көзделмесе,  өзіне 
келтірілген  залалдың  толық  өтелуін  толық  талап  ете  алады. 
Мемлекеттік  өкімет  билігі  органының,  өзге  де  мемлекеттік 
органның заңдарға сай келмейтін құжат шығаруынан, сондай-ақ 
осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) 
салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтірілген залалды 
Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық 
бөлініс өтеуге тиіс.
Осыған байланысты жәйт – бұзылған құқықты қорғу үшін 
өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, егер заң 
құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап 
қойып  сотқа  жолдануға  кедергі  жасалмайды.  Ол  үшін  әрбір 
адам заң тұжырымдарын біліп қана қоймай, оны қолдана алатын 
болуы қажет. Өкінішке қарай әзірше адамның құқық сауаттылығы 
жоққа тән. Сондықтан адвокаттарды, (қорғаушылардың) көмегіне 
жүгінуге әкеп соқтырады. Конституцияның 13-бабында: «әркімнің 
білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда 
заң көмегі тегін көрсетіледі»,  - деп жазылуы кепілдіктің тағыда 
бір көрінісі.
Көмектің түрі әртүрлі. Ол – конституция (заңдарды түсіндіру 
ретінде), не  адвокаттардың қылмыстық, азаматтық, шаруашылық, 
істерге  байланысты  сот  істеріне  қатысып,  заң  көмегін  беруі  
ретінде болуы мүмкін. Ұсталған, тұтқындалған, қылыс жасады 
деп айыпталған әрбір адам сол ұсталған тұтқындалған немесе 
айып тағылған кезден бастар адвокаттың (қорғаушының) көмегін 
пайдалануға құқылы.
Осыдан залалдың өтелуін талап ету құқығы туындайды. 
Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінің  9-бабына 
сәйкес, құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе 
шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық 


142
өтелуін талап ете алады. Құқығы бұзылған адам жасаған немесе 
жасауға  тиісті  шығыстар,  оның  мүлкінің  жоғалуы  немесе 
зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы 
бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына 
болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырылып қалған 
пайда) залалдармен түсініледі (4-тармақ). Ал моральдық нұқсан 
Азаматтық кодексте көзделген залалдардан тыс өтеледі(352-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет