Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет684/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   680   681   682   683   684   685   686   687   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
753 
көлемін қысқарту үшін демократиялық үрдіс әрі қарай дамуы кажет. Сонымен катар 
жоғарыдағы көрсетілген ел ерекшеліктері президенттік басқару жүйесінің сақталуын 
қажет ететіні де сөзсіз. 
Қоғамның рухани өмір шеңберіндегі мәселелеріне келсек, онда бірінші орынға 
білім беру мәселелерін қойған болар едік. Бұл салада да асырасілтеушілік болмады 
емес. Ол, негізінен, жекеменшікке негізделген оқу орындарын жасаумен байланысты 
болды. 
Екіншіден, Батыс үлгілеріне өз жағдайымызды ескермей еліктеу, білім 
саласында технократтық саясат жүргізу, гуманитарлық білім беруге көңіл аудармау
«біржақты, тек өз мамандығын ғана білетін» кадрларды дайындау дер едік. 
Қайсыбір рухани саланың өзегі - тіл. Дербестік алған елде қазақ тілі кең тыныс 
алып, даму үстінде. Көп халықтар өкілдеріжиналған елдегі жетістік - бүкіл Қазақстан 
халкыньщ қазақ тілін окып-білуге бағытталған бетбүрысы. Әрине, кейбір 
интеллигенция өкілдері оның тез уақытта күш алып кеткенін жаратар еді. Бірақ бүл 
мэселеге сабырлылық керек деп есептейміз. Негізгі шаруа - ез халқымыздың бэрін өз 
тілінде сөйлеуге, оны кұрметтеуге шакыру, сол жолда барлық мүмкіндіктерді 
пайдалану дер едік. Сонда ғана баска үлттың өкілдері қазақ тілін тезірек меңгеруге 
мүдделі болады. 
Өнер саласында да көп өзгерістер байкалады. Талантты азаматтарымыздың 
ашылып гүлдеуіне біршама жағдайлар жасалды. Бүгінгі таңда қазақ елінің өнерін көп 
елдерде біліп, қошеметтейді. 
Сонымен қатар батыс «бұқара мәдениетіне» жалаң еліктеу де жоқ емес. Әрине, 
өнер де өз заманына сай өзгеруі керек. Десек те, оның үлттық негізі, аркауы 
эрқашанда сакталуы қажет деп ойлаймыз. Сонда ғана өнер саласы шынайы дамиды. 
Енді ең қиын мәселе - халықтың діліне (менталитет) келер болсақ, ол бүгінгі 
өмірге сай болуы үшін қаншалықты өзгеруі керек деген заңды сұрақ туады. Себебі, 
реформаторлық саясатта эсіресе алғашқы уақытта, жеке мүдде қауымдық пен 
үжымдыққа, еркіндік теңдікке қарсы қойылды. Окырманның өзі де байқаған болар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   680   681   682   683   684   685   686   687   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет