Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет460/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
522 
жайттармен (маскүнемдік пен нашақорлық, қылмыстық пен жезөкшелік т.с.с.) тиімді 
күрес жүргізуге болады. 
Әрқашанда есте сақтайтын мәселе - реформалардың бүкіладамзат рухани 
дағдарысының аясында жүруі. Бұрынғы «Шығыс пен Батыс» арасындағы ғаламдық 
қайшылық Кеңес Одағы құрысымен келмеске кетсе де, оның орнына «Солтүстік пен 
Оңтүстік» қайшылығы келді: Әлемнің бір бөлігін «алтын миллиард» аталатын 
постиндустриалдық елдерде өмір сүріп жатқандар құрса, «екінші миллиардты» 
жартылай аш-жалаңаш жүргендер ққрайды. Қалған 4 миллиард адам дамып келе 
жатқан ғаламның бөлігіне жатады. Соның ішінде біздер де бармыз. Дамыған елдер 
мен жаңа ғана Дамып келе жатқандардын арасындағы айырмашылықтар жылдар өткен 
сайын қысқарудың орнына алшақтап бара жатыр, бұл, әрине, халықаралық 
шиеленістердің көпшілігінің себебі болып отыр. Бүгінгі таңдағы көп айтылып 
жүрген халықаралык терроризм, экстремизм сияқты құбылыстарды осы 
қайшылықтардың астарында
түсінуге болады. 
Қазіргі орасанзор карқынмен жүріп жатқан ғылымитехникалық үрдіс те өз 
қайшылығымен көрінеді: бір жағынан, ол өндіргіш күштерді дамытып, қоғамның 
байлығын өсірсе, екінші жағынан, арғы анамыз - Табиғатты құлазытуда. 
Тойымсыздыққа
жол берген Батыс өркениеті адамзатты бірте-бірте жер бетіндегі 
«қатерлі ісікке» айналдыруда. Біздің де осы кауіпті жолға түсіп, ата-бабаларымыз 
қалдырған руханиятты, биік экологиялық санамызды бұзып аламыз ба деген 
қорқынышымыз бар. 
Аталған және де басқа қайшылықтарды жою тек қана адамзаттың руханияты мен 
адамгершілік қасиеттерін жетілдіру арқылы болмақ. Бүгінгі таңда айдай анық нәрсе - 
технократиялық жолмен бірде-бір ғаламдық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі. 
Олай болса, реформа барысында мәдениет пен білімнің, жалпы руханияттың дамуына 
көбірек көңіл бөлінуі қажет. 
§ 10. Қозғалыс пен даму 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет