Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет488/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
550 
сырт жағынан да шексіз болғаннан кейін, «бірінші», я «соңғы» себеп болуы мүмкін 
емес. Оны мойындау қажетті түрде осы Дүниені тудырған «Құдай идеясына» әкеледі. 
«Соңғы себеппен» байланысты телеологиялық (teleos - грек сөзі, - мақсат-мұрат, 
logos - ілім) детерминация болып табылады. Оны қолдайтын ойшылдар ерекше 
телеономдық себептер барын мойындайды. Ол «не үшін туды?», «қандай мақсат 
үшін жаратылды?» деген сұрақтарға жауап береді. Яғни алдын ала берілген мақсат 
(соңғы себеп) сол заттың дамуына себеп болады деген сөз. Мысалы, XX ғ. өмір 
сүрген ұлы діни философ Теяр де Шарден Дүниенің жаратылуы мен дамуында
мақсатқа лайықтылықтың негізінде дамып жатқан рухани күш бар дейді. Физикалык 
энергия ыдырау үстінде болса, рухани күш Дүниені күрделендіріп, жетілдіріп алдын 
ала берілген «Омега нүктесіне» (Құдайға) жақындатуда.
Әрине, әрбір тіршілік формасы өзінің іштей берілген «өмір бағдарламасының»
негізінде дамиды. Ал тіршіліктің шындықты алдын ала бейнелеу қасиетінің
қалайша табиғи түрде пайда жоғарғы тарауда сөз қылғанбыз. Ал коғам өміріне
онда ғалымдар мен мамандар, саясаткерлер неше түрлі бағдарламалар жасап, соларды 
іске асыруға тырысады. Мақсат-мұрат дегеніміз - ой елегінен өткізіліп, болашаққа 
бағытталған идеалдық нәтиже. Бірақ ешқандай бағдарламалар толығынан 
орындалмайды, себебі, оны іске асыру барысында неше түрлі , ескерілмеген 
жағдайлар пайда болып, көбінесе оның іске асуына теріс әсерін тигізеді. Ал ол 
жағдайларды күні бұрын ешкім де біле алмайды. Дегенмен де алға қойған үлкен 
мақсат зор күш-қуатты оятып, адамды үлкен белестерге көтеріп тастайды. Елдің 
президентінің тікелей қатысуымен жасалған үлкен бағдарлама «Қазақстан-2030» жаңа 
тәуелсіздігін алған халыққа зор рух беріп, оны үлкен белестерге көтеруде. «Генерал 
болам!» деп армандаған жасөспірім сол жолда қажымай-талмай еңбек етсе, полковник 
дәрежесіне көтерілуі мүмкін, тіпті одан да асып, маршал атағына ие болуы ғажап емес. 
Сондықтан, жас дос, өз алдыңа үлкен мақсаттар қойып, соны іске асыруға тырыссаң, 
өміріңнің мән-мағынасы сонда ғана ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет