Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет18/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
19 
пікірмен толығымен келісуге болады. Өйткені адамның рухани өмірі сан алуан ойлар 
мен болжамдарға, күңгірт және әсем сезімдерге, жоспарлар мен үміттерге т.с.с. толы. 
Адам өзін қоршаған нақтылы болмыстың шеңберінен әрқашанда шығып кетіп, әлі 
өмірде жоқ, бірақ болуға тиіс Дүниеге жетуге тырысады. Сонымен құндылық әлемі 
оның өмірінің мақсат-мұраты мен мән-мазмұнына айналады. Бұл күрделі мәселелерді 
философияның аксиологиялық жағы деуге болар еді (аksios — құндылык, 
құндылықтар ілімі). 
Адам өмірінің құндылықтары сан алуан. Оларды, негізінен алғанда, екі үлкен 
топқа - материалдық және рухани құндылықтарға бөлуге болады. Қарапайым 
адамдардың көпшілігі өмірдің мән-мағынасын материалдық құндылықтарды 
жинаудан, байлыққа ұмтылудан көреді. Американ философы Э.Фромм бұл 
құндылық бағытын «алу» категориясымен көрсетеді. Ал екінші бағытты адамның 
рухани ізденісін, оның шындық, әсемдік, жақсылыққа, шығармашылық деңгейіне 
ұмтылысын өмірде «болу» категориясымен ұштастырады. 
Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі қызметі құндылықтар әлемін 
сараптау, әлеуметтік өмірде қандай кұндылықтар болуы керек, болуға тиіс, - соларды 
негіздеу болып табылады. 
Қоғам өміріндегі әрбір әлеуметтік топтың өзінің алатын орны, соған сәйкес 
мүдделері мен мақсат-мұраттары болғаннан кейін, олар белгілі бір философиялық 
бағытта негізделмей коймайды. Әлеуметтік болмыс белгілі топтың мүддесінен өтіп 
барып бейнеленеді, яғни бұрмаланады. Ал мұның өзі сол топтың құндылық әлемін 
таңдауына өзінің зор әсерін тигізеді. Біз мұны философияның идеологиялық жағы 
деп түсінеміз (іdеа - идея; 1оgоs -ілім, алғашқы кейіп). Сонымен философия таптық 
қоғамда сондағы идеологиялық және саяси қақтығыстарға қатыспай қоймайды. 
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз философия пәнінің күрделі де, 
біріктіргіш білім, Дүниеге деген көзқарас екенін байқаймыз. 
Философияның тағы бір елеулі ерекшелігін алатын болсақ, ол - XX ғасырда 
пайда болған тілге деген үлкен қызығушылық. Белгілі орыс философы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет