Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет288/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
329 
арақатынасы нағыз еріктікке негізделген, махаббаттың құпиясы, міне, осында. Адам 
Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етеді, өйткені оның өзінің негізі жоқ 
(безосновность), ол адамсыз өзінің жалғыздығын сезінеді... Сонымен біз адамның 
Құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуіміз керек. Тарихи Христостың өзі алғашқы 
рет осыны паш етті. 
Құдай -- рух, сонымен қатар адам да - рух. Олай болса, екеуінің 
шығармашылық жолда кездесуі ғана объективацияланған дүниеден адамды құтқарады 
(объективация - Бердяевтің философиясындағы ұғым, идеяның, жалпы сананың 
мазмұнының, адамдардың қарым-қатынастарының заттануын, адамнан жаттануын 
көрсетеді). 
Енді Н.А.Бердяевтің тарих философиясына келер болсақ, онда «уақыт» 
категориясы үлкен орын алады. Егер дүниедегінің бәрі шектелген, олай болса, соңы 
бар болатын болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның ар жағына өтіп кетуге 
болады. Шығармашылық мәңгілікке әкеледі, бірак ол шексіз уақыт емес, 
уақытты аттап өтетін жаңа сапа. Осы себепті тарихтағы шексіз жоғары өрлеуді 
(прогресті) қабылдауға болмайды. Тарихтағы соңғы «жұмақта» өмір сүретін буындар 
өткен шексіз санды адамдардың өмірін сол мақсатқа жетудің құралына 
айналдырады. Мұндай жағдайда адамзат тарихының мән-мағынасы жойылатыны 
хақ. Өткен дәуірді, онын мәдениетін толыққанды қабылдамай, дұрыс болашақты да 
орнату мүмкін емес. Шіркін, осындай Н.А.Бердяевтің терең тарих жөніндегі ойларын 
саясаткерлер жете білсе ғой!!! Сонда реформа барысындағы қателіктер де аз болар еді. 
Жалпы алғанда, Н.А.Бердяевтің тарихи көзқарасын өміршеңді деп атауға болады: 
адамзат рухани жаңарудың негізінде қайта өрлеуге мүмкіндік алады. Болашақ қоғам 
екі принципке негізделеді; - аристократиялық - түлғаның толыққанды шығармашылық 
дамуын көрсетеді, ал демократиялық - әділеттілік пен достыққа шақырады. 
Тарих философиясындағы Н.А.Бердяевтің талдап, өзінің шешімін берген екі 
категориясын көрсетпей болмайды - олар мәдениет пен цивилизация. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет