Нуржігіт Алтынбеков 752
мойындату үшін жаңа жұмыс орындарын ашуы, қорланған көп элеуметтік
мэселелерді шешуге атсалысуы қажет. Өйткені либералдық саясат ұстаған
мемлекет, біздің жағдайда, тез арада оларды шеше алмайды.
Қазақ елінің ерекшелігін ескере отырып (территория көлемдігі, ауа райыньщ
қаталдығы, халқының аздығы т.с.с.), мемлекеттің аса үлкен рөлін ескеру қажет. Олай
дейтін себебіміз: реформа барысында мемлекетке деген «романтикалық», «жеңіл»
көзқарастың қалыптасуы, нарыққа аса көп үміт артуға байланысты болды.
Реформаторлардьщ ойынша, нарьқ қалыптасса, А.Смиттің «көзге көрінбейтін нарық
қолы» барлық экономикалық қатынастарды өзі-ақ ретке келтіреді. Ал мемлекет
жекенің мүлкін сақтайтын «түнгі күзетші» болып, салықты жинап, қоғамның
керектігіне жаратуы керек. Екінші бір кең тараған «либералдық пікір» - тек қана жеке-
меншіктің аса тиімділігі, ал мемлекеттік меншік болса оның ауырлығы, өзгеріп
жатқан ахуалға тез икемделе алмауы т.с.с. Шынына келгенде, әңгіме меншік
формасында емес, оны тиімді басқаруда (менеджмент) екенін бүкіл әлем біледі. Олай
болса, мемлекеттік меншікті нығайтып, оны басқаратын «топменеджерлерді»
дайындауға аса көп назар аударылуы қажет сияқты. Энергетика, жолдар мен басқа
коммуникациялар, су тораптары т.с.с. өмірлік маңызы бар шаруашылық кешендер
мемлекеттің қолында болуы керек. Бүгінгі таңда, еркіндік үлттық капитал қорланған
кезде, ел байлығын «оңға-солға» сатуды тоқтатып, керісінше, бұрын басқаларға өтіп
кеткен шикізат кеніштерін мемлекетке кайта оралту қажет. Сонда ғана мемлекет
әлеуметтік мәселелерді кеңінен шеше алатын дәрежеге көтеріледі.
Дербестік жолында саяси салада біршама оң өзгерістер қалыптасты. Біз оны
«зиялы демократиялық құндылықтарды жақтайтын авторитаризм» деп бағалар едік.
Елімізде «сөз еріктігі», «көппартиялық», «кәсіби парламент», жүздеген «бейүкіметтік
ұйымдар» пайда болды. Президенттің тағайындауымен жүмыс жасайтын атқару
жүйесінің арқасында елде тәртіп болып, ең қиын уақыттардан аман-есен шықтык.
Десек те, қайсыбір авторитаризмнің осал жері - коррупция, жемқорлықтың етек
алып кетуі, шен иелерінің озбырлығы. Бұл - Қазақстанға да қатысты нәрсе. Оның