Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет523/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
588 
қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде «практика» 
дейді. 
§ 2. Танымның практикалық табиғаты 
Практика (ргасііісоз - грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған 
ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. 
Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала коршаған ортасыз өмір сүре 
алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене кұрылысы, табиғатына байланысты айнала 
коршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз 
тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана 
сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға 
келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жакты қатынаска түседі. 
Айнала коршаған орта нактылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамнын игеру 
мүмкіндігінен әркашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану 
мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады. 
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп, қоғамның материалдық және 
рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мұраты тек қана 
білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар коғам мен адамның өне бойы өзгерістегі 
материалдық және рухани қажеттіліктерін етеуде болса керек. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат 
практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда 
көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай 
бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен 
каналдарды қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу 
қажет болды. Соның нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала 
басталды. 
Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның кажеттіліктері де ғылымның 
дамуының негізінде жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   519   520   521   522   523   524   525   526   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет