Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет111/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
133 
Күнә мәселесіне келер болсақ, манихейліктер ол адамның еркінің ауытқуынан емес, 
ол Дүниенің екінші түнек жағының адамның жан дүниесіне кіруінен шығады дейді. 
10 жылдан кейін Августин манихейлік дінді тастап, көп ізденіс, зардап шегіп, 
ақырында Христиан дінін қабылдап, өмірінің соңында осы діннің үлкен тұлғасына 
айналады. 
Августиннің негізгі философиялык еңбектері: «Құдай қаласы жөнінде», «Сыр шегу», 
«Академиктерге карсы», «Жанның өлместігі» т.с.с. 
Августиннің шығармашылық жолында оның христиан дінін өтуі және оны бүкіл 
жүрегімен, жан-тәнімен қабылдауы үлкен із қалдырды. 
Егер жас кезінде ол ақыл-оймен дүниені тану - ең биік жетістік, ал диалектика - 
ойлаудың ең негізгі кұралы деп есептесе, Христиан дініне өтіп, оны іштей қабылдағаннан 
кейін, оның философиясында негізгі орынды Құдайға сену алады. Сенімнін арқасында 
пайда болатын «ішкі сәуле» анағұрлым биік санала бастайды. 
Бірақ, Августиннің ойынша, сенім ақыл-оймен қайшылыққа келмеуі керек. 2 
ғасырда өмір сүрген Тертуллианның: «Сенемін, өйткені абсурдты», яғни ақыл-ойға 
сыймайды, қарсы келеді», - деген пікірін Августин қабылдамайды. Керісінше, ой 
елегінен өткізілмеген сенім - сенім болмайды. Ақыл-ой аркылы адам өзінің Құдайға 
деген сенімін әрі карай нығайтуы керек. Сонымен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-
бірі толықтырады. «Сенемін тусіну үшін», «Тусінемін сену үшін» деген көзкарасқа 
жол ашылады. 
Августин «Сені шақырамын, Құдай - ақиқат, сенде, сенен, сенің арқаңда 
барлық ақиқат - ақиқат. Құдай - дана, сонымен, содан, сол арқылы даналыққа 
жететіндер жетеді. Құдай - зерделі сәуле, сонымен, содан, сол арқылы кайсыбір 
зерделі сәуле жарқырайды», - деп толғанып айтады. 
Адам мәселесі 
«Адамдар алыс жолға шыкқанда қалайша таудың биік шыңына, қаһарлы теңіз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет