Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


«Ғылыми революциялардың құрылымы»



Pdf көрінісі
бет367/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   692
«Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегінде Т.Кун: «Парадигма деп 


Нуржігіт Алтынбеков 
428 
мен ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыттың шеңберінде ғылыми мәселелерді 
шешу жолдарын көрсететін барлығының мойындаған ғылыми жетістіктерін айтамын», 
- дейді. Парадигма белгілі бір ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен ізденіс 
жолдарын, ғылыми ахуалдың қайнар көзін құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, 
ол парадигмаға кадрағанда анағұрлым төменгі дәрежеде, өйткені қайсыбір теория 
белгілі бір парадигманың шеңберінде ІІайда болады. Оны басқа парадигманың 
Шеңберінде түсіну қиын. Ол үшін оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екінші ат береді — ол дисциплинарлық (пәндік) 
матрица (негіз). Оның негізгі әлементтері ретінде ол символдық жалпылау 
үлгілерін, концептуалдық (тұжырымдық) модельдерді, ғылыми қауымдастық 
мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешілген үлгілерді 
қарастырады. Ғылымдағы белгілі бір парадигманың үстемдігі дамуының жақсы 
деңгейде екенін көрсетеді: бірте-бірте тәжірибелік деректер жиналып өңделеді, 
зерттеудің жолдары қарастырылып жетіледі т.с.с. Бірақ ол өне бойы олай болмайды, 
кейбір ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберіңде
түсінілмейді, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадиг-маның 
құндылықтарына сенімсіздік пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын 
алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бір-бірімен күреске түсуіне әкеледі. 
Осының нәтижесінде бір жаңа парадигма жеңіске жетіп, ғылыми қауымдастық оның 
құндылықтарын мойындап, нәтижелі зерттеулер жүргізе бастайды. Сонымен бәрі де 
тағы қайталанады. Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас 
неопозитивизмнің көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның екінші 
жетістігі - ол тәжірибелік деректердің неопозитивизмдегі басымдылығын теріске 
шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсіз деректердің жоқ екенін дәлелдеді. 
Парадигманы игерген ғалым деректердің бәрін соның «сәулесі» арқылы көреді. 
Деректер теорияны сынамайды, керісінше, теория қандай деректерді тәжірибеге 
енгізу керек екенін пайымдап анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет