Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет101/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
119 
төніп тұрғанын біледі. Ал нағыз адамдык нәрсе - ол содан кейін барлық күш-жігерін 
жинап, сол кауіпке карсы тұру, осы күресте барлық өмірдегі алған тәжрибесін, білімін 
жұмсау болса керек. Богомоловтың бұл пікіріне толығынан косылуға болады. 
Сонымен 
скептицизммен 
антикалық 
философия 
аяқталады. 
Грек 
философиясында ең алдымен оптимистік дүниетаным пайда болды. «Білемін және 
соған сәйкес әрекет етемін» деген қағида көне гректердің ең биік идеалы. 
Эпикурлықтар: «Білемін, сондықтан бас тартамын», - деді. «Білемін және оған 
көнемін», - деп стоиктер айтты. Ал Скептиктер: «Білмеймін, сондықтан калай болса 
солай өмір сүремін», - деп, көне грек ой-пікірін аяқтады. Ал мұның өзі Көне 
Заманның тарихи мүмкіншілігінің (кұл иеленушілік қоғамның) сарқылғанын, жаңа 
ой-өрісіне өрлеу керектігін қажет етті. 
Бұл жаңа талапқа сай келген Орта Ғасырларда пайда болған тамаша философия 
діннің шеңберінде пайда болған сенім философиясы еді. Келесі тарауда соны 
талдауға көшеміз. 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар 
Философияның дүниеге келуінің қандай себептерін айтар едіңіз? 
«Кіндікті уақыттың» ерекшелігі неде? Даоның екі мән-
мағынасын көрсетіңіз. 
Қытай философиясындағы болмыс пен бейболмыстың ара-қатынасы кандай? 
Даоны сезімдік жолмен танып-білуге бола ма? 
Даосизмнің этикалық – саяси көзқарастарының ерекшеліктері қандай? 
Конфуцийдің «алтын ережесін» есіңізге түсірініз. Конфуцийдің «бес 
тұрақтылығын» атаныз. 
«Цзюн цзы» (ізгі адам) мен «Сяо-жень» (надан адам) айырмашылығы неде? 
Конфуций оқу мен ой елегінің байланысын қалай түсінеді? 


Нуржігіт Алтынбеков 
120 
«Фа-цзя» мектебі адамның табиғатын калайша түсінеді? 
Үнді мифологиясындағы «Сансара», «Карма», «Мокша» ұғымдарының 
мағынасын көрсетіңіз. 
Каста дегеніміз не? 
Апариграха дегеніміз не? 
Джайнизм ілімінде адам кімді жеңуі керек? 
Ахимса дегеніміз не? 
Буддизм деген ұғымның мәні неде? 
Зардап шегудің себептері неде? 
Нирванаға қалай жетуге болады? 
Үнді философиясындағы материалистік көзқарастардың ерекшеліктері неде? 
Грек мифологиясындағы Құдайлардың атын айтыңыз. Гректің «Жеті 
Данасының» қандай нақыл сөздері есіңізде қалды? 
Алғашқы грек натурфилософтарының атын атаңыз. 
Апейрон дегеніміз не? 
Гераклиттің «Логосы» деген не? 
Парменидтің «Болмыс» дәлелдемесін көрсетіңіз. 
Зенонның қандай «апорияларын» білесіз? 
Эмпедоклдың «Сүйіспеншілік», және «Жаугерлік» күштері ғарышта қандай роль 
алады? 
Демокрит дүниедегі қажеттілік пен себептікті неден шығарады? 
Софистиканың бетбұрысын қандай философиядағы мәселеге теңеуге болады? 
Протагордың «Адам барлық заттардың өлшемі» деген нақыл сөзін қалай 
түсінесіз? 
Сократтың «ирония» мен «маевтикасын» қалай түсінесіз? 
Платонның «идеялар әлемі» дегеніміз не? 
Платонның «анамнезис» теориясының мағынасы неде? 
«Платондық сүйіспеншілік» деп нені айтамыз? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет