Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет418/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
480 
дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты. 
Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған 
негізделген әртүрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды. 
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан 
кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның 
өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін 
Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де - 
мағынасыз нәрселер. Сондықтан негізгі мақсат -адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған 
назарын аударып, соны ғана Жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде 
Шығыста мәдени бағыт қалыптасты. 
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, 
сонымен кодтар идеалды, еш мінсіз, жетілген, Мәңгілік Болмыстың бар екенін 
мойындауы - бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының 
астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын 
аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі 
- адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да, осы жаратылған Дүниенің әміршісі 
қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? 
Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан альш қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің 
қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені коммунизм - кемеліне келген, 
адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік 
біркелкілік орнаған қоғам. Яғни ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті 
арқылы орнатылған идеалдық қоғам. 
Сонымен егер нақтылы емір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне келмеген Дүние мен 
қатар идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда айнала коршаған 
мәнді ортаны идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. XX ғ. өмір 
сүрген көрнекті Еуропа ойшылы Теяр де Шарденнің: «Дүние әлі жаратылып 
біткен жок, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат», - 
деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен үллтасып жатқанын байқауға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет