Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет29/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
30 
қарайды. Гераклиттің «бірінші заты» отта, Демокриттің жеңіл және қозғалыстағы 
атомдары да адамның жан дүниесін құрайтын заттар ретінде түсіндіріледі. 
Ал таным мәселесіне келер болсақ, оның негізгі себебі заттың үстіндегі жеңіл 
атомдар сезімдік мүшелерге келіп кіреді де, адамның түсініктерін тудырады деген 
пікір тарады. 
Дегенмен тарихи мұндай көзқарастардың тұрпайылығы жаратылыстану ғылымдары 
мен психологиялық түсініктердің жетілуі арқасында анықталды. Адамның рухани 
өмірі материалдық заттардың ерекше жеңіл бөлшектері емес, ол, жалпы алғанда, 
бүкіл материяға тән қасиет және белгілі бір жағдай туған кезде өзін көрсетеді деген 
пікір кеңінен Жаңа дәуірде тарай бастады. Соңынан түйсік дегеніміз - жалпы 
материяның ажырамас қасиеті және белгілі бір жағдайда ол саналы түйсікке айналуы 
мүмкін деген ой туды. Олай болса, күрделі психикалық процестер тек қана 
түйсіктердің әр түрінің бір-бірімен косылуынан туады деген пікір дүниеге келді. 
XIX ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның 
әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмнің дүниеге 
келуіне әкеліп соқты. К.Маркс пен Ф.Энгельс Дүниеге деген материалистік 
көзқарасты қоғам өміріне дейін көтеріп, біртұтас материалистік ілімнің негізін 
қалады. Сана, рухани өмірді түсіну үшін олар философияға бейнелеу теориясын 
енгізді. Материяның ең жалпы қасиеті бейнелеу, осы арқылы тарихи материя өне 
бойы даму, күрделену үстінде. Адамньң санасы - бейнелеудің ең биік идеалды түрі 
деген пікір айтып, мидағы болып жатқан неше түрлі бұлдыр, көмескі үрдістердің өзі 
адамдардың материалдық болмысынан шығады деген пікірді олар «Неміс 
идеологиясы» деген еңбектерінде ашық айтты. 
Сонымен қатар марксизм адам санасының өзін тудырған материалдық үрдістерге 
белсенді кері әсерін тигізіп, оны жетілдіретінін мойындады. 
Философиядағы материалистік ағым ең көне, бүгінгі таңда жан-жақты дамыған 
жеке ғылымдардың нәтижелерін өз бойына сіңіріп, адамзаттың ағарған бөлігінің 
Дүниеге деген көзқарасы ретінде өзін көрсеткісі келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет