Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет464/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
526 
даму үрдісінде болса, онда ол қалай қарай бара жатыр? Даму шексіз болуы мүмкін бе? 
Әрине, оған теріс жауап қайтаруға болады. Тіпті Ғарышта саналы адамнан да 
жоғары 
тіршілік болса да, дамуды шексіз соза беруге болмайды. Дүние қаншалықты 
орасан зор болғанымен шектелген, оның бастауы бар, олай болса, соңы да болады. 
Біздің ойымызша, әлі де кеңею үстіндегі Ғарыш миллиардтаған жылдардан кейін 
өзінің кері қарай серпілісін тудырып, тағы да бір нүктеге жиырылуы (коллапс, я 
сингулярлық нүкте) мүмкін. Келесі сатыдағы жарылыста Ғарыштың бүгінгі моделіне 
ұқсамайтын жаңа түрі кездейсоқтықтың нәтижесінде Дүниеге келмек. 
Бүгінгі ғылымның нәтижелеріне сүйене отырып, Ғарыштағы жүріп жатқан екі 
үрдісті айтсақ та болғаны. 
Біріншіден, 
термодинамикадағы 
(әртүрлі 
энергияның 
бір-біріне 
өту 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым) 2-ші бастамаға сәйкес, Дүниеде ыдырау, жылы зат 
энергиясының айнала қоршаған ортаға тарау үрдістері (энтропия) өтіп жатыр. Ол - 
біржақты үрдіс. Бұл заңдылықты ашқан Р.Клаузиустың тұжырымы бойынша, 
«Жылылық өз-өздігінен суық денеден ыстық денеге тарамайды». Керісінше, 
ыстық денеден суық денеге ғана өтеді. Бұл заңдылық ашылған уақытта неше түрлі 
пессимистік көзқарастар пайда болды. Мысалы, Ғарыш ең соңғы сатысында толығынан 
ыдырап, хаосқа айналады деген пікір де айтылды. 
Алайда мұндай көзқарас адамдардың санасында келесі сұрақты тудырды: 
егерде Ғарыш хаосқа қарай өтуге бағытталса, онда бүгінгі таңдағы биік дәрежеде 
ұйымдасқан Дүние тәртібі қалай пайда болды? Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы 
өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі өне бойы тарихи созылған күрделенуді, 
ұйымдасу деңгейінің өсуін, энтропияға қарсы бағытталған күш-қуатты көрсетті. 
Философия саласында бұл сұраққа өзінше жауап берген ұлы француз ғалымы 
Пьер Теяр де Шарден болды. Өзінің «Адам құбылысы» деген еңбегінде ол Дүниенің 
екі бастамасы бар дейді. Оны бірі - тангенциалдық, яғни физикалық, заттық болар 
болса, екіншісі - радиалдық, яғни рухани энергия. Дүниені күрделендіріп, оның 
біртұтастығына жауап беретін соңғы радиалдық күш болмақ. Ал оның қайнар көзі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет