Нуржігіт Алтынбеков 554
саясат адамзаттың мыңдаған жылдардағы қайғы-қасіреттен өтіп жеткен «жалпы
адамзат кұндылықтарын» өзінің іргетасы ретінде есептеуі керек. Сонда ғана оған
тағылған «саясат - лас іс» деген түжырым қоғамдық санадан алыстай бастайды.
Қоғам өміріне қатысты прогрессивті (алға жылжу) және консервативті (бұрынғы
жағдайды сақтау, өзгермеуге тырысу) мүмкіндіктерді айтуға болады. Ал оларға «даму
бағытына» арналған тарауда ерекше тоқталатын боламыз.
Енді мүмкіндіктің шындыққа айналуының тәсілдері қандай? деген сұрақтың кезегі
келді. Оған келесі тарауда жауап берейік.
§18. Қажеттілік пен кездейсоқтық
Мүмкіндіктің шындыққа айналуы қажеттілік пен кездейсоқтық өзара
диалектикалық байланысының нәтижесінде іске асады. Өйткені Дүниеде, бір
жағынан қажеттілік, екінші жағынан, кездейсоқтық бар.
Қажеттілік деп зат, я болмаса құбылыстың дамуындағы болмай қалмайтын,
әрдайым іске асатын жақтарын айтамыз. Кездейсоқтыққа келер болсақ, ол болуы, я
болмауы да, өмірге енуі, я енбеуі де мүмкін.
Сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниедегі қажеттілікті мойындаған. Мысалы,
Демокрит Дүниедегі қажеттілікті атомдардың қозғалысы, бір-бірімен соқтығысуы,
байланысынан көреді. Оның ойынша, Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, олай болса,
кездейсоқтық та жоқ. «Тек біз себебін білмеген затты кездейсоқтық деп есептейміз», -
дейді ұлы ойшыл. Сондықтан әр нәрсенің себебін білуге ұмтылу қажет. «Мен өзім
танылмаған бір нәрсенің себебін білуге бола, парсылардың тағынан да бас тартар
едім», -деген Демокрит жөніндегі аңыз осы уақытқа шейін сақталған.
Мұндай көзқарасты Жаңа дәуірдегі ұлы ойшылдар да қолдаған болатын
(Б.Спиноза, П.Гольбах т.б.). Қажеттілікті себептілікпен теңеген ойшылдар заңды
түрде кездейсоқтықтан бас тартып, Дүниедегінің бәрі де қажетті деп түсінді. Олай
болса, Дүниеде кездейсоқтық болмаса, тек алдын ала берілген қажеттілік, тәртіп
болса, онда еш нәрсені өзгерте алмайсың, тағдырдың (фатализм) тәлкегінің бәріне