Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет417/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
479 
түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағынаға 
бөлінеді: ол «бірінші дао» - абсолютті болмыс, және «екінші дао», я болмаса «дэ» - 
көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да, көре 
алмайсың, қанша тыңдасаң да, ести алмайсың, оған ат қояйын десең де, коя 
алмайсьщ, өйткені көне Қытай ойшылдары айтқандай оның аты жоқ. Демек, ол не 
деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол ештеңе, яғни бейболмыс. Бүкіл 
Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған 
барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті - бірінші дао ғана. 
Ал Дүниеге келген заттарды, яғни екінші дао – дәні алатын болсақ, оның әрбіреуінің 
өз аты бар, олар өтпелі, мәнді, салыстырмалы т.с.с. 
Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне грек 
ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке 
келіп тоқтапамыз. Ол кісінің атақты сөздері: «Тек кана болмыс өмір сүреді, бейболмыс 
тіпті де ясок»- Яғни Дүниеде бар нәрсе - бар, жоқ нәрсе - жоқ. Бір қарағанда, 
қисынды сөздер! Бірақ осы ойды айтқаннан кейін, Парменид қозғалысты, дүниеге 
келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені бір нәрсенің 
дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, дүниеге келді. Ал, 
Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни дүниеге келуді 
мойындамайды. Сол сияқты, дүниеден өтуді де, яғни бардың жоққа айналуын да 
мойындамайды, өйткені бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ жоқ. Ал дүниеге келу 
мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та 
жоқ. Яғни болмыс дегеніміз - ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-
өзіне тепе-тең. 
Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы 
таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Олай болса, Парменид 
бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады, - деген 
пікір айтады. Яғни ойлау мен болмыс - бір-біріне тең. Сонымен Парменидтің 
болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет