Нуржігіт Алтынбеков
485
Д.Дефоньщ «Робинзоны» тек киялдан шыққан көркемдік бейне ғана емес пе?
Олай болса, қоғам өмірінде интерсубъективтік (іntеr – латын сөзі, екіаралық,
көпаралық деген мағына береді) рух дүниеге келеді.Ол жеке өмір сүретін бір
адамның ғана қазынасы емес, ол қоғамның, яғни бір-бірімен байланыс, қарым-
қатынасқа түскен көп адамдардың ортақ байлығы. Мысалы, сізге қоғамның белгілі
бір саласын жетілдіруге бағытталған ой келді, ол - тек сіздің ғана ойыңыз. Бірақ
сіз оны ақпарат кұралдары арқылы қоғамға жария еттіңіз. Сіздің ойыңыз өзекті
болып, оны көп адамдар колдады, енді, міне, ол сіздің уысыңыздан шығып,
коғамның рухани құндылығына айналды, өйткені ол басқа адамдардың санасына да
ұялап, олардың ой-өрісіне өзінің әсерін тигізді. Сонымен интерсубъективтік, яғни
объективтік рух қоғамның үстінде аспандағы бұлт сияқты, жеке адамның
санасынан бөлініп, дербес өмір сүріп жатқан идея емес, ол - көп адамдардың
санасында өмір сүріп жатқан, солардың мойындаған, ішкі рухының бөлігіне
айналған құбылыс.Философияда объективтік рухтың формалары ретінде ғылым,
өнер, дін, мораль, құкықтық нормалар т.с.с. айтылады.
Енді субъективтік және объективтік рухтың өзара байланысы қандай? деген
сұрақ заңды түрде пайда болады. Әрине, жеке адамның тұлға болып
қалыптасуында қоғамдық сананың, яғни объективтік рухтың маңыздылығын асыра
түсіну өте қиын. Дүниеге келген сәби ананың ақ сүтімен бірге оның сүйіспеншілігін,
әлди-әлди өлеңдерін, неше түрлі ертегілерін бойына сіңіріп, тілі шығып, өсе келе бала
бақшасы, мектеп, жоғары оқу орнына барып, тәлім-тәрбие алып, тұлғаға айналады.
Сонымен қатар пісіп-жетіле келе, оның бойында жаңа идеялар, туындылар пайда
болып, оларды жарыққа шығарып қоғамдық сананы әрі қарай дамытады. Тек бұл
арада айта кететін нәрсе, өкінішке қарай, осы уақытқа шейін адамзаттың
көпшілігі қоғамдық сананы пайдаланады да, тек элитарлық (еlitе - франц.
сөзі, қоғамның үстем білімді, өнерлі азшыл тобы деген мағына береді) аз топ
қана оны әрі қарай дамытады. Осыған өкінген XX ғ. ұлы испан философы
Х.Ортега-и-Гассет халық бұқарасын тобырға теңеп, қазіргі кездегі рухани
|