Нуржігіт Алтынбеков 385
қазақ қоғамының өміріне енгізуіне үзілді-кесілді қарсы шығып, оның негізсіздігін
көрсетеді. Ресей заңдары қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың
ерекшеліктерің халықтың тарихи қалыптасқан құқтық көзқарастарын ескермейді
Шоқанның ойынша, таяу болашақта қазақ даласында үйреншікті халық алдында
абыройы бар билер сотын қалдыра тұру қажет.
Ш.Уәлиханов қазақ халқының рухани оміріи зерттеуге де қомақты үлес қосты.
Оның даналығы - болашақтағы халықтың рухани жаңаруындағы тарихи
қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен жыр-дастандардың, аңыздардың, т.с.с.
халық туындыларының маңыздылығын ұғып, олардың әртүрлі түпнұсқаларын қағазға түсіріп, болашақ ұрпақтарға қалдыру болды. Солардың ішінде «Қозы
Көрпеш - Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше» сияқты жырлар бар.
Туысқан қырғыз халқының аса көрнекті туындысы - «Манасты» да алғаш рет
қағазға түсіріп, оны орыс мәдениет зерттеушілеріне көрсеткен де Ш.Уәлиханов
болды. Егер біз орыс ұлы ойшылы А.Ф.Лосевтің: «Қайсыбір халықтың
мәдениетінің биіктігі мен шоқтығы оның тарих тудырған аңыздары мен жыр-
дастандарының байлығына байланысты», - деген пікіріне құлақ түрсек, Шоқанның
бұл еңбегін асыра бағалау өте қиын жұмыс болар. Осы ойларға сәйкес, біз қазақ
халқының мәдениетінің әлі талай-талай шыңдарға жететініне күмәніміз жоқ, өйткені
оның іргетасы мықты, ол ғажап інжу-маржандармен безенген, мыңдаған жылдарды
артына тастап, біздің өмірімізге дейін жеткен - халық мифологиясы. Ол - қазіргі
қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше өзіндік сипат беретін сарқылмайтын бұлақ,
рухани тірек.
Ш.Уәлиханов халықтың діни өмірін де терең зерттеп, оны ағарту жолында көп
еңбек етеді. Ол шамандықты (бақсылықты) көшпенділердің Табиғатқа табыну
жолында тудырған дүниесезімі ретінде қарайды. Бұл ізденіс жолында халық осы
Дүниені жаратқан «Тәңірді», адамдарды әрқашанда қолдап отыратын бабалардың
рухы - «аруақты» табады. Ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға тарауы