Нуржігіт Алтынбеков 427
қабылданған «зерттеу ережелерімен» тығыз байланысты. Олардыи біреуі (оң
эвристиқа) болашағы бар зерттеу жолдарына сілтесе, келесілері (теріс эвристиқа) қай
зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенін көрсетеді.
Қайсыбір «ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ішкі бұзылмайтын «қатты өзегі» болады, оған іргетасы теріске шығарыл айтын қағидалар ғана кіреді. Ал оны
қоршап тұрған «қорғайтын бірге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негізгі
функциясы бағдарламаның шегін қорғау болып табылады. Бірақ гипотезалар
фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкін.
Онда оның орнына жаңа гипотеза келеді.
«Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» әрі қарай өрлеу мүмкіндігін қалай
анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теориялық өсуі оның
эмпириялық өсуінен алда жүрсе, яғни теориялық түрде болашақта ашылатын
кейбір деректерді болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстінде. Ал жаңа ашылған
деректерді соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсіну дегеніміз - ол
бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа «ғылыми-зерттеу
бағдарламасына ауыстырылатынын көрсетеді.
Ғылымның даму тарихы - неше түрлі зерттеу бағдарламаларының бір-бірімен
сайысқа түсуі, олардың эвристиқалық мүмкіндіктерінің ашылуы. Ғылымның ішкі
және сыртқы тарихы бар. Ішкі тарихқа идеялар мен методологиялардың бір-бірін
ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы
тұлғалардың қызметі жатады.
Постпозитивизмнің келесі ірі өкілі - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегеніміз - белгілі «ғылыми қауымдастықтың» басын
қосып біріктіретін әлеуметтік институт. Олар белгілі бірегей теория, методология,
дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды
мойындаған қауым. Олардың бәрін біріктіретін ғылымдағы парадигма. Өзінің