2. «Батысшылар» ағымындағы (вестернизм) күштердің ойынша, ұлттық
құндылықтар дегеніміз - артта қалушылықтың, надандықтың, ыдыраудың символдары.
Нуржігіт Алтынбеков
464
Сондықтан тезірек Батыс құндылықтарын өмірге енгізіп, қабылдау қажет. Сонда ғана,
Шығыс елдері дәуірдің қойған талаптарына сай келіп, «жалпы адамзат
цивилизациясына» қосылады. Ал соңғыны олар Батыстың жетістіктерімен теңестіреді.
Ал дін мәселесіне келер болсақ, олар оны «әр адамның ар-ұжданының ісі,
таңдауы» деген пікірде. Қазіргі уақытта дін мемлекеттен бөлінуі керек. Білім беру
саласында жастарға «ағарған тәлім-тәрбие беру қажет». Осының негізінде қазіргі
ғылым мен техниканың жетістіктерін игеріп, өмірде кеңінен қолдануға мүмкіндік
алуымыз керек деген пікірді таратылады.
3. «Прогрессистер» ағымындағы ойшылдар Шығыс елдері бұрынғыдай өмір сүре
алмайтынына көздері жетіп, өзгеріс, жаңару, реформаларды қолдайды. Ол үшін Батыс
қоғамында пайда болған көп жетістіктер кеңінен таратылып, қолданылуы қажет. Ол
әсіресе экономика саласында керек-ақ. Бірақ, сонымен катар ұлттық рухани
құндылықтар жаңа өмірге бейімделіп сақталуы қажет. Олай болса, оларды бір-
бірімен ұштастыру керек. Сонымен қатар, олардың ойынша, діни құндылықтарды жана
өмірге сай етіп өзгерту қажет. Құдайға арнап құрбандық шалудан бас тартып, оны тек
сүйіспеншіліктің негізінде сыйлау қажеттігін көрсеткілері келеді. Қазіргі өмірдің
ритміне 5 реттей намаз оқу салты да сай келмейді. Араб тілін меңгермеген көп
елдерде халық Құранның мазмұнын біле бермейді, сондықтан бұл құжат басқа
тілдерге аударылып, намаз халықтардың өз тілінде өтуі кажет т.с.с.
Шығыс елдеріндегі мыңдаған жылдар ішіндегі философия саласындағы
қалыптасқан дәстүр - ол сенім шеңберіндегі ойлау мен тебірену. Сондыктан Шығыс
философиясын діннен бөліп алып Қарау тіпті мүмкін емес.
Енді Шығыс елдеріндегі діни-рухани ахуалға келер болсақ онда «Құдай ашылған»
діндермен қатар (Христиандық, Ислам) «Құдайды ашпаған» діндер де бар
(Конфуциандық, даосизм буддизм). Бірінші діндерге келер болсақ, ондағы Құдай
транс-цедентті, абсолютті, кеңістік пен уақыттың шеңберінен ары жатқаң мәңгілікті. Ол
адамзатқа өзінің «сөзімен» ашылады.
Екінші діннің түрлеріне келер болсақ, ондағы Құдай - дүниенің рухани алғышарты
|