Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет497/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
559 
(баскалардың мүдделерін таптау, ұрлық, қорлық, зорлау, өр көкіректік т.с.с.). 
Сондықтан бұл категорияның саяси «ұрандық» сипатынан бас тартып, 
философиялық деңгейде қарайық. 
Еріктік категориясының маңыздылығы - ол адамның тектік қасиетіне жатады, 
жануарлар әлемінде еріктік жоқ. Яғни ол адамның саналы мақсатқа лайықты іс-
әрекетінен туындайды. Алайда адам жалғыздан-жалғыз ғарыштағы кеңістікте өмір 
сүріп жатқан жоқ, оны айнала коршаған өз мүдделері мен максаттары бар басқа 
адамдар да бар. Сондықтан еріктік деп адамның айнала қоршаған ортадағы ахуалды 
ескере отырып, өз мүдделері мен мақсат-мұраттарын іске асыру қабілетін айтамыз. 
Философия тарихында көбінесе еріктік мәселесін қарағанда, оны кажеттілікке 
қарсы коюды байқаймыз. «Еріктік бар жерде қажеттілік жоқ», я болмаса «Ешқандай 
еріктіктің болуы мүмкін емес, тек кана қажеттілік бар». Ақырында, бірінші көзқарас 
еріктікті адамның ойына не келсе, соны жасауға теңеп, волюнтаризмге 
(А.Шопенгауэр, Ф.Ницше) әкелді (voluntas-латынша ырық). Еріктікті терістеп, тек 
кана қажеттілікті мойындағандар (Т.Гоббс, П.Лаплас т.б.) фатализм бағытын 
тудырды (fatum-латынша тағдыр). Егерде адам өмірінде еріктік жоқ болатын болса, 
онда тағдырдың тәлкегіне толығынан көнуге тура келеді. 
Мұндай көзқарастардың біржақтылығын сезініп, жаңа формула әкелген Б.Спиноза 
болды: «Еріктік — танып-білінген кажеттілік». Негізінен алғанда, маркстік 
философияда да осы бағыт ұсталған. Бұл формула, қалай айтсақ та, қажеттіліктің 
басымдығын ертелі-кеш мойындайды. Соның негізінде конформизм (бәрі не істесе, сен 
де соны істе), я болмаса тоталитаризм (не айтылса, соны істе) пайда болады. 
Қажеттілікті танып-білу еріктікті-өзінен өзі туғызбайды. Түрмеде отырған адам 
қаншалықты қажеттікті түсінгенмен, одан ерікті бола ала ма? Осы арада бір 
анекдотты келтіруге болады: Полицай бір адамды ұстап торға жауып қойып, оқтын-
оқтын «Итбаев!» - деп атын атағанда, ол байғұс: «Мен мындамын, полицай мырза», 
- дегенде, полицай: «Қайда кетерсің», - деп жауап қайтарады екен. 
Жоғарыда келтірілген көзқарастар бұл категорияның аса күрделі екендігін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет