Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет499/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
561 
Өйткені ол таңдалған мүмкіндік дайын түрде адам алдына келмейді, оны ол 
тудыруы керек. Сондыктан осы жаратылған Дүниені адам өз шығармашылық 
дарынының аркасында әрі қарай жетілдіріп жатқан жоқ па? Осы тұрғыдан алып 
карағанда, орыс философиясының аса дарынды өкілі Н.А.Бердяевтің: «Еркіндік
дегеніміз — адамның ішкі шығармашылық күшқуаты. Адам өз еркіндігінің 
арқасында мүлде жаңа өмірді тудыра алады... Еркіндік - бұл Дүниенің
шеңберінен шығумен тең», - деген сөздерінің тереңдігіне таңғаласыз (караңыз: 
Н.А.Бердяев. Царство духа и царство кесаря. М., Мысль, 1995, 247-248-6.). Олай 
болса, еркіндік дегеніміз — шығармашылық. XX ғ. өмір сүрген көрнекті Австрия
ғалымы В.Франклдің: «Шығармашылық кұндылықтары адам өмірінің ең терең 
мән-мағынасын кұрайды», - деген ойы да жоғарыдағы оймен шектесіп жаткан 
жоқ па (караңыз: В.Франкл. Человек в поисках смысла., М.,Прогресс, 1990, 165-6.). 
Уақытында К.Маркстің өзі коммунизмді әр адамның шығармашылық сатысына 
көтеріліп, гүлдеуімен теңестірген болатын. 
Алайда бұл арада біз тағы да бір күрделі мәселеге тап боламыз. Адам 
кірпіштен әсем сарай сала алады. Сонымен қатар, адамдарды құртуға бағытталған 
концлагерьлерді, оларды жағуға арналған газ камераларын да тудырды. Атомның 
ядролық күшін өз күшіне айналдырып, жүздеген атомдық электростанцияларды 
салды. Сонымен қатар жер бетін мыңдаған рет қопарып тастай алатын ядролық 
бомбаларды жинады. Адамзат мыңдаған тұруға лайықты гүлденген қалаларды 
орнатты, бірақ «¥лы мәртебелі» арғы анамыз - Табиғатқа-барлық салмағын салып, 
аздыртты. 
XX ғ. ғылыми-техникалық революцияның теңдессіз дамуына байланысты адамзат 
алдында бұрын-соңды болмаған үрейлер пайда болды. Бүгінгі таңда адамзат 
құпияның-кұпиясы тіршіліктік геномының ішкі сырын ашып, неше түрлі генетикалық 
инженерия технологияларын жасауда. Адамның өзін клондық, яғни бейжыныстық 
түрде дүниеге әкелу мүмкіншілігі пайда болды. Мәселенің өршігені соншалықты, 
Италияның Генуя каласында 2001 ж. шілдесінде өткен дамыған елдердің саммитінде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   495   496   497   498   499   500   501   502   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет