Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет525/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
590 
Жоғарыда келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді. Бұлардың 
бәрі де таным үрдісінің әрқашанда адамзат практикасымен байланысты екенін 
көрсетеді. Дүниетаным адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең 
табиғаты практикада, оның әлеуметтік-тарихи мән-мағынасында жатканы сөзсіз. 
§ 3. Таным құрылымы 
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері, ақыл-
ойы, ыркы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен 
байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату 
мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде 
оларды бір-бірінен ажыратып карастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз 
сезімдік танымнан бастауымыз қажет сияқты. Сезімдік танымның негізгі формалары 
түйсіктер, кабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған дүниемен 
адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-
суықтығын, жұмсак-каттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, 
түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен 
теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді 
дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше 
түріне жатады. Олар, әрине, коғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат 
практикасымен тығыз байланысты. 
Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырып, 
сәйкестендіріп отырады. Соның нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік 
алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлі-түстілігін т.с.с. 
қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып 
табылады. Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе - адам қабылдаған заттың барлық 
қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол заттың тек оған қажетті жақтарын ерекше 
белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   521   522   523   524   525   526   527   528   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет