Нуржігіт Алтынбеков 487
ойымызша, соңғы ойшылдың пікірі дұрыс сияқты.
Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды қайсыбір жануармен
салыстырып байқасақ, онда оның шексіз айырмашылығын байқаймыз, өйткені жануар
өзін айнала қоршаған ортадан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері
мен шартты рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал адамға келер
болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол өзінің басқа заттардан бөлек ерекше болмысын сезінеді, сонымен қатар басқа заттардың да дара, ерекше өмір сүретінін байқайды. Осы ерекшелікті сезінудің нәтижесінде адамдардың санасында
Даралық, жалқылық, ерекшелік, зат, құбылыс т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды.
Сонымен қатар адам өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны
айнала қоршаған ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен
кұбылыстардың
өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған тірі жан ретіңде
тамак
ішуі, баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы т.с.с. қажет Бұл қажеттіліктердің
өтелуі айнала қоршаған заттар мен
құбұлыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы
мумкін.
Алғашқы уакытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған заттары әрқашанда
ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын, бұрын-соңды оның өмірінде кездеспеген
сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір қажеттіліктерін өтегеннен кейін, есінде сақталмай қоймайды. Сонымен қатар адам өзінің өмір суру барысында сол
қажеттіклітерді өтей алатын басқа заттар мен құбылыстарды да кездестіріп,
оларды пайдаланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен
қатар, бірнеше, көп ұғымдар пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт та бір
қажеттілікті өтейді. Олардың бәрін салыстыра келе, адамдар олардың ортақ қасиеттерінің бар екенін, айырмашылықтарымен қатар жалпыға бірдей жақтарын
анықтайды. Сол себепті шие, алма мен алмұрттан тыс жеміс деген ұғым пайда
болады, ол - аталған және де басқа жидектердің жалпы қасиеттерін біріктіретін
ұғым. Жүре келе, мұндай ұғымдар адамдардың сөздігіне көптеп кіріп, белгілі бір
халықтың ойлау жуйесін әрі қарай дамытады...