Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет100/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
117 
- адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл Дүниеден кетуі. 
Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын 
болған. Дүние шығармашылык алғашқы оттан пайда болып, уакыты өткеннен кейін, 
лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде 
келіп, тағы да жанып кетеді, ол — мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық 
жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және 
барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам 
өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады.. 
Скептицизм 
Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм. 
Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние жөніндегі білім
заңдылыктардың ақиқаттылығын теріске шығарады, бәріне күмәнданады. 
Скептицизмге карсы тұрған ілім - ол догматизм (dоgmа -ілім), ғылымда ашылған 
белгілі теорияларды өзгермейтін, абсолютті ретінде карау. 
Егер скептицизм ағымын осы сөздің мағынасы арқылы түсінгіміз келсе, онда 
бүкіл философияны осы ағымға жатқызуға болады, өйткені бұл пәннің саласында 
бірде-бір бүкіл ғылым қауымы мойындаған ақиқат жоқ. Әртүрлі философиялык 
ағымдар Дүниенің ең жалпы сұрақтарына өзінше жауап береді. Философиялық 
дүниетаным өте күрделі де қиын, болмыс әлі көп құпияларын өзінің бойында 
сақтап жатыр, әрбір ұрпақ үлкен ізденіс пен толғау арқылы өзінің дүниетанымын 
тереңдете түседі... 
Ал бірақ танымның қиындығын скептицизммен теңеуге болмайды. Скептицизм 
барлык дүниетанымға күмәндану, танымның ақиқатқа жетуге болатыньш теріске 
шығарған кезде ғана дүниеге келеді. 
Скептицизмнің түп-тамыры Софистика мектебіне кетеді. Протагорды еске 
түсірейік. «Әр зат жөнінде кемінде екі қарама-қарсы пікір айтуға болады», - дейді ол 


Нуржігіт Алтынбеков 
118 
кісі. Ал мұның өзі скептицизмге жол ашады. 
Қазіргі таным теориясьшдағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі да 
белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.Скептицизм бағытының ірі тұлғасы - 
Пиррон (360-370 б.ғ.д.).Пиррон жазылған еш нәрсе калдырмаса керек. Ол өзінің 
ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу, ия түрсіз 
деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оныңойынша, ақиқат жоқ, ал 
адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Затгар сезіммен де, ақыл-оймен де 
танылмайды, сондықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа 
жеткізбейді.Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді. 
«Еш нәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі тіршіліктердің 
бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне 
зиянды; әртүрлі адамдар да, заттардан әртүрлі әсер алады. Белгілі бір нәрсе адамның 
әртүрлі түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (күннің сәулесі көзге жарық болып, 
денеге жылылык әсерін тигізеді). Адам өзінің жан-дүниесінде әртүрлі жағдайда 
белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әртүрлі баска құбылыстармен бірге 
кабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып көрінеді; белгілі бір тұжырымға екінші 
оған қарсы пікірді айтуға болады және олардың біреуі екіншісінен гөрі ақиқатқа 
жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың колында». 
Олай болса, адам еш нәрсенің ақикатын білмегеннен кейін, олар жөнінде 
ешқандай тұжырым жасаудан аулақ болуы керек. 
Пиррон жөнінде мынандай аңыз қалған. Кемемен теңізде жүзіп келе жатканда 
үлкен толқындар пайда болып, адамдардың көңіл-күйі түсіп кетеді. Бірак Пиррон 
айналаға самаркаулыкпен қарап, адамдарға кемедегі тамақ күйсеп жатқан торайды 
көрсетіп: «Неге қорқасыңдар, осы торай сияқты еш нәрсеге алаңдамай, өздеріңді дана 
адамға ұқсас сиякты ұстамайсыңдар ма?» - деген екен. 
Атақты орыс философы А.С.Богомолов: «Скептицизм адамдық дәрежеге сай емес, 
одан төмен тұрған ілім», - деген пікір айта-ды. Өйткені қауіп туғандағы корқыныш 
сезімі адамдыққа лайықты болмағанмен, қорыққан адам ең болмаса өзінің өміріне кауіп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет